04.05.2021
  882


Автор: Сәкен Сейфуллин

Көкшетау поэмасы

Арқаның кербез сұлу Көкшетауы
Дамылсыз сұлу бетін жуған жауын.
Жан-жақтан ертелі кеш бұлттар келіп,
Жүреді біліп кетіп есен-сауын.
Сексен көл Көкшетаудың саясында.
Әрқайсы алтын кесе аясында,
Ауасы дертке дауа, жұпар иісі―
Көкірек қанша жұтса, тоясың ба?
Ырғалған көкке бойлап қарағайы,
Қасында көк желекті  аппақ  қайың.
Жібектей желмен шарпып төңіректі
Балқытып мыс қылады иіс майы.


Әлеуметтік өмірде, Совет өкіметі үшін күрес жолында ұлтшылдыққа қарсы батыл күрескен.. олардың кертартпалық сыпаттарын үнемі ашып айтып, әшкерелеп отырған Сәкен әдебиетте де осы жат ағымға қарсы үн қатты. Халық аңыздарын зерттей отырып, ақын осы поэмасында Арқаның көрікті жері — Көкшетауды ел тарихымен, оның ізгілік жолындағы күрестерімен байланыстыра жырлады. Ұлтшыл қазақ ақыны Мағжан Жұмабаев шығармаларында, әсіресе, оның «Батыр Баян» поэмасында табиғат ылғи қара жамылған қасіретті күйінде көрінсе, Сәкен «Көкшетауда» табиғаттың ашық көркем күйін советтік жаңа адамдардың жарқын болашағымен байланысты суреттеді.


«Көкшетау» поэмасының 1929 жылғы басылуына Сәкен «Он жетіге» деген беташар ұсынған. Бұл он жеті — еңбекші елдің ұлдары, советтік ақын-жазушылар, әншілер. Бұлардың ішінде Сәбит Мұқановтың, Елжас Бекеновтың, Мәжит Дәулетбаевтың, Ғабит Мүсіреповтың, Өтебай Тұрманжановтың, Сабыр Шәріповтың, Бейімбет Майлиннің, тағы басқалардың аттары аталады.


Ақын поэмасын осыларға сыйға тарта отырып, советтік дәуірдегі творчество бостандығын, ақын жыры өз меншігі емес, халықтың ортақ меншігі екендігін баса айтады. Сондықтан да ол шығармасын қазақ ақын-жазушыларының біріне емес, бәріне ұсынады.


Тартпаған бірімізге неге дербес? —


Деспей көп, бар мәзірге бәрік селбес!


Бәрін де ортақшылсың, меншікті емес


Сендерге жеке меншік ешкім бермес. ...


Ойым мен жүрегімнің күй мен жыры


Ұлдары еңбекші тап — бәріңе ортақ, -


дейді ол.


Бұл бөлімде творчество адамдарының жаңа салты ескі жыршы, шайыр, ақындардың дәстүріне қарсы қойылады.


Ақындықты творчесво деп сыйламайтын, оны тек күн көріс, мал табу үшін пайдаланған жыршылардың ескі дәстүрі кезінде Абайды да қатты тыжырынтқан еді. Ұлы ақын оларды өз өлеңдерінде аяусыз шенеді.


Қобыз бен домбыра алып топта сарнап,


Мақтау өлең айтыпты әркімге арнап.


Әр елден өлеңменен қайыр тілеп,


Кетірген сөз кадірін жұртты шарлап.


Мал үшін тілін безеп, жанын жалдап,


Мал сұрап біреуді алдап, біреуді арбап,


Жат елде қайыршылық қылып жүріп


Өз елін «бай» деп мақтар кұдай қарғап.


Абайдың бұл сыны, көбінесе, әркімге мақтау өлең айтып, ат мініп, шапан киіп кайтатын, айтыса қалса өзінің жүдеушілік халін есіне алмай, елінің байларып мақтайтын феодалдық дәуірдің ақындарына арналған еді. Осындай теріс әдеттердің салдарынан «қазақта өлең деген бір қадірсіз» болғанын Абай көріп, кейіді. Заман өзгерісін, оның жаңашыл бағытын түсінген ұлы ақын ән мен күйге, өлең жырға үлкен творчестволық мән-мағына берді. Халық өмірінің ән-күймен тығыз байланысты өрбуі заңдылығын түсінген ол ақындық сөзді елге рухани азық берер қасиетті де қадырлы еңбек деп бағалады.


