10.05.2021
  198


Автор: Белгісіз

Өмір

Жалғанда мынау қанша мың
Әсемдікке тамсандым
Күпірліктен аулақпын
Шүкіршілік әр таңым

Тайсалмай қиын небірге
Жаманды алмай көңілге
Әр атқан таңға ризамын
Өкінішім жоқ өмірге

Көңілдің бүтін жалауы
Маздайды, шырақ алауы
Тосамын қандай сый болсын
Алланың бәрі қалауы.





Пікір жазу