Кей кезде
I
Жаным менің жас шағымдай түлейді,
Жасағаннан жалынды оттар тілейді.
Шығар күннен сөнбес шырақ сұрайды,
Батар күннен өлмес мұрат сұрайды.
II
Сыртым тозса тозған шығар қайтемін,
Ішім әлі ескірген жоқ әйтеуір.
Жүрегімнің оты өшпес болғаны,
Ақынмын ғой, амалдармын қалғанын...
III
Қарамаймын бұдан былай айнаға,
Сынсын айна жарамайтын пайдаға!
Жетеді осы атанғаным қайын аға,
Бұдан нашар болады деп ойлама!
IV
Ұйқым қанса көңілдімін күнде мен,
Сөйлеп кетем неше түрлі тілде мен.
Ойнап кетем баламен де бірге мен.
Сайрап кетем бұлбұлмен де бірге мен.
***
Неге маған қарайсың, сынаймысың?
Мен қарасам қайтер ең шыдаймысың!
Неге қарап жымидың, күлемісің,
Жымиғаның ұнайды, білемісің.
Қорқытам деп ойлайсың, тым жаспын деп,
Ұлдарымен ағайдың құрдаспын деп.
Байқа, шырақ, сақтық та мақұл шығар,
«Қуа берсең қорқақтап батыр шығар».