Сый дәметпе, берсе, алма еш адамнан,


Нең кетеді, жақсы өлең, сөз айтқаннан.


Сүйінерлік адамды сүй, қызмет қыл,


Аулақ бол елін сатып ақша алғаннан. —


деп ақыл айтты ол.


Абай өз мақсаты — «тіл ұстартып, өнер шашу» деп жариялады.


Ескі бише отырмын бос мақалдап,


Ескі ақынша  мал үшін тұрмын зарлап,—


деген жолдар — ақынның жаңашыл бағдарламасы еді. Ол халықтық поэзияны нағыз творчество деп бағаласа, ақынды үлкен әлеуметтік мәселе көтеруші, қоғамдық қайраткер есебінде санады. Бұл пікір, сөзсіз Абайға орыс әдебиеті арқылы келген, әдебиеттің халықтығы жөніндегі XIX ғасырдағы орыстың революцияшыл-демократтарының көзқарастарымен туыстас еді.


Айтысқа көп қатынасып, қырғыз-қазақ байларынан ат мініп, шапан киюмен кебірек әуестенген Сүйінбай ақынның өмірінің соңғы шағында:


Ойласам қылған ісім бекер екен,


Тіршілік бұл дүниеде шекер екен.


Дүниеде өзің қандай болсаң-дағы


Тіленсең өз қадірің кетеді екен,—


деп өкініш білдіруі тегін емес. Ақын тіленшілікпен сөз қадірін кетірген кездегі істерін бекершілік санайды.


Абай сыны кезінде талай ақындарға сабақ болғаны даусыз. Соған қарамастан қоғамның әділетсіз кезінде, кедей ақындардың мал табудың осы жолынан таза тоқтап қалуы мүмкін де емес еді. Мұндай теңсіздікті тек Совет өкіметі ғана жойды. Сәкен де жаңа ақындық салтты айта отырып, осы ескі ақындар дәстүрін еске түсіріп, оның жойылғанына ілтипат білдіреді.


Қазақта бұрын жыршы, шайыр, ақын


Тамағын өлеңменен айыратын,


Жыр шерткен ақындарды алдына кеп,


Мырзалар «жолын беріп» қайыратын.


Мырзаны ептеп солай «шабатүғын»


Ақынның мырза көңілін табатұғын.


Лықитып ет-қымызға, ат міңгізіп


Иығына жібек шапан жабатұғын,—


дейді ол. Ақын ендігі салттың «бұрынғымен арасы жер мен көктей» екенін атап көрсетеді. Сондықтан да ол: жаңашыл жазушылар — еңбекші ел ұлдары. Олардың творчествосы да халықтікі, ортақ деген қорытынды жасайды. Бұл, сонымен бірге, Сәкеннің Көкшетау аңызын да жаңа тұрғыдан жырлайтынының да көрінісі тәрізді. Поэманы Көкше табиғатының сұлу көркін суреттеуден бастаған ақын ол туралы ел ішінде толып жатқан аңыздар барлығына назар аударады.


Талай сыр ертегіні ел айтады,


Ызындап таудан сокқан жел айтады.


Сырласып, сыбырласқан жапырақтар,


Күндіз-түн күңіренген көл айтады.


Толғанып төмен қарап шал айтады,


Тамсанып  таңырқанып  бала  айтады.


Тау-тасын тұнжыраған куә қылып,


От басы қатын-қалаш бәрі айтады.


Сәкен Көкше аңыздарының ішіне «Жеке батыр», «Бурабай», «Оқжетпес», «Жұмбақтас» туралы әңгімелерді бөліп алады. Бұл аңыз әңгімелер Көкшетаудағы бірнеше жерлердің жоғарыдағы аттарға ие болуы жайын шертеді. «Жеке батыр» тауының аты қарауылда тұрған батырдың қалғып кетуімен байланысты туса, «Бурабай» сол көлді мекен еткен ақ бас бура тарихымен байланыстырылады. Ақынның ескі аңыз-әңгімелерге сын көзімен қарап, оған халықтық тұрғыдан баға бере білгенін осы тұста анық байқауға болады. Сәкен жырлауындағы ел аңызында Бурабай көлін мекендеген ақбас бура — ардақты ел күзетшісі, соның жақсылық, жаманшылығына ортақ жануар болып суреттеледі. Мұның өзі тіршілігі төрт түлік малмен байланысты болған халықтың сол малды аруақты деп табынуы кезіндегі ұғымның әсері болуы ықтимал. Ақ бура ел өміріне қатысы бар елеулі жайларды алдын ала сезетін болған деседі. Оны елге білдіруге тырысып, бақсыдай азынап тауды кезген.


