06.05.2021
165
Кел, жылдарым!
Декабрьдің соңғы күнін жаптым мен,
Қонақүйдің соңғы есігін жапқандай.
Жаңа жылдың тұңғыш күнін аштым мен.
Жалтыңдаған жарықтардан жасқанбай.
Жарқырай бер, жылдың басы жаңа күн,
Жалтылдасын әйнектері үйлердің.
Жарыққа мен жарық болып қараймын,
Қара шыны көзілдірік кимеймін.
Неге керек көзіңді күңгірттеп,
Жасырыну көлеңкеде жарықтан.
Осы біздің күн емес пе анықтап
Бар ғажабын бұл жаһанның танытқан!
Күнім, Күнім, менің өткен күндерім,
Өмірімнің отты бөлшектеріндей.
Мен сендермен әрқашанда біргемін,
Бір жасаймын еткенімнен бөлінбей.
Кел, жылдарым, менің жаңа жылдарым,
Менің ұрпағымның жарқын күндері!
Мен сонау кешеден келдім бүгінге,
Мен сонау ертеңменен де біргемін!