08.05.2021
  222


Автор: Әбділда Тәжібаев

Толқын, жел

Жатқан жансыз көк теңізге
Жеңілтек жел жетсе келіп,
Канатымен желпіп түнде
Азғана дем кетсе беріп;
Таппай дамыл күрсінеді
Толқып теңіз көпке дейін!
Жар жағалап сұрар желді,
Шаршап әбден... тыншыр кейін.
Білер ме жел көк теңіздің
Күрсінумен шыдағанын,
Берер ме жел көк теңіздің
«Сүй» деп тағы сұрағанын

1936





Пікір жазу