Шабысып бірін-бірі ел қуар болса,


Не өлмек, не бір батыр туар болса,


Немесе бір апатқа ел ұшырап,


Кәрі-жас бетін жаспен жуар болса.


Бақсыдай бура азынап жүреді екен,


Мал шулап, иттер ұлып үреді екен.


Қалың ел маңайдағы кұрбан шалып,


Құлақты алдағы іске түреді екен.


Қара бұлт тауды төніп басады екен,


Күркіреп жерге зәрін шашады екен.


Аспаннан қып-қызыл от жерге шашып,


Таудағы аң пана таппай сасады екен.


Осындай ел аңызындағы қасиетті бура бір күні ойда жоқта оққа ұшады. Бұл тұста ақын казақ хандарының озбырлық қылықтарын батыл әшкерелейді. Әсіресе, халықтың қас жауы Қасым төре Абылайұлының ел қасиеттеген, оның досы болған бураға оқ атуын ызамен жырлайды.


Қасым — Абылай балаларының ішіндегі тентек, бас-бұзар болғаны тарихтан белгілі. Орта жүз қазақтары өз еркімен Россияға қосылған кезде Қасым бөлініп, өзінің хандық монархтық дәрежесін сақтауды көздеген. Ол және оның балалары Россияға қарсы феодалдық-монархиялық көтерілісті бастаушы болған.


Сәкен пайдаланған аңыздарда Қасым бейнесі осы тарихи шыңдық негізінде сақталады. Ақын оның өзін «жасынан сотқарлығы басым төре» десе, қасындағы адамдарын көрінгенге «соқтыққан өңкей сотқар, жалаң-жалаң» еткен тентектер етіп суреттейді.


Қасым хан туғаннан-ақ қанға құмар,


Дірілдеп елім күткен жанға құмар,


Анадан қан уыстап туған мұндар,


Қан ұрттап жүрсе ғана көңілі тынар.


Қасымның ақбас бураны атуы арқылы автор қанқұмар ханның халыққа қарсылығын тағы бір аңдатады. Оның халықтың киелі тұтатын, қадірлейтін бурасын атуы — осының дәлелі. Екінші жағынан аңыз Қасым тұқымының тозып кетуін халық қарғысынан деп түсіндіреді. Қарғыстың келуі жөніндегі діни ұғымның шеңберінде қалмағанмен, ақын бұл арқылы халықтың да ханға деген көзқарасын танытады. Ал, атылған ақбас бура мәңгі тас боп қатып, шөгіп қалған. Бурабай жөніндегі аңыздың қорытындысы осы.


«Оқжетпес», «Жұмбақтас» аңыздары — Сәкен поэмасының негізгі тараулары. Ақын сол дәуірдің шындығын, ондағы таптық қарым-қатынастарды, ұнамды-ұнамсыз адамдар образдарын да осы тарауларда ашады. Бұл аңыздардың негізі — қазақ пен қалмақтар арасындағы ерте кездегі жауласушылықтың оқиғалары болып табылады. Қазақ ханы Абылайдың қалмақты жаулауын көрсететін бір эпизодты баяндай отырып, автор сол арқылы хандар ісіне халықтық көзқарасты баяндайды.


Сәкен көрші отырған екі ел — қазақ пен қалмақтың ұзақ жылдар жауласып келуінің негізі де хандық құрылыспен, оның басында отырған феодалдардың мүддесімен байланысты деген қорытынды жасайды. Олар халықтың надандығын пайдаланып, сотқарлык қылықтарын іске асырған. Момын, бейбіт екі халықты біріне бірін жау етіп көрсеткен.


Сәкен де поэмасында Кенесарының хандық тәртібінің ата салтқа кұрылғанын жазады. «Кенесары үңгірі» аталатын тарауда ол Кенесарының Абылайдың басқа балаларымен жауласушылық қаныпезерлігіне көңіл ау-дарады.


