09.05.2021
  190


Автор: Әбділда Тәжібаев

Теңізде

Теңіз, теңіз, көк те теңіз, жер теңіз...,
Толқындармен бірге ойнаған еркеміз.
Арасында ала - сапыран нөсердің
Әләуләйлап әнді де еркін шертеміз.
Теңіз неге тынышсызданды, білемін,
Бұзылғандай менің - дағы реңім.
Соқса борап өлеңімнің дауылы,
Дәл осындай дөңбекшиді жүрегім,

1957





Пікір жазу