Баубектің хаттарына байланысты берілген түсініктемелер
«Адамзатқа хат» жинағын құрастырушылар 168 бетте «Қатира — М. Иманжановтың анасы» деп түсініктеме берген. Бұл дұрыс емес. Бүл кезде Мұқанның әке-шешесі Ұлытауда болатын. Мұны Баубектің 1940 жылғы 12 июньде Мұқанға жазған хатында: «Үй ішің келді ме?» деп сұрауынан білуге болады. Мұнда жерлесі, сол кездегі драма театрының артисткасы Қатира Ақанова туралы айтылып отыр.
1940 жылы 1 мартта Баубек Бұлқышев пен Ғазиз Әбішевті жерлестері мен жора-жолдастарынан тек Мұқан Иманжанов пен Қатира Ақанова шығарып салған.
Жерлесі, 1932-1933 жылдары Қарсақпай мыс заводы жанындағы ФЗУ- да бірге оқыған, Қызыл Армия қатарына бірге шақырылып, 1940 жылдың ноябрь айына дейін Отан алдындағы борышын бірге өтеген Баубектің жолдасы Әбішев Ғазиз. Ол 1916 жылы туып 1982 жылы қайтыс болды. Тарих ғылымдарының докторы.
Баубек Бұлқышев және оның Алматыдан бірге аттанған жолдастары 1940 жылдың 6 мартынан бастап, 1- Москвалық пролетарлық мотоатқыштар дивизиясының 22-жеңіл инженерлік батальонның жауынгерлері болды. Баубек мұнда 1941 жылдың 24 шеніне дейін болған.
Қапас деп Баубек белгілі жазушы Қапан Сатыбалдинді айтып отыр.
Сараның кім екенін әзірше анықтай алмадық.
Әңгіме Ғазиз Әбішевтің анасы туралы. Сара осы қартпен бірге тұруы мүмкін.
Қамалбектің әзірше кім екенін анықтай алмадық.
Ақ финдерімен соғыс енді ғана аяқталып, Финляндия мен СССР арасында келіссөздер жүріп жатқан шытырман кез.
Баубек Мұқанмен 1934 жылы ФЗУ - ды бітіріп, Ұлытауда есепші болып қызмет істей бастағаннан жақын араласып, достасқан.
1938 жылы жаламен сотталып, кейін ақталып еліне қайтып оралған ағасы Смайлов Сейтжан туралы жазып отыр.
Мұса Ақанов — Қатира Ақанованың күйеуі, журналист, Ұлы Отан соғысы кезінде жау оғынан қаза болған.
1940 жылдың февраль айының соңғы күндері Қызыл Армия қатарына шақырылған шақта соңғы рет түзетіп, машинкаға бастырып, сол кездегі «Әдебиет майданы» журналының редакциясына табыс еткен поэмасы «Айсұлу» туралы жазып отыр.
Балтық жағасындағы елдердің еңбекшілері мен демократияшыл өкілдері буржуазиялық үкіметтерін құлатып, өкімет билігін өз қолдарына алғаннан соң, солардың өтініші бойынша, Қызыл Армия бөлімдерінің бір қатары соларға көмекке барған.
Мұнда «апайға» деп Ғазиздің анасын айтып отыр.
Мәрлен — Қатира және Мұса Ақановтардың тұңғышы. Оны Баубек өзінің «Октябрь балалары» газетінде шыққан бір әңгімесінің басты кейіпкері етіп алған. Қазіргі кезде Мәрлен Мұсаұлы Ақанов республикамыздың белгілі дәрігерлерінің бірі.
Құлтай деп Баубек Қапан Сатыбалдиннің жұбайы Күлпәнді айтып отыр.
Бұл хат осыдан кейін жарияланып отыр.
Мұнда «Октябрь балалары» газетінің редакциясына табыс еткен «Су сұлуы» және басқа бізге белгісіз өлеңдері туралы айтып отырса керек. Ұлы Отан соғысы аяқталып, аталмыш газет қайтадан шыға бастаған кезде сол редакцияда еңбек еткен қазіргі белгілі жазушы Амантай Байтанаев «Су сұлуын» газет архивінен тауып М. Иманжановқа табыс еткен.