Қасым хан туғанда қан уыстаған


Мәз болып Кенесары «ту ұстаған»,—


дейді. Ал, жалпы хандар озбырлығын:


Үркітіп дүйім елді бүлдіргенге,


Шулатып жабықтарын тілдіргенге


Мәз болған хандарыңыз — ел шапқызып


Торсықты керегеге ілдіргенге,—


деп әшкерелейді.


«Көкшетау» поэмасының негізгі геройларының бірі — осы шапқыншылықта қолға түскен қалмақ кызы. Автор оның аты-жөнін атамайды. Абылай қолға түскен олжаны бөліске салғанда осы қыз үшін хан мен оның сарбаздары арасында талас туады. Бәрі де кызды алудан дәмелі болады. Сұлу кызды ел тонаушылар біріне бірі қимай, ақыры таңдауды қыздың өзіне береді.


Қыз ақылдылығы кімге тиюді таңдау өзіне берілген кезде байқалады. Ол көл жағасындағы биік шыңның басына орамал байлатып, кімде-кім соны атып түсірсе, соған тимек ойын білдіреді.


Дұшпан қолындағы қыздың кысылған шақта ескерткіш орамалын ұсынуы сүйген жарын еске түсірумен бірге, екінші бір жайды тағы аңғартады. Орамал атып түсірілсе, елдегі жардан үміт үзу мүмкіндігі туатынын, егер оған оқ жетпей калса, жар мерейі үстем де жоғары сақталатынын қыз ескерген де тәрізді. Туған жерде өткен жас өмірдің қызықты күндері, сүйген жарымен қызықты кездесулер осы шақта кез алдынан сағымдай бұлдырап өтуі, оған ақынның назар аударуы адал махаббатты құрметтейтін гуманистік сезімді қозғамай қалмайды.


Қыз бақытына қарай, Абылай «батырларының» бірде-бірі шың басына оғын жеткізе алмайды. Шыңның «Оқжетпес» атануы да осыдан дейді ақын. Тұтқын кыз амалсыз жаңа шарт қоюға мәжбүр болады. «Ер кезегі үшке дейін» деп, ол екінші шарт етіп күш сынасуды (төрт адамды арқалап мың қадам жүгіру) ұсынса, үшінші жолы өз өмірін жұмбақтап айтып, соны шешуді сұрайды. Ханның ақылсыз даңғой батырлары тек қара-күштің ғана иесі екенін ақын осы тұста бір аңғартып етеді. Төқт адамды арқалап мың кадам жүгіру арқылы күш сынасу кезінде олар бірінен-бірі оза алмайды. Бәйгіге түскен қырық адамның сегізі қыз тұрған тасқа қатар жетеді. Қайта талас туады. Енді қыз жұмбағы айтылады.


Қыз жұмбағы — халықтың ауыз әдебиетінде кеп ұшырасатын дәстүрлі жұмбақ. Ол өз басынан кешкен жайларды жұмбақтайды. Өзі және әңгімеге қатысы бар адамдар онда әртүрлі құстар түрінде бейнеленеді. Мысалы, ол өзін кептер етіп көрсетсе, қиянатшыл адамдарды қарақұс, жапалақ күйінде, лашын— елдің қамқор адамдары, сұңқар — өзінің сүйген жары, жыртқыш бүркіт — хан бейнесінде суреттеледі. Қыз тек өзін ғана емес, момын жыртқыштардан көп зәбір шегетін кептерге бүкіл әйел қауымын балайды.


Осындай кептердің бірі — өзінің анасы болғанын айтады қыз. Төрт шақа балапанын өз еңбегімен жем тауып асырап жүрген, олар үшін рақат пен тыныштықтан безген ғазиз анасы — кептерді бір күні ұясына келе берген кезде қарақұс бас салып ұстап алады. Ол үлкен кептерді де, оның жас сәби балаларын да «дөп келдің шабытыма» деп мазақ етпек болады. «Құлашы сұңқардың да жетпей жүрген талайды тыпырлатып жұлдым» деп мақтанады. Қолға түскен ана мен шырылдаған жас балаларды бұл залымның қолынан лашын құтқарады. Қыз лашынды ел бағушысы, елдің камқоры етіп көрсетеді. Ол еңбегіне ештеме дәметпейтінін, тек мүсәпірлерді аяп келіп, жауын өлтіргенін айтады. Лашынның ерлігіне риза болған ана жас кептердің бірін ал, жар бол деп жалынады.


