08.05.2021
  203


Автор: Әбділда Тәжібаев

Жаңа жыл

Хош келіпсің дейміз күліп,
Қол созамыз жаңа жылға.
Жаңа жылдың жазғы жырын
Жазамыз біз мраморға.
Ән келеді, сән келеді,
Гүл үстіне гүл өнеді.
Жапырақтайды жасыл ағаш,
Жайнайды жер түрленеді.
Өткен жылға ырзамыз біз,
Шығармаймыз естен мәңгі.
Ұрдық сонда деп жүреміз
Қан аңсаған жауыздарды.
Өткен жылға ырзамыз біз,
Шығармаймыз естен мәңгі.
Аштық қайта - дейміз сонда
Жатқан сонау Американды.
Хош келіпсің, дейміз күліп,
Қол созамыз жаңа жылға.
Саған деген сыйларымыз:
Сұлу өмір, тартқан шырға.
Сен де жассың, бізде жаспыз,
Көтерейік шаттық шуын,
Тағы ілгері жөнелейік,
Партияның ұстап туын,

1938





Пікір жазу