08.05.2021
  196


Автор: Әбділда Тәжібаев

Қырғыз достарыма

Жұрт едің қандай жүрегің жарқын,
Жер едің қандай осынша биік!
Сенімен дос боп сүйікті халқым,
Төбем бір қалды аспанға тиіп.
Көгіңдей бұлтсыз көңіліңді көрдім,
Көзіңді көрдім шұғылалы күндей.
Ұлыңдай туған еркелей бердім,
Өзімді сенен өзге деп білмей.
Жадымда қалды жатталып сөзің –
Жатсынбай мені бауырым! - дедің
Әкеттім содан өзгеше сезім,
Сақталар оттай жанымда менің.
Ұмытпан кешкі шапағын күннің,
Ұмытпан рақат тауыңның лебін,
Ұмытпан әсем жұлдызды түннің
Қиялдай ғажап шатырлы көгін.

1949





Пікір жазу