Осымен біраз жыл өтеді... Жас кептерлер қанаты қатып өседі. Әсіресе төрт балапанның үлкені (қыздың өзі) мейлінше көркем болып ержетеді. Ақын мұны сұлулықтын символы ретінде әсем суреттейді. Ол лашынды күтеді. Қыздың сертке беріктігі сүйген жарымен кездесу кезінде аңғарылады. Сүйген жарына (сұңқарға) ол мойнында қарыз барын айтып, жас кезінде бұларды лашынның ерлікпен елімнен құтқарғанын әңгімелейді. Сұңқардың рұқсатымен ол лашынды өзі іздеуге шығады. Түнде ұшқан кептер байғұсты жапалақтар ұстап ап әуреге салады. Кептер бар өмірінің шындығын айтып бұларға да жалынады. Ақыры жапалақтар кептер жайын түсініп, оны босатады да, лашын ұясына дейін жеткізіп салады.


Кептердің өзі іздеп келгеніне риза болған лашын оның басына азаттық береді де, еліне қайтарады. Сұңқардың, жолда кездескен үш жапалақтың ерлігіне сүйсінген ла-шын құс та езінің ер мінезділігін, жомарттығын дәлел-дейді.


Бұдан кейін қыз кептердің сұңқарға жете алмай бүркіттің тырнағына ілініп қалғандығын айтады. Қыз жұмбақтаған бүркіт—Абылай хан. Қыз оны нағыз тау бүркіті — қыран етіп бейнелемейді. Жем үшін бейбіт жатқан тоғайдың жәндіктерін қырған, орман ішін у-шуға толтырып зарлатқан озбыр етіп көрсетеді. Ақынның қыз атынан айтатын:


Бұл бүркіт қу жем үшін ойды кезген,


Көркем шың, кербез биік таудан безген.


Тоғайдык бейбіт жатқан жәндікnерін


Әдеті — талғамастан бәрін езген.


Бүркітке ерген тағы бір топ кұзғын


Жем үшін жаннан безген қалын ызғын,


Кәніккен қан ішкіштер кімді оңдырсын,


Қан тырнак көрмеген соц ешбір тізгін,—


деген сөздері Абылай мен оның сарбаздарының бейбіт көрші халықтарды соғыста қырып-жойған озбырлығын тағы аша түседі. Бұл — поэманың ұнамсыз геройларына халық пен оның өкілдері атынан айтылған айып.


Қыз жұмбағының дәстүрлі, халықтың ауыз әдебиетінде жиі кездесетінін жоғарыда айттық. XX ғасырдың басында әдебиетке араласып, жазушылық пен ағартушылық қызметті қабат жүргізген, орыс әдебиетінен бірқатар кұнды аудармалар жасаған Бекет Өтетілеуовтың «Данышпан қызы» атты бір шығармасында да осы тәріздес жұмбақ айтылатын еді. 1914 жылы Орынборда басылған өзінің — «Жиған-терген» деген кітабына кірген бұл аңыз өлеңінде Бекет те адамгершілік, сертке берік болу идеясын жырлайды. Өлеңнің мазмұны: патшаның үш баласы әкесі мирасқа қалдырған мал-мүлікті бөлісе алмайды. Бір күні бар қазынаны кіші баласы ұрлап тығып кояды. Осы таласты данышпан қазы (би) шешеді. Ағайынды үшеуінен барлық жайды сұрап алған қазы бірден билік айтпай, үшеуіне бір әңгіме айтып, сұрақ бе-реді. Бір кыздың күйеуі ұрын келіп, қалыңдығына оңаша кездесіпті,— дейді қазы,— бірақ қыз бір ғашық жігітке уәдесі барын айтып рұқсат сұрайды. Күйеу рұқсат береді. Ғашық жігітін іздеп бара жатқан қызды кешкі іңір қараңғысында ұры ұстайды. Ол тек қыздың киімін шешіп алуды қанағат қылмай, бұзық ойы барын білдіреді. Қыз бар жайын айтып жалынады. Ұры қызды аяп, босатып жібереді. Қыздың езі іздеп келгеніне, уәдеге беріктігіне риза болған жігіт те оны аман-сау рүқсат беріп үйіне қайтарады. Қыз күйеуіне келеді. «Бірі ұры, бірі — жігіт, бірі күйеу, үшеуінің қайсысы жомарт?» -деп сұрайды қазы ағайынды үш жігіттен. Үлкені «күйеу жомарт», ортаншысы «ғашық жігіт жомарт», кішісі «ұры жомарт» деп таласады. Кішісі:


