08.05.2021
  267


Автор: Әбділда Тәжібаев

Костер әні

Лаула жан, костерден от лаула, лаула!
Лаула, өрле жалын, омыраула.
Шырқалған, жастық үні қағып канат
Жарыса жалынменен жоғарыла.
Лаула, костер, Лаула, алаула!
Айлы кеш, аспан ашық, жарық дала,
Ағын су, көк майсалар айналада.
Желпіген жібек желі жазғы кеште
Жүректен жарып шыққан ән сорғала.
Лаула, костер, Лаула, алаула!
Жеткізген тамашадан тамашаға
Ризамыз ардақтаған ата-анаға.
Бойға қан, көкірекке күш жинаймыз
Костердің жалындаған отын жаға.
Лаула, костер, Лаула, алаула!
Келіңдер, кел, балалар, от жағуға,
Ақ шатыр тау қойнында орнатуға.
Жүзейік қаздай қалқып, түзеп қатар.
Кәусардай жанға жайлы мөлдір суға.
Лаула, костер, Лаула, алаула!

1940





Пікір жазу