09.05.2021
  444


Автор: Баубек Бұлқышев

Өмір сүргім келеді

Мен өмірде бірінші рет ай Жарығында хат жазып отырмын. Қағазға қаз-қатар түскен жолдар жақсы көрінсе де, қайта оқып шығу қиын-ақ. Сондықтан шалғай тұрған сөздерді өзгертіп, қатесін түзеуге болар емес. Қатем болса өкпелемей, олпы - солпысын өздерің түзетерсіңдер деп ойлаймын.


Бүгінгі айлы түн ерекше жақсы. Мұндай қоңыр күзде сирек кездесетін түн. Мен айлы әсем түндерді көп көріп ем, ал ертеңгі айқас алдындағы мына түн тіпті таң қалдырды. Айқасқа кірер алдында дүниемнің бәрі де өзінің дәл қалпынан анағүрлым әсем көрінеді, өзің де күндегіңнен өзгеріп кеткендей көрінесің. Ұйқың келмейді. Бірдеме істегің келеді. Не айғай салып, не тіпті мылтық атқың келетіндей. Атысқа дейін әлі уақытым болғандықтан мен, міне, хат жазып отырмын. Кейде жазған жазудың да оқтай атылатын кезі болады.


Біз таң ата шабуылға шығамыз. Немістер түйдектелген күшін, танкісін дәл біздің үстімізге қарай аударып жатқанын барлаушылар анықтап келді. Олардан бұрынырақ қимылдап, ойлағандарын істетпей тастау керек. Сонымен фашистер алып отырған қалаға біз таң ата атака жасаймыз. Алдымызда қанды сұрапыл ұрыстар тұрғанын білеміз.


Жолдастарым қазір дем алып жатыр, көбінің маған ұқсап ұйықтамай, ояу жатқандарын да білем. Мүмкін ойға шомған болар. Олар көп нәрсені ойлайды. Ұрысқа шығар алдында ылғи осылай жаңа бір дүниенің құшағына кіргендей болатын әдетің. Менің ең жақын жолдастарым — Федя мен Вася да ұйықтамаған. Немене жазып отырсың деп, менен бірнеше рет сұрасып еді, мен үндемедім. Вася ақырын ғана:


— Тап қазір не ойлағаныңды айтшы? — деп Федяға жабысып жатқанын мен де естіп отырмын. Федя оған:


— Рая екеуміз қандай жақсы тұратын едік... — дейді. Вася үндемейді. Ол да езінің сүйген жарын есіне түсіріп отырғанын мен жақсы білем. Тап солай екен. Miнe, ол:


—Федя, Сашадан хат алдым. Тағы да ұлымыз туралы жазады, — деді. Васяның баласының жайы менің есіме түсіп кетті. Вася мен Сашаның, тұңғыштары сол, әрі ақылды, әрі ажарлы бала екен. Екі жастың тым жақсы көретін ұлдарын немістер өлтіріп кетіпті. Содан бері Саша еріне жазған хатының бәрінде де: «Фашистерді аямай қыр, шамаң келгенше көбірек қыр», — деп жазады.


Біз едәуірден бері достасып келеміз. Майданда кездессек те әлдеқашаннан бергі байырғы достар сияқтымыз. Федя — орыс, Вася — белорус, мен — қазақпын. Неше рет атакаға бірге кірдік, неше рет бір шинельдің acтындa бірге жаттық. Неше рет жақсы көретін аспазымыз Абдулхайым пісірген тамақты бір тостақпен жедік.


Достарым үндеспей қалды, әрқайсысы ойға шомып кетті білем. Майдандағы үлкен семья — жаны бір достар семьясыз еткен өмірін ойымен барлап, өзіне-өзі есеп беріп дем алып жатыр. Бұл — шабуыл алдындағы тыныс.


Тыныштық. Жел үнсіз, жапырақ тілсіз, құстар әнсіз, дүние түгел қалғығандай. Атылған оқ, жарылған бомбы гүрсілі де естілмейді. Ғажайып бір үнсіздік; тым-тырыс, қан майдан алдындағы тылсым тыныштық.


Міне, мен кішкене өмірімді тағы бір шолып, әр күнімді тексеріп, алыстан бастап, дәл бүгінгі түнге жеттім. Көз алдымнан өзіме сонша ыстық жиырма жылдық өмірім өтті. Біріне-бірі жалғасып келіп, біріне-бірі айқайлап жатқан әдемі шақ, қымбат күндер жүрегіңді жүз жаралап, сол күйінде қайтадан есіңе түседі. Бір тізбегі — ескі жылдық бақытты шағың, бала кезің; одан соң оқумен өткен он жылың, одан кейін — армия, майдан. Шынымды айтқанда менің өмірім қазақтың жас жігітінің өмірі — жаңа ғана басталды.


