Большевик жазушы
(А. С. Серафимовичтің туғанына 76 жыл толуына)
Орыс пролетариат әдебиетінде Алексей Максимович Горькиймен қатар шыққан зор талантты жазушының бірі — А. С. Серафимович. Ол пролетариаттың, пролетариат революциясының туын көтеріп, жырын жырлаған, адам баласының ежелгі жауына — капитализмге қарсы шыққан жалынды жазушы.
1933 жылы январьдың 20 күні қарт большевик жазушының 70 жасқа толуына байланысты юбилейі өтті. Жазушының сол юбилейі қарсаңында Москва - Қазан темір жолының жұмыскерлері жазушы Серафимовичке:
«Біздер, Москва - Қазан темір жолының жұмыскерлері, жолдас Серафимович, сіздің туғаныңызға 70 жыл толуы қарсаңында пролетариаттық жалынды сәлемімізді жолдаймыз. Пролетариат жазушысы, сіз талантты қаламыңызбен 40 жылдан астам уақыт жұмысшы табының пайдасы үшін қызмет істедіңіз. Тұманды реакция жылдарында жұмысшы табының езілгендігін және қаналғандығын сіз жақсы сипаттап бердіңіз.
Сонымен бірге, буржуазияға және буржуазиялық қоғам құрылысына қарсы жұмыскерлердің жүрегіндегі кектілі отын тұтатқан да сіз болдыңыз», — деп хат жазған еді.
Бұл — большевик жазушыны бүкіл еліміздің кұрметтейтіндігін, оның еңбегін ерекше бағалайтындығын, көркем әдебиеттің социалистік құрылысқа дем беріп отырғандығын көрсететін айқын факты.
Қарт жазушы Серафимович 70 жасқа толғанда, большевик жазушының еңбегін бағалап, СССР Орталық Атқару Комитетінің Президиумы оны Ленин орденімен наградтады.
Халықтың сүйіспеншілігіне бөленген, орденді большевик жазушы Серафимович 1863 жылы 19 январьда Ростов облысындағы Нижне - Курмоярск станциясында туған. Оның әкесі әмірін полктерде, кеңселерде қызмет істеумен өткізген.
Серафимович 12 жасқа шыққанда оның әкесі қайтыс болады. Бұл кезде ол гимназияда оқып жүрген. Тұрмысы ауыр болса да, ол гимназияны бітіріп, 1883 жылы Ленинградтағы университетке түседі.
Ол өзінің әдеби қызметін бұрынғы Архангельск губерниясындағы Мезен деген жерде айдауда жүргенде бастайды. 1887 жылы патша үкіметі Серафимовичті III Александрге қарсы шыққан,Ульянов бастаған халықшылдармен бірге жер аударады. Соңынан, патша үкіметінің жарлығы бойынша, Донға келіп, онда 1902 жылға дейін тұрады.
Оның бірінші енбегі 1889 жылы жазған «Мұз үстінде» деген шығармасы, онан кейін «Кек», «Стрелочник», «Кішкентай шахтер», «Семишкура», «Никита», «Жер астында», «Жұмысшы күні» сияқты әңгімелерін жазды.
Серафимович бұл шығармаларында жұмыскер мен шаруаның сол кездегі бастан кешірген ауыр халін айқын көрсетеді, олардың қоғам құрылысына қарсылықтарын, патша үкіметінен көрген зорлық - зомбылықтарын көркем суретпен, өткір тілмен айтып береді.
1905—1907 жылдары Серафимовичтің творчествосының жаңа дәуірі басталады. Ол осы кезде жазған шығармаларында пролетариаттың оянған таптық сана - сезімін, олардың езуші тапқа қарсы қозғалысын ашық суреттейді. Жұмысшы табын жаңа өмірге, социализм жолындағы күреске шақырады. Өзінің «Таң» деген шығармасында деревнядағы революциялық істі суреттейді.
1905 жылы жазған «Қырдағы қала» деген шығармасында Серафимович өзінің реалист жазушы екендігін көрсетеді. Ол мидай жазық, кең далада капиталистердің салдырған завод, фабрика, қалаларының, қиқы - жиқы тартылған темір жолдарының есуін, оларда істеген жұмысшылар екендігін, капитализмнің ішкі қайшылығын, олардың қанаушылығын әшкерелейді, жұмысшы табының тарихи рөлін көркем сөзбен көрсетеді.
