08.05.2021
  155


Автор: Әбділда Тәжібаев

Тартуым

XVII – съезге

Менің сәулем,
Құлыным,
Жүр ғой ойнап
Далада.
Келші, күнім,
Кел, күнім
Сүйгізіп кет
Анаңа.
Бүгін балам:
Балапан.
Әлі қанат
Қақпаған.
Ол қызыл гүл,
Таза нұр,
Ол жас шыбық
Қатпаған.
Көтергенде
Тоғыз ай,
Толғатқанда –
Толғана.
Туды бақыт
Күнінде,
Бақытты елде,
Ордада.
Туды күнім.
Құлыным
Әулиесіз,
Алдасыз.
Өсті гүлім,
Өмірім.
Дұғалықсыз,
Молдасыз.
Ол өседі,
Оқиды:
Революция
Томынан.
Ол әлемнің:
Иесі,
Ол бақытты
Зор адам!
Аспанда ай,
Жерде жел,
Бағынады
Балама!
Теңізде мұз,
Тауда құз,
Табынады
Балама!
Күнім менің,
Құлыным.
Ол балауса,
Жас буын.
Туған менен
Большевик
Съезіме
Тартуым!

1934





Пікір жазу