08.05.2021
169
Көкшеде
Көліне түстім Көкшенің
Көбікпен ойнап балаша,
Толқынмен кеттім таласа,
Тамаша, қандай тамаша! .
Тауына шықтым Көкшенің
Тасымен ойнап балаша.
Тағысымен таласа,
Тамаша, қандай тамаша!
Қарағай тілін ұғындым,
Қайыннан ғажап сыр алдым;
Құзынан астым қыранның,
Ұясын таптым қиялдың.
1955