09.05.2021
  251


Автор: Әбділда Тәжібаев

Шабыт

Кеудем бір жанартаудай күркіресе
Көңілімнен ыстық жаңбыр сіркіресе,
Қайнаған қара құйын бұлт боламын,
Ойымда ойнайды ұйтқып от бораным.
Жанымның сонда нұры жалтылдаған
Әкеліп алыстарды берер маған.
Көзімнің сыпырылар томағасы,
Алдымда жайнар әлем мұнарасы.
Ғайыптан ән есітемін сол мезетте,
Күнәлі көлеңкелер қалмайды есте.
Шұғыладан домбырама ішек тағып,
Шығамын кең дүниеге қысып шабыт.

1958





Пікір жазу