Лиданың кім екенін әзірше анықтай алмадық. «Алматылықтар» романындағы кейіпкер болуы да мүмкін.
Іскең — Баубектің «Лениншіл жас», «Октябрь балалары» газеттерінде жұмыс істеп жүргенде танысып, кейін жақын араласқан досы — сол кездегі жас ақын Омаров Есенби 1948 жылы науқастан қайтыс болды. Сейітжан Смайловты айтып отыр.
Баубек жасы үлкен туысы, өзімен ФЗУ- да бірге оқыған Мұқаш Бимағамбетов туралы жазып отыр.
Бибігүл — Сейітжан Смаиловтың жұбайы.
Кәмәш — Сейітжанның баласы — Камал Смаилов, өнертану ғылымының кандидаты, Қазақ ССР Министрлер Советі телевизия және радио хабарлары жөніндегі комитетінің председатель
1940 жылдың 22 июнінде жазған хатында айтқан жазбақшы болған «Литва қызы» деп аталатын поэмасы туралы айтып отыр.
Баубек бүл арада 1939 жылдың 25 авгусынан 10 сентябріне дейін Шығыс Қазақстан облысында командировкада болғанын еске алып отыр.
Жауға қарсы соғысар шақта әрбір жауынгер өздерінің рет сандарын, жақын туған-туысқандарының есімдерін, адрестерін жазып, әр кезде қалталарында болуға тиіс медальонға салуды айтып отыр.
Баубек Бұлқышевтың өмірбаянына, әскери қызметіне байланысты кейбір мақалалардың авторлары (Ғ. Әбішев, Р. Ыдырысов, т. б.) «Баубек жау оғынан қаза болсам, мына адреске: «Москва, Кремль. Сталинге хабарлаңыздар», — деп жазған еді дейді. Бүл шындыққа үш қайнаса сорпасы қосылмайды.
Қазіргі белгілі ақынымыз Диқан Әбілев сол кезде «Әдебиет майданы» журналының редакциясында қызмет істейтін.
Әли деп сол кезде жұртшылыққа танымал болған, аталмыш журналда Диқанмен әріптес болған Есмәмбетов Әли деген жас ақынды айтып отыр.
Баубек ұлы неміс ақыны, гуманист ойшысы Гетенің бүл сөздерін арада бір жарым жылдан аса уақыттан кейін, соғыстың ауыр кезеңінде жазған «Өмір мен өлім туралы» публицистикалық мақаласында еске алып, халық мәдениетін таптаған неміс фашистерін әшкерелеуге пайдаланады.
Баубек бұл арада Мұқанның әке-шешесінің жалғыз баласы екенін мегзеп отыр.
«Балтық жағасында» атты өлеңі «Лениншіл жастың» 1940 жылғы октябрьдегі санында алғаш рет жарық керді.
Бұл өлеңі сол кезде жарияланды ма, жоқ па, әзірше белгісіз. Соғыстан кейін «Жолаушы сыры» деген тақырыппен бірнеше рет жарияланды.
«Жаңа дүние» өлеңін айтып отыр. Екінші өлеңі «Өмір» болу керек.
Сақшы тұратын жер.
Хасен Сейілханов болуы керек.
Ғазиз Әбішев көзі тірісінде Гуляның кім екенін ашып айтпады. Оның сырын Баубек «Алматылықтар» романында жазған.
Осы жинақта жарияланып отырған Б. Сағындықовтың естелігіне жүгінсек: «Сақыш — дегені Құсайынова болу керек. Драматург Шахмет Құсайыновтың қарындасы, «Октябрь балаларында» әдеби қызметкер болып істеген. 1941 жылы Әли Есмәмбетовке тұрмысқа шықты, кейінде баладан қайтыс болды», — делінген. Әңгіме болып отырған «До зори» деп аталатын повесін де және басқаларын да жазбаған.