Бір жолға қызды ұры аясын-ақ


Алуға үстін тонап жоқ па жөні,—


деп дәлелдемек болады өз пікірін. Осы жерде казы «үрыға ұры серік» деп кіші баланың ұры екенін ұстап береді.


Міне, бұл шығармадағы қазы жұмбағы да Сәкен поэмасындағы қыз жұмбағымен ұқсас. Алайда екі акын бұл жұмбақты екі түрлі жайды шешу үшін пайдаланады. Бекет ұрының кім екенін ашу үшін пайдаланса, Сәкен хан тобырының топастығын, халық өкілінің үстемдігін дәлелдеу үшін алады.


Қыз жұмбағын, оның кай құстың ерлігі артық деген сұрағын Сәкен поэмасында хан тобыры тағы да шеше алмайды. Қыз шарттары арқылы ақын Абылай маңындағы адамдардың тек даңғойлық даңққа ғана мас боп жүрген ақылсыз, топас жандар екенін толығырақ аша түседі. Олардың ішінен не мергендікпен, не тапқырлык-пен кезге түсер адам табылмайды. Хан өзі де ондай касиеттерден жұрдай. Шың басындағы орамалды атып түсіре алмаған соң хан қызға ендігі шартың қолдан келмес іс болмасын деп ескертеді. Тұтқын кыз шартына хан басымен қол сұғуы да — оның ер емес екендігінің бір айғағы. Ақын оларды жемтікке үймелеген топас жыртқыштар дейді.


Бүл айтылғандар да Сәкеннің бүкіл поэманың рухын хан мен оның қатыгез әдет-салттарын әшкерелеуге құрғандығын көрсетеді.


Ақынның халықтық позициясы тек қыз басындагы мұңға халықтық тұрғыдан ортақтаса білуі ғана емес, оны осы тордан құтқарар халық өкілін де суреттеп көрсете алуымен байланысты. Ең соңында қазақ батыры Адақ қана қыз сынынан өтіп, оның жұмбағын шешеді. Оқжетпес үстіндегі аққу ілген бүркітті атып түсіреді, оның басындағы қыз орамалына оқ тигізеді. Өзінің үлесіне тиген қызды Адақ рұқсат беріп, еліне қайтарады. Бұл арқылы автор зорлық пен қара күшті жеңген әділдікті, ақылдылықты паш етеді.


Жасынан бай жылқысын баққан, бірақ оның қорлығына шыдамай белгісіз бір себептермен Абылайға ерген халық өкілі Адақ поэмада кең пейілді, адал, ержүрек, қайырымы мол адам болып суреттеледі. Ақын оның ұнамды портретін жасайды.


Қара сұр ұзын бойлы, емес талпақ,


Денесі көк кұрыштай, өрдеш-шалқақ.


Қыр мұрын, қаракер көз, қара мұртты,


Қақпақтай қобы жаурын — топшы жалпақ.


Солқылдак көк кұрыштай, біткен тіп-тік


Жараған аш бөрідей белі жіптік,


Ыңғайлы, сұлу сида, сұиғақ дене


Жараған бәйгі кердей ықшам сыптық.


Біленген шиыр дене, бейне шойын,


Жұп-жұмыр сом біткен жігер мойын.


Денесі бұлшық етті, терткен күшті


Бәйге атша ширатады тұла бойын.


Оның «Адақ» атануын да ақын «күресте қалың қолды адақтаған» деп түсіндіреді. Іске тиянақты, жайшылықта сыпайы Адақ өзінің әділдігімен, кішіпейілдігімен елге жаққан ер мінезді адам. Осы қасиеттерінің үстіне Сәкен оны әнші етіп суретейді.