Міне, тап бүгінгі түнде, таңертеңгі ұрыс алдында, туған елім мен барлық халқыма, тіпті барлық адам баласына: «Мен өмірден алатын еншімді әлі алғаным жоқ, мен өмірді қатты сүйемін, менің өмір сүргім келеді», — деп бар даусыммен айғайлағым келеді. Мен мұны ертең мені өлтірер - ау деп қорқып айтып отырғаным жоқ. Жоқ, Федя мен Вася жолдастарым сияқты мен де аянбаймын. Мен соғыстың барлық қауіп-қатерін де білемін, нар тәуекелге нені салып отырғанымды да білем. Мен үшін ертеңгі күннің ерекшелігі де осында.


Горький: «Адам деген — айбарлы үн», — деген. Мен атысқа сол адам болып кіргім келеді. Мен жиырмасыншы ғасырдың биік белінде, асқар шыңында тұрған адаммын. Софоклдан Ленинге дейін, Гомерден Горькийге дейін, Бахтан Шостаковичке дейін адам баласы ұзақ өмірі үріп, ғасырлар бойы мәдениет байлығын жасап келеді. Сондықтан біз... адам баласының. ен. бір бай ұрпағымыз.


Біз бұл бай мұраны қашан да қасиеттеп ерекше сүйіп, қорғап келдік. Біз оны жанымызбен де, жүрегімізбен де айрықша бағалаймыз. Бүл мұра әсіресе қазақ елі үшің бағалы. Талай ұмытылмас ұзақ түндерді мен кітаппен өткізуші ем. «Илиададан» бас көтермей, Бальзактың көп томды «Адамшылық комедиясына» батып кететін едім. Толстойдың бізге бергенінде есеп бар ма!


Даңқың зор, орыс әдебиеті, мен сені мадақтаймын! Мені тәрбиелеп өсірген сенсің. Осы мынау ауыр күндерде Андрей Болконскийді, Тарас Бульбаны, Павел Власовты есіне алмайтын кім бар екен! Жалғыз солар ғана ма еді!..


Біз поэзияны сүйетін едік. Бос уақытымызды философияға бағыштайтын едік. «Адам жүрегімен сөйлескің келсе — музыканы үйрен», — деген сонау бір композиторға біз неше рет алғыс айттық екен! Біз музыканы жүрегімізбен тыңдаушы едік, біз Шостаковичті тыңдағанда желпініп, көтеріліп кетуші едік. Біз оның жетінші симфониясын әлі ести алған жоқпыз. Оқасы не, оны тыңдайтын уақыт та алыс емес шығар.


Иә, біз білімге тоймайтын адамдар едік. Біз қол бос болғандықтан, іш пысқандықтан емес, білімді болу үшін оқитынбыз. Адам баласы жасаған ұлы мұраны біліп алып, мұраға мұра қоса алатын мәдениетті адам болу үшін оқитынбыз. Біз оны істей аламыз, мұраға мұра қоса аламыз.


Осы түнде Федя Раясын ойлайды, орыстың әдемі әйелін сағынады. Вася белорус қызы Сашасын ойлайды. Мен де өзімнің сүйген қызымды ойлаймын. Шығыс қызы Жаннаны сағынам: Жаным Жанна, сен тіпті алыстасың. Бірақ суретің қалтамда, комсомол билетімнің арасында, менің жылы құшағымдасың. Жүрегімді сенің адал махаббатың жылытады.


Жанна, сен қайдасың қазір? Мүмкін екінші сменаға қалып, дәл қазір соғыс заводында жұмыс істеп тұрған шығарсың? Маған оқты көбірек құйып берудің жолында шығарсың. Мүмкін ұзақ түн оқ құйып, қазір ұйықтап жатқан шығарсын,? Түсіңде өзің құйған снарядтардың немістерді қалай талқандайтынын көріп жатқан шығарсың?


Тыныш ұйықта, жаным! Ұйқың бұзылмасын деп, күзетінде біз тұрмыз мұнда. Мен оқымысты болуды арман етуші едім. Қазіргі күнде сені қорғайтын, өзіміздің Шығысты қорғайтын, өзіміздің Отанды қорғайтын солдатпын. Таңертең соғысқа кіргенде есімде сен боларсың, елім болар.


Менің өмір сүргім.келеді. Жанна, білемісің, соғыста өлу деген қиын жұмыс емес. Көп адамдар: «Отан үшін өлеміз», — дейді. Керек болса, Москваны қорғап өлген біздің 28 бауырлар сияқты өлеміз Отан үшін. Бірақ біз, оған солдаттары: «Отанымыз үшін өмір сүргіміз келеді!» «Фашистерді қырғымыз келеді!» — дер едік.


Менің өмір сүргім келеді. Бірақ фашист неміспен бірге өмір сүре алмаймын. Фашисі бар дүние тар мен үшін. Адам мен аң бір бөлмеде тұра алмайды. Бір жердің үстінде фашист неміспен бірге жасай алмаймын мен. Біз Шиллерді, Гетені сүйетінбіз, біз оларды қазір де жақсы көреміз. Біз қанқұмар емеспіз. Бірақ мен Германия жастарының арасында Вертер сияқты біреуін де таба алмадым. Оларда жүрек жоқ.


Фашист немістер тіпті солдат та емес. Суворов «Солдат — талаушы емес», — депті. Мен мұны азырақ қана ауыстырып: «Талаушы — солдат емес», — дер едім.