Сабыр Шәріповтың белгілі «Юзи Иран» атты романының басты кейіпкерлерінің бірі.
Осы жинақта жарияланып отырған «Сырымды ашсам деп едім дүниеге» деген елеңін айтып отыр.
Сірә, Баубек А. С. Пушкиннің каторгадағы декабристердің хатына жазған өлең жауабын айтып отырған болу керек.
Әңгіме Сақыш жайлы болуы мүмкін.
Белорус ССР- інің астанасы Минскіні айтып отыр.
1941 жылы 26 майда жіберген өлең хатын еске салып отыр.
«Лениншіл жас» газетінде кеп жылдар бойы машинистка болған Мэриям Арыстанбекова туралы айтқан.
Орыс графикасы негізінде жаңа қазақ алфавитіне көшу туралы Қазақ ССР Жоғарғы Советінің шешімі 1940 жылдың 10 ноябрінде қабылданды.
Москва түбіне қайтып оралғанын айтып отыр.
Б. Сағындықовтың естелігіне қарағанда, Хасен Сейілханов — жас жазушы, «Пионер» журналының жауапты секретарі, майданда қаза тапқан.
Қара дүрсін жазылған «Алматылықтар» романының бірінші бөлімінін қолжазбасы туралы айтып отыр.
Қызыл Армия неміс фашистеріне Москва түбінде соққы берген, 1941 жылдың 6 декабріндегі шабуылын айтып отыр.
Кейіннен «Комсомольская правдаға» жіберілген, соның 1942 жылғы 1 майдағы санында жарияланған «Өмір мен өлім туралы» атты публицистикалық мақаласын айтып отыр.
Баубек 303-армияның дербес инженерлік батальонының комсомол бюросының жауапты секретары болып тағайындалуына байланысты Горький қаласындағы Батыс майданның саяси бас басқармасына шақырылып, содан өзінің әскери бөліміне қайтып келе жатқанда осы хатты жазған.
«Өмір мен өлім туралы» мақаласы.
«Шығыс ұлына хат» деген «Комсомольская правдада» жарияланбаған мақаласы жөнінде айтып отыр.
Дүйсенбек деген кім екенін әзірше анықтай алмадық.
Ақтанов Мұхамедияр — Баубекпен бірге «Лениншіл жас» газетінің редакциясында еңбек еткен журналист. Соғыс жылдарында да, соғыстан кейін де «С. Қ» - ның Көкшетау облысындағы меншікті тілшісі болған, елуінші жылдары қайтыс болды.
Бұл «Заман біздікі, жастар!» атты мақаласы болу керек. Осы айтылып отырған орыс тіліндегі нұсқасы әзірше табылмай отыр.
«Заман біздікі, жастар» мақаласының орыс тіліндегі нұсқасы туралы айтып отыр.
«Өмір мен өлім туралы» мақаласының «Социалистік Қазақстанның» 1942 жылғы 23 июніндегі санында жарияланған аудармасын айтып отыр.
Бұл азаматтың кім екенін, тағдырын әзірше анықтай алмадық.
Асатов Серікбай Ерсентұлы 1912 жылы осы күнгі Жезқазған облысы, Жезді ауданының Аманкелді атындағы совхозының «Сарлық» бөлімшесінде туған. Совет Армиясы қатарына 1932 жылы өз еркімен барып, 1933 жылы ұшқыштар дайындайтын еліміздің бірінші әскери авиация мектебін бітірген. 1940 жылы жетінші алысқа ұшатын бомбылаушы авиация полкінің звено командирі ретінде ақ финдерге қарсы соғысқа қатынасып, «Жауынгерлік ерлігі үшін» медалімен наградталған. Ұлы Отан соғысының алғашқы күнінен бастап, 750-авпация полкінің эскадрильясы командирінің орынбасары, неміс фашистерімен күресте талай рет ерлік көрсеткен. 1941 жылдың 11 сентябрінде - ақ Қызыл Ту орденімен наградталған. Берлинді бомбылауға барған сапарында 1942 жылы 27 майда, өртенген самолетін жау әскерінің үстіне түсіріп, батырлықпен қаза тапқан (СССР Қорғаныс Министрлігінің 1971 жылдың 17 декабріндегі 130/4/5737 санды анықтамасынан және басқа деректерден).
