10.05.2021
  199


Автор: Ардақ Жолдыбаева

Орныңыз тұғырлы

Болса да қу түлкідей, заман қарға,
Сенім мейлі кете берсін адамдарға
"ҚАРЫНДАСЫМ" деп мені сыйлайтұғын
Қуанамын өзіңіздей ағам барда!

Сөзі жалын, өлеңі тең алмасқа
Қазағымда бір туатын марғасқа!
Бұл кім өзі деп ойланып отырма
Əн арнадым ƏЛІМҒАЗЫ ЖАЛҒАСҚА

Келсе де азуымды білей бергім
Айтыста қасқырлардан үрейлендім
"ПОЭЗИЯ" сенің жолың дегеннен соң
Жотасына шыққым бар биік өрдің

Дүбірлі ақын жүрседағы көшінде
Ақын сөзі талайлардың есінде
Шабытыңды шыңдау үшін алдымен
"КІТАП ОҚЫ" дегеніңіз есімде!

Болсын ағам бақытты əрі ғұмырлы
Арамызда жүрсе екен боп үлгі
Ағатайым жадырап жүр, мұңайма
Бек білерім: "ОРЫНЫҢЫЗ ТҰҒЫРЛЫ"





Пікір жазу