meta charset="utf-8"> Қазақша портал

  09.05.2021
  224


Автор: Әбділда Тәжібаев

Арман

Терем деп жырдан жұлдызын,
Үңіле берем тереңге.
Созамын тынбай қолымды,
Жатқандай жақын көрем де.
Ала алмай бірақ асылын,
Шаршайды жаным, денем де.
Шығарсам екен тереңнен,
Түссе екен нұры өлеңге.
Тұрса екен оттай жарқырап
Көрініп ұзақ, көп елге.

1958





Пікір жазу