Түсініктеме
«Заман біздікі». (Январь, 1942 ж.) Алдымен орыс тілінде жазылып, майдандық газеттердің бірінде жарияланған. Біздің топшылауымызша, 10-Армияның «Бей врага!» газетінде жарық көрген болу керек.
«Орысша жазып, кейін қазақшалап едім, кейбір сөздер жетпей жатыр,— деп жазды Баубек Мұқанға 1942 жылғы 20 июльдегі хатында. — Әрине, бұл хаттың жолда да біразырақ жүретіні белгілі, передовойдан тылға, тылдан жақын жердегі бір қалаға, онан Қазақстанға барғанша көп өлеңдер жырланып бітеді ғой. Бірақ жағдай болса жіберіп отырған мақаламды тезірек басуға тырысарсыңдар...
Біз бомбаның түсіп жарылған жерінде пайда болған шұңқырды «воронка» дейміз орысшалап, қазақша «шұңқыр» болу керек. «Огонь» деген сөздің мықты қазақша баламасын таба алмай-ақ қойдым. «Оқ ат!» «Ат!» — деп көріп едім болмай жатыр. Соның әлегінен «Заман біздікі!» — деп шақырдым азанын. Келісе ме, келіспей ме?»
Осы хатқа қоса Баубек казак. тілінде жазылған «Заман біздікі» мақаласының қолжазбасын жіберген. Жайында ол табылды, біздің қолымызда. Ал орыс тіліндегісі «Бей врага!» газетінің Ленин атындағы бүкіл одақтық кітапханада және СССР Қорғаныс министрлігінің Орталық архивінде сақталып отырған 1942 жылдың январь - июль айларының тігінділерінде көптеген сандары жоқ болғандықтан әлі де табылмай отыр.
Баубектің бұл туындысы «Социалистік Қазақстанның» 1942 жылғы 25 авгусындағы санында қысқартылып басылды, кейін «Заман біздікі» осы қалпында 1943 жылы жинақта шықты. Бұдан соңғы үш жинақта түгел дерлік жарияланып, соңында орысшадан аударған Ғабит Мүсірепов деп көрсетілді.
Біз жинақта Баубектің қазақ тілінде жазылған «Заман біздікі» атты мақаласын жаңадан табылған қолжазбасы бойынша жариялап отырмыз.
«Өмір мен өлім туралы. Майдандағы жас қазақтың жазбалары».
Алғаш рет орыс тілінде «Комсомольская правда» газетінің 1942 жылғы 1 майындағы, казак, тілінде «Социалист Қазақстан» газетінің 1942 жылғы 23 июніндегі санында жарияланды. Автордың қолжазбасы ВЛКСМ Орталық архивінде, ал оның фотокөшірмесі бізде сақталып отыр.
Қазақ тіліне аударған Ғабит Мүсірепов.
«Тыңда, Кавказ!» Апрель, 1942 жыл. Алғаш рет орыс тілінде «Комсомольская правда» газетінің 1942 жылғы 23 авгусындағы санында, ал қазақ тілінде «Социалистік Қазақстанның» сол жылғы 6 сентябрьдегі санында жарық көрді. Аударған Ғабит Мүсірепов.
«Сапердің дзотты тапсыру кезінде жаяу әскерге жолдаған хаты». 1942 жылдың авгусында жазылған. Алғаш рет орыс тілінде 10-армняныц «Бей врага!» атты майдандық газетінің 1942-ші жылғы 23 августағы санында жарияланды, ал казак, тілінде «Лениншіл жас» газетінің 1975 жылғы 5 мартындағы санында жарық көрді. Аударған Сейілхан Асқаров.
«Шығыс ұлына хат». Мұны Баубек Бұлқышев орыс тілінде жазып 1942 жылы 30 июньде «Комсомольская правда» газетіне жіберген, бірақ онда жарияланбай, «Совет жастары Ұлы Отан соғысында» атты көрменің архивінде сақталған. Бүл қолжазба алғаш рет «Ленинская смена» газетінің 1977 жылғы 5 майындағы санында жарық көрді.
Б. Бұлқышев, 1942 жылғы 7 ноябрьде Мұқанға жазған хатында: «23 августа «Социалистік Қазақстанға» үш өлең, бір «Шығыс ұлына хат» деген мақала жіберіп едім, алдыңдар ма? Басылатын ба? Маған жаз», — дейді.
Бұл «Социалистік Қазақстанның» 1942 жылғы 1 ноябрьдегі санында үзінді ретінде жарияланған,. қолжазбасы сақталмаған. Мұны орыс тіліндегі түпнұсқамен салыстырған шақта, оны Баубектің өзі қазақ тілінде жазғаны байқалады. Бұған «Социалистік Қазақстандағы» туындының Баубекке ғана тән, сөз екпіні, сөйлем құрылысы, терең ойлы тұжырымдары, сондай-ақ орыс тілінен аударылса, кімнің аударғаны көрсетілмеуі толық дәлел. Баубектің бұл шығармасы оның жарық көрген барлық жинақтарында Ғабит Мүсірепов аударды делініп жүр.
«Өмір сүргім келеді». Майдангер жас, қазақтың хаты. 1942 жылдың сентябрінде жазылған. Алғаш рет орыс тілінде «Комсомольская правданың» сол жылғы 5 ноябрьдегі санында, қазақ тілінде «Социалистік Қазақстанның» 29 ноябрінде жарық көрді. Аударған Ғабит Мүсірепов.
«Жауыздық пен махаббат». 1943 жылдың июль-авгусінде жазылған, қазақ тілінде «Социалистік Қазақстанның» сол жылғы 19 октябрьдегі санында жарияланды да орыс тілінде «Думы над старой картой» деген тақырыппен «Комсомольская правданың» сол жылғы 12 декабрьдегі санын'да басылды.
Осыған орай, Баубектің 1943 жылғы 19 августа Мына аптада жазған хатындағы: «Айтқандай-ақ, әнеугі «Жауыздық пен махаббатты» бір құрдас туралы демей, достық туралы хат деп жібер», — деген сөзін еске алған жөн.
Осы публицистикалық туындының стиліне, тіліне, сөйлем құру екпініне, сондай-ақ 1943-ші жылдың 24 сентябрінде Мұқанға жазған хатындағы «Әнеугі «Жауыздық пен махаббатты» көшіріп бір данасын жібер, оны орысшалап «Комсомольская правдаға» жіберем», — деген сөздеріне қарағанда Баубек бұл шығармасын ана тілінде жазып, «Социалистік Қазақстанға» жіберген.
«Қымбатты украин қызы». Майдангер жас қазақтың хаты. Бұл — Баубектің орыс тілінде жазып, 1943 жылдың 21 декабрінде «Комсомольская правдаға» жіберген ең соңғы туындысы. Өзі көп ұзамай 1944 жылдың февралінде ерлікпен қаза болды. Бұл шығарма кезінде жарияланбай, «Совет жастары Ұлы Отан соғысында» атты көрменің ВЛКСМ Орталық архиві қорында біз іздеу салғанша сақталып келді. Алғаш рет орыс тілінде «Ленинская смена» газетінің 1976 жылғы 9 ноябріндегі санында жарық керді. Аударған Сейілхан Асқаров.