08.05.2021
  380


Автор: Балаларға арналған ертегісі

Түбір мен Қосымша

Орманның ішінде бір кішкене үйшік бар.Онда түбір өмір сүреді.Оның достары басқаша түрленбейді екен.Түбір олар өзгерсе қалай болады екен деп ойлайды. Түбір бір күні орман ішінде келе жатса алдынан біреуді көреді.Қасында достары бар екен. Аттары өзгеше екен. Оларды көріп таң қалады. Ол арасынан біреуін ерекше көзге іледі. Ол өте мықты екен.
   Түбір қасына келіп:
- Сенің атың кім? - деп сұрайды.
- Менің атым Қосымша, - дейді.
Ол атына таң қалады.
Қосымша:
- Ал сенің атың кім? - дейді.
- Менің атым Түбір, - деп айтады.
  Бір-бірінің атын біліп алғаннан кейін, Түбір одан:
- Сенің қандай қасиетің бар? -  дейді.
- Мен кез келген сөзді өзгерте аламын, қасыңа қосымша екі әріп қосып, - дейді.
  Түбір:
-  Мені түрлендірші, - дейді .
- Мысалы: түбірді, - деп айтады
  Түбір естіп қуанып таң қалады.
  Түбір:
- Онда менің достарымды түрлендірші, - дейді.
  Ол мақұлдап достарын түрлендіреді.
  Достары қуанады.
  Түбір:
- Қосымша екеуміз дос болып, бір үйде тұрайық, -  дейді.
  Қуана-қуана келіседі. Барлығы бір үйде тұрады. Екеуі айырылмас дос болады.
  Олар Қазақ тіліне жұмысқа тұрады. Көптеген қызмет атқарып, баянды өмір кешеді.


Жолдаған: Бақытжан Айжан 12 Жас
Қызылорда облысы,  Қазалы ауданы
Қожабақы ауылы
№25 орта мектебі 6 «а» сыныбы





Пікір жазу