10.05.2021
  340


Автор: Ардақ Жолдыбаева

Руға бөліну жайлы

Руымызбен несіне мақтанамыз.
Дейді ме мақтанышпен бақ табамыз.
Қазағына бір пайдасы тимеген соң.
Руын айтып өзінше ақталамыз.

Ойдан тіпті құрастырып, жазып аңыз.
Əулие деп кейбіріне шаттанамыз.
Бірін бірі руға бөліп жатқан қазақ.
Бірлесіп қалай жұмыс атқарамыз.

Білмейтін жастарым көп шындығыңды.
Еліктегіш корей ме ед, сыған, үнді
Руыңды біл, бірақ та бөлінбейік
Ардағың жырлап жүрер бірлігіңді





Пікір жазу