Неміс фашисі! Сен біздің ғасырдың қылмысты жанысың. Сені бүкіл ел қарғайды! Сені кейінгі ұрпағың қарғайды!


Привет товарищ Булкишев!


Чудесное письмо Вы нам прислали. Печатаем его полностью, устранив лишь некоторые шероховатости перевода. Пишите нам чаще . Расскажите подробнее о себе - кем Вы работали до войны, как воюете.


Привет Вашим боевым друзьям!


Крепко жму руку.


Зав отделом фронта


Комсомольской правды


«Комсомольская правданың» майдан бөлімінің бастығы Юрий Жуковтың Баубек Бұлқышевқа 1942 жылдың 4 майында жолдаған хатының көшірмесі.


Мұқан Иманжановтың «Лениншіл жастың» 1947 жылғы 9 августағы санында жарияланған «Баубектің хаттары» деген мақаласының фотокөшірмесі.


өрісі ер жеткен мәдениетті ғасырда тап сендей қолына автомат ұстаған қанды қол — баскесер барлығына мен қызарам. Сен біздің ғасырдың қылмысы бетіне басылған қара таңбасысың. Сені, сен сияқты қара таңбаны өшіру үшін мен сені үлгеруім керек, мен сені өлтіремін де!


Біз қашан да гуманист болатынбыз. Біз адамды ерекше сүйеміз де, оның өмірі ең қымбат өмір дейміз. Мен адам өмір сүрсе екен, еңбек етіп, өнерін көрсете алса деймін. Ал ол Адам өмір сүру үшін, сол адам өмір байлығын жасай алу үшін керек нәрсе ол жаңағы айтқаны — фашист! қыру! Осы тілек үшін біз талай құрбан шалармыз, бірақ бұл тілек орындалады да!


Жақын арада мен бір жас ақынның соғыста өлгенін м, ол соғыста батырларша алысты да, батырларша өлді. Өлер алдында есіне Байрон түсіп кетті де, қойын дәптерін баспаға тапсыруға бізге берді. Дүниемен қоштасар кезеңде өлеңдерінің өмір сүруін ойлады, соны медет етті. Оның өлгеннен кейін де өмір сүргісі келді. Ол өмірі - жұрт оқитын өлеңдері.


Біздің өмір сүргіміз келеді. Осыны ауызға тым жиі ала береміз бе, сірә? Жоқ. Менің ойыма Спинозаның бір айтқаны түседі: «Азат адам өзгеден гөрі өлімді аз ойладым: оның данышпандығы өлім емес, өмір туралы ойлардан туады».


Біз ерікті адамбыз, сондықтан өмір туралы көбірек айтамыз.


Өмір деген не? Жаңа туған адам дүние есігін қағып, бірінші баспалдаққа шығады. Оның алдында бұралаңы көп ұзақ жол — өмір жолы жатыр. Адам бір жоғары көтеріледі, біресе төмен түседі, тағы да жоғары көтеріледі. Осы бұраң жолмен асыға ұмтылып, алға басады. Ол Ширақ, ол шат. Ол осы жолының бір жерге жетіп таусыларында біледі. Бірақ одан да қорықпайды. Оған қымбат — сол бұралаңы көп ұзақ жол. Мәңгілік өмір — бір көшке бір көш жалғасып, ұрпақ ауысып, ел жаңарып отыратын сол ұзақ жолда.


Мен жиырмадағы совет жасымын. Мен өмір жолының біразын жүріп тастасам да, алдымда талай қыр бар. Менің алтын жолым жиырмасыншы ғасырдың биік қырқасынан асып, алға қарай, жоғары қарай тартып барады. Ол жол менің ұлы Отанымның далаларынан етеді. Жан-жағымда сен сияқты миллиондаған совет жастары. Олар да ез жолдастарымен кетіп барады. Бірақ бәрінің жолы да сол биікке, сол алға тартып жатыр.


Міне, менің қалам, университетім, менің сүйетін Жаннам. Мен сендерге соғыс өртін қақ жарып етіп келе жатырмын. Әрі асығам. Әрі алқынам. Мен сендерге жеткім келеді. Бірақ дәл жолымда көлденең тосып, автомат ұстаған неміс тұр. Ол мені өлтіргісі келеді. Ол менің жолымды бөгемек болады. Мен сақ болмасам, ол мені өлтіреді де. Онда ол менің барлық туған-туысқандарымды да өлтіреді. Қаламды қиратып, университетімді талқандайды.


Менің туысқандарым өз тағдырларын маған тапсырды. Ол тағдырға мен жауаптымын. Сол жауапты бере аламын да.


Шығыстан тан атып келеді. Түнді күн жеңіп таңертеңгі алагеуім бола бастады. Қазір: «Тұрыңдар!»—деген белгі беріледі де, дос-жолдастарым түгел түрегеледі. Хатты тез аяқтап майданға жөнелу керек, өзіңнің борышыңды өтеу керек. Жанна жаным, қош бола тұр көріскенше! Мен фашисті өлтіруге жөнелдім.


Батыс майдан, 1942 ж. Октябрь





Пікір жазу