Б. Бұлқышевтың бүл хаты әзірге табылмай отыр.
И. А. Асатова қазіргі кезде қызымен (Рита Серікбаевна Асатова), немересі Серікбаймен (атасының құрметіне солай атаған) Москва қаласында тұрады. Бізге жазған хаттарының бірінде «Б. Бұлқышев Ұлы Отан соғысы басталғанға дейін І - Москвалық пролетарлық мотоатқыштар дивизиясының құрамында әскери міндетін өтеп жүрген шақта үйімізде жиі болып тұрды, күйеуімді туған ағасындай сыйлайтын, мені де құрмет тұтатын. Серікбайдың қаза болғаны туралы хабарды естігенде бізге жұбаныш хат жазып, қолынан келетін бар көмегін көрсетуге дайын екенін білдіріп, Алматыға қоныс аударуға кеңес берген еді. Бірақ, біз кездейсоқ жәйттерге байланысты Қазақстан жеріне жете алмай қалдық та, соғыс жеңіспен аяқталғанша Чувашияда болдық», — дейді. (И. А. Асатованың 1971 жылғы 15 ноябрьдегі хатынан).
Омаров Есеби жөнінде сұрап отыр.
Марқұм Ғазиз Әбішевтің кезі тірісінде сұрастырғанымызда, ол: «Баубек Бұлқышевпен 1940 жылдың күзінде Москва түбінде қоштасып, айрылысқаннан кейін Ұлы Отан соғысы басталысымен арамыздағы хат алысу мүлдем үзілді де, тек неміс - фашист басқыншыларының беті қайтарылып, кейін қуыла бастаған шақта Қорғаныс Министрлігі арқылы досымның адресін тауып, оған алғаш хатымды жолдаған едім. Сол бір қысқа жазылған хатыма Баубектен соғыс басталған күннен бері басынан кешкен уақиғаларды толық баяндаған көлемді жауап хат алған едім. Өкінішке орай, қазіргі уақытта баға жетпес Баубектің бұл хаты менде жоқ», — деген еді.
«Комсомольская правда» газетінің 1942 жылғы 1 майындағы санында жарық керген «Өмір мен өлім туралы» атты публицистикалық мақаласына байланысты оқырмандардан келген бір топ хатты Мұқан Иманжановқа жіберген, бірақ солардың тек үшеу-төртеуі ғана сақталған. Біздің байқауымызша, осы хаттардың негізгі бөлегі Баубектің творчествосына байланысты мақалалар, дипломдық жұмыстар жазамыз деп Мұқан Иманжановтан сұрап алған журналистер мен бұрынғы студент азаматтардың архивтерінде болу керек.
1942 жылғы 20 июльдегі хатымен жіберген «Заман біздікі, жастар!» атты мақаласын айтып отыр.
Осы жинақта алғаш рет жарияланып отырған А. Елшібековтың естелігінде толығырақ баяндалған. Соны оқыңыз.
«Комсомольская правданың» 1942 жылғы 23 августағы санында жарияланған «Тыңда, Кавказ!» атты публицистикалық мақаласын айтып отыр.
Б. Бұлқышевтың бұл «Сапердың дзотты тапсыру кезінде жаяу әскерге жолдаған хаты» деген публицистикалық мақаласы Батыс майданның 10-армиясының «Бей врага!» деп аталатын қызыл әскер газетінің 1942 жылғы 23 августағы санында жарық көрген.
Б. Бұлқышевтың бұл әңгімесі, өкінішке орай, бүгінге дейін табылмай тур.
С. Е. Асатовтың қаза болуына байланысты оның семьясы Алматыға көшіп келе қойса, көмек көрсетуді сұрап 1942 жылы 24 июльде жазған хатына байланысты айтылған сөздер.
