08.05.2021
182
Маяковскийдің суретіне
Ақынның дәл өзі жоқ, суреті бар,
Қарасам, бейнесіне тарқар құмар.
Лапылдап қос көзінен ой сәулесі,
Сыймайды кеудесіне күйлі сырлар.
Болмайды өлді деуге, тірі пішін
Кәдімгі сезгендеймін дем алысын.
Қадалып көздегенін көріп жаңа
Айтқандай ағыта бір ойдағысын.
Не дер ед сөйлеп кетсе ақын қазір,
Ақтарса атылатын оқтарды әзір?
Қашқанда ол лақтырған жалынды оттан,
Жер таппас жасырынатын көп әзәзіл,
1947
Маяковский сурет ақын бейне Әбділдә Тәжібаев Әбділдә Тәжібаев шығармашылығы Әбділдә Тәжібаев өлеңдері