10.05.2021
429
Әкешім
Әкетайым!
Әкетайым, сен менің асқарымсың,
Қол жетпейтін биіктегі аспанымсың.
Тұңғышыңыз сізге өлеңді арнап өтер,
Ол үшін алынбайтын асқарсыз.
Әкетайым, сен менің-ардағымсың,
Жел тұрса да алынбайтын қорғанымсың
Разымын мен АЛЛАға дәл өзіңдей
Әкесінің қырсық қызы болғаны үшін.
Әкетайым, сен менің-өр тұлғамсың,
Қызың десе, майысып морт сынғансың,
"Темір адам " болғың кеп көрінсе де
Мен үшін тек жүрегі жұсақ жансың.
Әкетайым, сен менің жүрегімсің,
Алынбайтын тас қамал тірегімсің.
Ауырмашы жан әке ұзақ жаса,
Отбасының сен әке жүрегісің.