Баубек қиын-қыстау кездегі жағдайды М. Иманжановқа хабарлауды өтінген.
«Комсомольская правданың» 1942 жылғы 23 августағы санында жарияланған «Тыңда, Кавказ!» және «Социалистік Қазақстанның» сол жылғы 5 июльдегі санында басылған «Өмір мен елім туралы» мақалалары жөнінде жазып отыр.
Ш. Ермағамбетованың Б. Бұлқышевқа жазған бұл хаты табылмады.
«Комсомольская правданың» 1942 жылғы 5 ноябрьдегі санында басылған. «Мен өмір сүргім келеді» деген публицистикалық мақаласы туралы жазып отыр.
«Шығыс ұлына хат» деген мақаласымен бірге «Жүріп келе жатырмын», «Күн туды» және «Көз алдымда» атты өлеңдерін жіберген.
Өкінішке орай, бұл әңгімесі табылмай отыр.
Жанна — Б. Бұлқышевтың «Мен өмір сүргім келеді» деген публицистикалық мақаласының әдеби кейіпкері.
Бұл кездесу жөнінде А. Елшібековтың естелігінде толығырақ баяндалған.
Батыс майданңың 10-Армиясы саяси бөлімі 1942 жылдың ноябрь айының орта кезінде Б. Бұлқышевты Әскери-саяси курстердің біріне оқуға жіберу жөнінде СССР Қорғаныс министрлігіне ұсыныс жасайды. Осыған байланысты Москваға шақырылып, Красково станциясы маңындағы әскери лагерьде бірнеше күн тұрады. Көп ұзамай Татар АССР -ының Мензелинск қаласындағы әскери саяси қызметкерлер дайындайтын төрт айлық курске оқуға жіберіледі.
Мензелинск қаласын айтып отыр.
Бұл жолдар оқырмандарда, «Баубек сары уайымға батқан азамат екен», — деген ұғым тудырмаса керек. Оның бүкіл өмір жолы, творчествосы болашаққа сенген, алға қойған мақсатына қалайда жететінін анық білген азаматтың бейнесі. Баубек бұл жерде творчествомен айналысатын уақыттың тапшылығына қынжылып жазып отыр.
М. Иманжанов Б. Бұлқышевтың бүл тілегін орындап, 1942 жылдың декабріне дейін «Социалистік Қазақстанда» жарияланған мақалаларын жиып Қазақтың біріккен мемлекеттік баспасына табыс еткен. Бұл «Заман біздікі» атты жинақ 1943 жылдың аяқ шенінде Ғ. Мүсіреповтың «Екі ауыз сез» деген алғы сөзімен жарық көрді.
Марқұм Ғазиз Әбішевтың айтуынша, Б. Бұлқышевты Батыс майданының «Красноармейская правда» газетінің редакциясына кызметке алу, я алмау мәселесін шешуде редактордың орынбасары Әнуарбек Меңдібаев деген азамат құптамаған.
Бұл азаматтың Қостанай қаласында тұратынын анықтап, Б. Бұлқышев туралы не білетіні жөнінде жазып жіберуді үш-төрт рет өтіндік, жауап бермеді.
Б. Бұлқышевтың бұл елеңі «О, ерлер - ау, ерлер - ау!» деген тақырыппен «Социалистік Қазақстанның» 1942 жылдың 5 декабріндегі санында алғаш рет жарияланды.
Көп жылдар республикалық газет-журналдар редакцияларында, баспаларда еңбек еткен, ал қазір пенсияға шыққан Мағира Жамантаеваны атап отыр. Алматыда тұрады.
Асқар Тоқмағамбетов осы хат жазылған шақта «Социалистік Қазақстан» газеті редакциясының әдебиет бөлімінің меңгерушісі, ал Мұқан Имашқанов осы бөлімнің әдеби қызметкері болатын.
Белгібайдың кім екенін анықтай алмадық.
