meta charset="utf-8"> Қазақша портал

  10.05.2021
  422


Автор: Ғафу Қайырбеков

Көк дәптер

Көк дәптер ақын қолы шимайлаған
Арқандай әр қазыққа жыр байлаған,
Үзілген түрлі ағаштан
Жапырақтай
Кітаптың сүйегіне сыймайды әмән.
Бұл жолы рет тауып, қоя бердім
Күйімен шала-шарпы бір қайнаған,
Ақын да бір сәби ғой, кеш, оқушым,
Өлеңнің сәулесімен күнде ойнаған.





Пікір жазу