09.05.2021
231
Бір ініге
Кеңесім ғой ағалық,
Болмашыға мастанба.
Емес елге жаңалық
Жеткізбеуің қашқанда.
Көрінбейсің жарыста,
Жүйріксің - ақ қашқанда.
Қарамайсың намысқа
Қысылғанда, сасқанда.
Сүйтіп жүріп ақылшым
Болғышсың - ау, қарағым.
Қамқор болып жатырсың
Қамын ойлап ағаның.
1960