meta charset="utf-8"> Қазақша портал

  08.05.2021
  203


Автор: Әбділда Тәжібаев

Қабырың ерте қазылды

Қалтырайды жерден ағаш,
Төгіледі жапырақ.
Құйылады көзімнен жас
Мұңлы жаным «ах!» ұрады.
Сен де жапырақ суық ұрған,
Қабырың ерте қазылды.
Жарқ еттің де, өштің жылдам,
Көрмедің көп жазыңды.

1955





Пікір жазу