09.05.2021
  265


Автор: Әбділда Тәжібаев

Ертеңіне

Бұзып кірген есігін біздің үйдің
Кесір шалға көндім де басымды идім.
Сол кесір шал өзімнің домбыраммен
Бір сарынын тартып еді салқын күйдің.
Ертеңіне оянсам шал боп қаппын,
Есебі жоқ шашыма түскен ақтың.
Жас тобына бара алмай, жантайдым да,
Салқын күйді самарқау мен де тарттым.

1955





Пікір жазу