«Бүлінген елден бүлдіргі алма» деген өз елінің салтын берік ұстаған Адақ әуелден қызды олжа етпек болғандардың ешқайсысына да араласпайды. Ол Оқжетпес басындағы орамалды атып түсіруден бой тартады. Тек қыз жұмбағы арқылы оның мұңын түсініп, қыз басына азаттық алып беру ниетімен ғана оның шарттарын орындайды.


Қыз жұмбағын шешер алдында Адақтың ханға шарт қоюы да оның тартысты бейбіт жолмен шешуге жасаған талабы еді.


Жұмбақты сонда ғана шешіп көрем,


Қыз сезін шайпау болса, кешер болсаң,—


дейді ол ханға.


Поэманың осы тұсында көңіл аударарлық бір эпизод бар. Абылай Адақ шартына «кешірем» деп уәде берген шақта айдын көлде еркін жүзіп, сайрандаған екі аққуға бүркіт түсіп, бір балапанын алып кетеді. Ол тура Оқ-жетпес шыңына қарай шарықтайды. Көл басындағы у-шуға бүкіл Абылай қолы назар аударады. Хан мен оның қанішер нөкерлерін осы уақиғаның куәсі ете отырып, мұны ақын әлсізге әлдінің жасаған зорлығының бір көрінісі есебінде бейнелейді. Ол балапанын жоқтап сыңқылдаған жұбай аққу үнінен баласын іздеген туған әке-шешенің зарын естиді. Осы көрініс кейбіреулерді жабырқатып, санасына аяныш сезімін кіргізеді.


Әлсізді әлді жеген күші басым,


Жылатқан әлсіз болса қарындасын.


Тұтқын қыз осыны ойлап құз басында


Аққуға қарап тұрып төкті жасын.


Жыртқыш бүркітті Оқжетпес басына жете берген шақта Адақ атып түсіреді. Бұл эпизод арқылы автор қалмақ елін шапқанға жауды жеңдік деп құр даурықпалық жасаған, өздерінің айуандық қылығына мән бермеген Абылай мен оның жендеттеріне анадан баланы айыру сезімі қалай болатынын әдейі керсеткен.


Бұрын шың басына оқ жеткізіп көрмеген ханның қолы бұған қайран қалады. Бұдан кейін Адақ орамалды атып түсіреді. Қыз жұмбағын түгел шешеді. Сөйтіп ол өз олжасына тиген қыздың басына азаттық береді. Адақ-тың азаматтық ісіне қыз қатты риза болады.


Ойлап ем сырымды айтып жыламаққа,


Жұмбақтап ханнан ерік сүрамаққа.


Әдейі кұз басына шығып едім,


Бермесе, түңғиыққа құламаққа,—


дейді ол. Бұдан қыздың шарттарының бәрі азаттық алуға жасалған талап екенін көреміз. Ол шарттарды орындап, қызды әйелдікке аламыз деп хан әскерлері даурыққанмен, қыз оларға тию туралы ойламаған да. Ол олжаға түсер болса, құздан суға құлап өлуді ойлаған.


Адақ та Абылай ісіне сын көзімен қарайды. Қыз жұмбағындағы момындарды жеп жүрген бүркіт — хан екенін шеше отырып, ол:


Жазықсыз қалмақпенен жауласамыз,


Аянбай адша кырып ауласамыз.


Қалмақ та ел өзіміздей деген болса —


Теңгермей бойымызға дауласамыз,—


деп мойындайды. Осы үзіндіде ақын халықтар достығын мадақтайтын интернационализм идеясын көтереді.


Ақын Абылайдың қыздың азаттық алуына риза болмай қалғанын, бірақ уәдеден аса алмағанын жазады. Сөйтіп поэманың өзекті оқиғасы — «Оқжетпес», «Жұм-бақтас» есімдеріне байланысты әңгіме жауыздықты әділ-діктің жеңуімен тынады.


Сәкен поэмасының композициялық жағы шашыранды, жинақы емес екенін мойындау керек. Ол тұас бір жүйелі сюжетпен дамымайды, бөлек-бөлек уақиғалар тізбегінен тұады. Олар— Көкшетаудағы жер аттарына байланысты аңыздар. «Жеке батыр», «Бурабай», «Оқжетпес», «Жұмбақтас» туралы жоғарыда айтылған әңгімелер осыны дәлелдейді.