Б. Бұлқышев осы шақта оқып жүрген әскери-саяси курстардың тыңдаушылары жергілікті партия - совет органдарының саяси - үгіт, түрлі"шаруашылық - ұйымдастыру жұмыстарын жүргізу үшін қысқа мерзімді командировкаға жіберіліп отырған. Татарстан облыстық және Мензелинск аудандық партия архивтерінде Б. Бұлқышевтың қай колхозда болғаны, қандай нақты жұмыстар атқарғаны жөнінде ешқандай дерек сақталмаған. Мұндай деректің аталмыш курстардың СССР Қорғаныс министрлігінің Орталық архивінде сақталып отырған 1941-1944 жылдардағы материалдары арасынан табылып қалуы мүмкін.
Б. Бұлқышев бүл хаттарды «Комсомольская правда» газетінің редакциясына жіберген (1943 жылғы 28 февральдағы хатын қараңыз), бірақ солардың тек үш - төртеуінің түп нұсқалары ғана ВЛКСМ - ның Орталық архивінде сақталып отыр.
Әскери-саяси курсты бітіргеннен кейін Б. Бұлқышевты Орталық майданның саяси басқармасының қарамағына жіберген.
Евдокияның кім екенін анықтай алмадық.
Б. Бұлқышев Қызыл Армия қатарына Алматыдан 1940 жылдың бірінші мартында аттанған.
Мұнда Алматыда кызмет істеп жүрген шақта танысып, 1938 жылдың жазынан 1940 жылдың мартына дейін жиі кездесіп, жақын араласқан ақын-жазушылар Әли Есмамбетов, Қапан Сатыбалдин және Дихан Әбілов туралы сұрастырып отыр.
Осы күні Республикалық телевизия және радио хабарын тарату жөніндегі мемлекеттік комитетінің председателі Камал Сейітжанұлы Смаилов жөнінде айтып отыр.
Горький қаласына орналасқан Орталық майданның саяси басқармасының қарамағына келген. Көп ұзамай мұның жолдамасымен сол майданның 170-атқыштар дивизиясының 391-атқыштар полкінің рота командирінің саяси жұмыстар жүргізетін орынбасары ретінде алғы шепке аттанған.
Бұл уақыт Орталық майданның әскери құрамалары аты шулы Курск шайкасына әзірленіп жатқан кез болатын. Бірақ СССР Қорғаныс министрлігінің рота, батальон командирінің саяси жетекшінің орынбасарларын қысқартып, оларды командирлер етіп кайта дайындау жөніндегі бұйрығына сай Баубек 1943 жылдың июнь айында Москва маңында орналасқан бірінші жеке инженерлік оқу бригадасына жіберілгендіктен Курск түбіндегі шайқасқа қатыса алмады.
Б. Бұлқышев бірінші жеке инженерлік оқу бригадасында 1943 жылдың 20 июнінен бастап оқыған.
Б. Бұлқышевтың ана тілінде жазып жіберген бұл публицистикалық мақаласы «Социалистік Қазақстанның» 1943 жылғы 19 октябрьдегі санында жарияланды. Кейіннен Б. Бұлқышев мұны өзі орыс тіліне аударып, толықтырып «Думы над старой картой» «Көнетоз картаға үңілгенде туған ойлар» деген тақырыппен «Комсомольская правдаға» жібереді. Бұл 1943 жылғы 12 декабрьдегі санында жарық көрді.
Б. Бұлқышев бұл арада «Комсомольская правданың» 1942 жылғы 5 ноябрьдегі санында басылған «Мен өмір сүргім келеді» деген публицистикалық мақаласы туралы айтып отырса керек. Демек, ол бұл мақаласының «Социалистік Қазақстан» газетінің сол жылғы 29 ноябрьдегі санында Ғ. Мүсіреповтың аударуымен жарияланғанын осы хатын жазғанға дейін білмеген болу керек. Әйтпесе «Комсомольская правдада» одан кейін жарияланған басқа мақаласы болса, біз әлдеқашан тапқан болар едік.
Бұл арада кезінде «Комсомольская правдаға» жіберіліп, онда жарияланбаған, бірақ соның архивінде сақталған «Қымбатты украин қызы» деген мақаласын айтып отыр.