Қазіргі фашистік Германияда еврейлерге жасалып отырған жауыздық халықтың түрмесі болған ескі Ресейде де болды. Әсіресе 1905 жылғы революцияның кезінде патша самодержавиесі ұлт - ұлттың арасына от салумен, бірін-біріне айдап салумен катар, Одессада, Кишиневте, Ростовта, Донда, тағы да басқа Ресейдің оңтүстік қалаларында еврей халқына жаудай шапты.
Патшалық самодержавиенің бұл айуандық саясатын пролетариаттың жалынды жазушысы А. С. Серафимович өзінің шығармаларында аяусыз әшкереледі. Ол еврей халқына жасалып отырған қысым туралы «Семьяда», «Өмір ыңғайы» деген әңгімелерін жазды. Соңынан бұл әңгімелеріне қанағаттанбай, патша үкіметінің жауыздығын халыққа сценада айқын көрсету үшін «Қабырғадағы қыз» деген 4 перделі пьесасын жазды.
Серафимович мұнымен қатар революцияға дейін балалар әдебиетімен көп шұғылданған жазушы.
Ресейде, әсіресе 1908 жылдары, бала еңбегін қанау өте кең өpic алған еді. 15 жасқа дейінгі балалардың еңбегі 100 адамға Германияда 0,2%, Англияда 2,8% келгенде, Ресейде 9,9% келетін еді.
Патша енбек қорғау орны күніне балаларға 9 сағат жұмыс істеуді бекітсе де, іс жүзінде балалар 13—15 сағатқа дейін жұмыс істейтін.
Патша үкіметінің бұл мейірімсіздігіне қарсы Серафимович өзінің «Кішкентай таған» деген әңгімесінде балалар еңбегінің қаналуын, кедей балаларының нашар халін, олардың өмірге көзқарасын өте айқын суреттейді. Балалар еңбегін қорғау, олардың дүниеге көзқарасының проблемасын көтереді.
Серафимович 1918 жылы Коммунистік партия қатарына енді. Бұл азамат соғысының кезі еді, шет ел интервенттеріне қарсы, социализм үшін, халық үшін, рақат өмір үшін, партияның, халықтың ұлдары қолына қару алып майданға аттанды. Соның бірі Серафимович болды.
Ол азамат соғысының майданында жүріп, ұшқыр қаламымен «Правда» газетіне үзбей жазып тұрды. Өзінің туған баласын социализм үшін майданға аттандырды. Жалынды большевиктің баласы қан майданда жаумен алысып жүріп қаза тапты.
Серафимовичтің азамат соғысы кезінде «Революция, фронт және тыл» деген кітабы басылып шықты. Бұл кітабы үндеу, фельетон, статья, очерктерден құралған. Ол — азамат соғысының тарихындағы өшпес асыл документі саналатын алтын қазына.
Большевик жазушыны жер жүзі пролетариатының көсемі Владимир Ильич те зор бағалаған. Ол 1920 жылы 21 майда Серафимовичке жазған хатында былай деді:
«Сізбен жақсы танысып, жиі қатынасып тұру туралы ойымды әлі орындай алмағаныма өкінемін. Бірақ сіздің, және қарындасымның сіз туралы әңгімелері менің сүйіспеншілігімді арттырады. Менің сізге айтқым келгені — жұмыскерлерге, маған сіздің шығармаларыңыз өте бағалы».
Данышпан Лениннің берген бағасы бақытты халқымыздың да бағасы. А. С. Серафимовичтің совет әдебиетінде алатын орны зор. Оның «Темір тасқыны» совет әдебиетінің эпопеясы совет әдебиетіндегі классикалық шығарма, алтын қазына болып саналады.
Жалынды, орденді, большевик жазушы А. С. Серафимовичтің ісі бүкіл жастарымызға үлгі. Оның шығармасы социалистік құрылысымызға дем беріп отырған күшті шығарма. Сондықтан да оны бүкіл халқымыз, бүкіл жастарымыз сүйіп оқиды, ол — совет көркем әдебиетінің үлкен тұлғасы, үлкен мақтанышы.