Аяулы ұстазым
Аллаһқа шүкір айтам ұстазым бар,
Білім берем деп жүрген ұстаным бар.
Екінші менің анашым жан ұстазым,
Менің сізге әлде ұқсағым бар.
Бала кезден онды-солды үйреткенсіз,
Жақсы жолға шақырып сүйреткен сіз.
Кей-кездері іш пысса шақырып ап,
Сырлас болып әңігмені күйреткенсіз.
Шаршатқан сізді ұстаз жиналыспа,
Түскенсіз ұстазым-ау жиналысқа.
Балалармен қорғаған анасындай,
Қорғаушы еді ұстазым жиналыста.
Мақтан тұтам сіздей дана ұстаз болам,
Жеткенінше үйретер мына санам.
Шәкіртімғой деп мақтап жүретұғын,
Сіз секілді қамқоршы ұстаз болам.
Талай қызық мектепте өткен еді,
Бақытты жан біздерді еткен еді,
Жыласақта бірге жылап арасында,
Ұстазым-ау сізге ешкім жетпеп еді
Арқаңызда жол таптым өмірдің сынағынан.
Шешуші жоқ бұл тағдыр сұрағынан.
Білесізбе анашым-ау дара туған,
Ұстазым қымбат жансыз мына маған.