09.05.2021
199

Атам жатыр мавзолейде
Атам жатыр мавзолейде,
Мавзолейдің төрінде,
Мәңгі ұйқыда жатыр Ленин,
Нұрын сеуіп өмірге.
Жатыр атам — ұлы ұстазым,
Тау қыраны қырағы,
Кеудесінен шашып шұғыла,
Коммунизм шырағы.
Жатыр адам кемеңгері
Ұлы өмірдің тірегі.
Ленин! Ленин! Ленин! — дейді,
Соққан миллион жүрегі.
1939 ж.