meta charset="utf-8"> Қазақша портал

  08.05.2021
  242


Автор: Әбділда Тәжібаев

Соғамын барабанымды

Соғамын тынбай, соғамын,
Соғамын барабанымды,
Еріксіз ертіп қыздырдым
Жасыңа қоса кәріңді.
Көтерген туым бейне бір
Секілді қыран жалынды.
Шыққанда бастап осылай
Майданға туған ауылды,
Қирату үшін аямай -
Бай-құлақ, атты жауымды,
Доғара тұрып әзірше
Домбыра, дутар қағуды,
Қосамын барабаныма
Қарқынды жыр мен әнімді.

1930





Пікір жазу