10.05.2021
  237


Автор: Ардақ Жолдыбаева

Түнгі сарын...

Сағым дала...
Бара жатыр бұлт көшіп, сағым аға
Түс көріп отырмын ау тағы жаңа
Жетпейді екен өзіңе сонау баға

Елестей ме?
Елесіңе ешбір жан ілеспей ме?
Ерте көктем лебінің ермегіндей
Салқын самал сенімен егеспей ме?

Сезім дара...
Сездіре алсаң бағыңмын сенің ғана
Күресуге қарашығым дəрменім жоқ
Тұсауланған құлынмын таққан таға

Ауыр дерт қой...
Көздеріме елестеп, жетпеген ой
Жүрек үні əуенін шертпеген ғой
Сол үшін де жарығым кектенем ғой

Түнгі сарын...
Сен дегенде өшпейді ешбір жалын
Ех... жүрегім тыншымайды бір сəтке де
Тыныш етер ақымақ ау сенсің дəрім





Пікір жазу