06.05.2021
  222


Автор: Әбділда Тәжібаев

Көмеміз музыкасыз

Сөз теріп ұйқас жаман, ырғақ қалап,
Жүрміз ғой ақын деген атты арқалап.
Шығарсақ өлең жинап көңілдіміз,
Жырладық дей саламыз өмірді біз.
Жинақтар жатыр жауып жауған қардай,
Солардан тапқан кәне олжам қандай?
Қаншасын жұрт қуанып алар екен,
Қаншасы беті ашылмай қалар екен?
Сар жамбас сал аурудай төсектегі
Білеміз көп кітапты есептегі.
Жатады сол жатқаннан қозғалмайды,
Артында «оу» дейтін де сөз қалмайды.
Көмеміз музыкасыз, некрологсыз,
Қайысқан қабырғасы қалың жұртсыз,
– Жерленді жинақтардың бірі, - дейміз,
Шүкірлік, авторы әлі тірі дейміз.





Пікір жазу