Бұл тарапта Мұқан Иманжанов не істеп, не қойды — бізге белгісіз.
«Заман біздікі» жинағы жарық көріп, оның барлық данасы майданға жіберілген.
Соңғы кезге дейін М. Иманжановтың жұбайы Р. Рүстембекованың куәлігіне сай, Б. Бұлқышевтың бұл әңгімесін Мұқан «Казахстанская правдадан» алған. «Диплом жұмысына пайдаланайын» деп сұраған КазПИ - ді бітіруші Карабалина деген студенткаға берген екен, ол қайтармай қойыпты деп топшылаушы едік. Кейінгі деректер мұның растығына күмән тудырады. Сірә, Б. Бұлқышевтың бұл әңгімесі кезінде «Казправдадан» алынбаған болу керек те, газет редакциясы Москвада ұзақ жылдар бойы тұрақты жұмыс істеген «Совет жастары Ұлы Отан соғысы жылдарында» атты кермеге жіберіп қоюы ықтимал.
Ғ. Әбішев. Жауынгер журналист. «Социалистік Қазақстан» 1943. 5 май.
Кезінде «Лениншіл жас» және «Октябрь балалары» газеттерінде бірге кызмет істеген Қанапия Мұстафа, Жағыпар Мұхамеджанов, Үміт Балқашев сынды замандастары туралы айтып отыр.
Б. Бұлқышев бірінші жеке инженерлік оқу бригадасына келген алғашқы күннен-ақ: «Мен Қызыл Армия қатарына алынған 1940 жылдың мартынан бері сапермін, взвод, саяси жетекшісінің орынбасары, батальон комсомол ұйымының секретары болып жүргенде де бұл істен қол үзгенім жоқ. Әскери-саяси курстарды бітірген соң да маған сапер жұмысын қайтадан оқып, игерудің қажеті жоқ. Осы себепті мені инженерлік бригададағы оқудан босатып, майданның алдынғы шебінде жаумен шайқасқан әскери бөлімге жіберуіңізді өтінемін», — деп бригада, Орталық майдан командованиясына бірнеше рет рапорт жазады. Бұлардан еш нәтиже шықпаған соң, СССР Қорғаныс министрлігіне арыз жазады. Міне, осыдан кейін ғана Баубек Бұлқышев саперлер взводының командирі ретінде 394-атқыштар дивизиясының 810- атқыштар полкіне жіберіледі. Осы әскери бөлім Днепр өзенінен өтіп, жауды Қырымға қарай қууға дайындалып жатқан шақта 1943 жылдың октябрь айынын орта шенінде барып қосылады.
Баубектің сырқаттанып қалғаны туралы жинақта дәрігердің анықтамасы беріліп отыр.
«Комсомольская .правда» газетінің 1943 жылғы 12 декабріндегі санында жарияланған «Көнетоз картаға үңілгенде туған ойлар» деген публицистикалық мақаласы туралы айтып отыр.
Бұл кезде Қапан Сатыбалдин белгілі жазушымыз Әбу Серсенбаевпен бірге 3-Украин майданының «Совет жауынгері» атты қызыл әскер газетінің редакциясында қызмет ететін.
Әбу Сәрсенбаев пен Қ. Сатыбалдин қаншама күш салса да, Б. Бұлқышевты майдандық газеттің редакциясына дер кезінде қызметке ауыстыра алмаған.
Есімдері аталған азаматтардың кімдер екенін, қандай ерлік көрсеткендерін әзірше анықтай алмай отырмыз.
Қазақ тілінде жазып, «Социалистік Қазақстан» газетінің 1943 жылғы.19 ноябрьдегі санында жариялаған мақаласы.
Совет Армиясы қатарында бірге болған орыс жолдастары Баубекті осылай атайтын.
Степурин Н. В. Баубек Бұлқышевтың қосшысы (денщик) болған, кейіннен әскери училищеде оқып, офицерлік атақ алып, взвод командиріне дейін өскен, жаумен болған шайқас кезінде ерлікпен қаза тапқан.