06.05.2021
  177


Автор: Әбділда Тәжібаев

Өсу мен өшу

Әркім-ақ дәмелі өсуден,
Қорқады мезгілсіз өшуден.
Жүреді қанатты құсымсып,
Бұтақтан бұтаққа көшумен.
Әркім-ақ дәмелі өсуден,
Қорқады мезгілсіз өшуден.
Жүреді азулы кісімсіп
Әр қаптың түбін бір тесумен.
Ақыры баяулап байғұсың,
Молайтар құдайға қарғысын.
Айналар тыржыңға, мылжыңға
Сезген соң өшудің қайғысын.





Пікір жазу