04.05.2021
198
Әкешім
Құтты болсын бүгінгі туған күніңіз,
Бал-бұл жайнап тұрсын әркез жүзіңіз.
Немерелер қызығына шаттанып,
Ортамызда аман-есен жүріңіз.
Әкешім, асқар тауым, тірегім,
Жанымдасың, қамқорымсың білемін.
Аман болшы, әкетайым, панашым,
Саулығыңызды тілеп әркез жүремін.
Қашанда қарыздармын, əке, саған,
Əрқашан мейіріміңді төктің маған.
Жүректің арнап ыстық махаббатын,
Əкетай, шексіз алғыс айттым саған!