09.05.2021
  357


Автор: Әбділда Тәжібаев

Монолог

Терезе ашық, далада түн,
Жаман емес үйде күтім.
Бастадым мен драмамды
Қайда, кәне геройлар кім?
Үй де жым-жырт, жым - жырт дала,
Күбірлеймін жалғыз ғана.
Геройлардың жаздым атын,
Оқиға жоқ ойналатын.
Терезе ашық, ай қараңғы,
Қармалаймын айналамды,
Бір геройым үн бермеді,
Түк те өнбеді, ұйқы жеңді.

1955





Пікір жазу