Поэманы оқып отырғанда Сәкеннің негізгі ойы — Көкшенің көркем табиғатын жырлау болғандығын байқау қиын емес. Ол кандай уақиғаны әңгімелесе де Көкшетаудың табиғат байлығымен, көлінің, тауының әсем көріністерімен байланыстырып, соған меңзей отырады. Кейде ол өзінше тауға, шыңға, көлге портрет, мінездеме  береді. Жеке батырды ол ұйықтап жатқаи батыр күйінде:


Батырдың қырыққа таяу келген жасы,


Денесі биік жота, таудай басы,


Сақалы төсін жапқан, қыр мұрынды,


Киюлі баста жатыр дулығасы,—


деп бейнелесе, Окжетпес шыңының биіктігін:


Тілдесіп тау мен аспан суйіседі,


Сәлем кып бұлттар басын иіседі.


Қиырдан келген қаңғып түрлі бұлттар


Бас косып тау төсінде түйіседі,—


деп суреттейді.


Табиғаттың бай да әсем көркін оны мекендеген хандардың озбырлығына қарама-қарсы қойған ақын қызға талас кезіндегі жайды:


Бәрінің жүректері аттай тулап,


Жүздері құбылады өңі қурап,


Қалын қол тым-тырс боп тұрды қарап,


Күледі көл мен ғана орман шулап,—


деп көрсетеді.


М. Қаратаев «Көкшетау» поэмасын Сәкеннің «жарқын, колоритті, ең бір шабытты шығармасы» деп атады. Ол «Мұнда ақын туған жердің сәнді көркін, Көкшенің тауы мен оның айнадай мөлдір көлдерінің керемет сұ-лулығын зор шеберлікпен аса көркем суреттейді» деп жазады.


Шынында да «Көкшетау» поэмасындағы Сәкеннің қолы жеткен ең басты табысы — табиғаттың сұлу керкін ерекше ақындық шабытпен әсерлі суреттеуінде. Және автор оны уақиғамен шебер байланыстырады. Көкшетау көрінісі мен ол туралы ақын әсері поэманың тек басында ғана емес, өнебойына еркін сіңісіп, сюжетпен органикалық байланыста беріледі. Тіл көркемдігі, суреттеу шеберлігі әрбір жарқын көріністе анық бой тастап, ойқастап отырады.


Жартастың бір жағы шын, бір жағы су,


Тау іші қалың орман, жап-жасыл ну.


Орман да, тау да, көл де ертелі-кеш


Сыбырлап сыңқылдаған бәрі ду-ду.


Алтын күн күміс суға нұрын бүркіп,


Сағыммен көкке ұшады торғындай бу.


Сызылтып әдемі әнін сыңқылдатып


Ертеді балатанын көлде екі аққу.


Бұл—Жұмбақтас суреті. Осы бір шағын үзіндінің езі оқушының кез алдына үлкен бір әсем өмір картинасын жайып салады. Осындай суреттерде ақынның өзінің күй сезімі, ішкі жан дүниесі аса бір сезімталдықпен көрінеді. Табиғат тыныштығын акын былай суреттейді:


Тек кана орман ептеп сыбырлайды,


Жасырып тапқызбастай сыр ұрлайды.


Ұры жел көзге ілінбей зыр жүгіріп,


Көл беті, гүл  жапырақ жыбырлайды.


«Көкшетау» поэмасы реалистік стильде жазылған. Оның тілі бай, образды, бояуы көркем екені айтылды. Кезінде әртүрлі сын болғанына қарамастан, поэма ең әділ төреші — өмірдің ең сынынан өтті. Сәкен мұнда өткен дәуірлердің ұнамсыз сыпаттарына, қатыгез хандардың озбырлықтарына әділ үкім айтты. Социалистік заманның мылқау табиғатты да жаңартып жатқанын да көрді. Сондықтан «Кекшетау» біздің мәдени мұрамызға жаңа дәуір тудырған тамаша туындылардың бірі болып кірді.


Поэманың орыс тіліне аударылып, кезінде орталык, баспасөз бетінде ұнамды бағалануы да осының бір дәлелі.


 


Қолданылған әдебиет: Қирабаев С. Сәкен Сейфуллин. Адматы – 1962





Пікір жазу