04.05.2021
  715


Автор: Сәкен Сейфуллин

Қыз Жібек

Мен сөйлеймін, жарандар,
Тыңдап құлақ салыңыз.
Аз әңгіме қозғайын
Келгенінше қалымыз,
Зекетсіз болса пайда жоқ,
Қасықтап жиған малыңыз.
Қыз Жібекті тыңдаңыз,
Замандас еркек, ұрғашы,
Ақ сақалды шалыңыз.
Жүсіпбек қожа жырласа
Қыз Жібектің сөзінен
Енді әбден қаныңыз.

1
Басында менен жайылды
Қиса болып Қыз Жібек
Бас - басына қарасам
Бәрі жала әзінің
Еңіреп жылап жүр жүдеп:
Басында менен шыққанда
Тыңдаған адам жылаған.
Сүйейін мұны бір демеп,
Қисығын қайта түзейін,
Аруақтарың бар болса
Сіздер де мені жүр жебеп.
Осыны бұрын баспаға
Кім жазғанын білмеймін.
Қисынсыз болған сөздері
Жыламақ түгіл күлмеймін,
Мыңнан озған жорғамын
Ұлы дуға салғанда
Қамшыласаң желмеймін.
Қисайғанды түзеткен
Басында тәңірім жаратты,
Әр нәрсеге бір себеп
Қиса қылып жазып ем
Әуелі бұрын басында.
Қайғылықпен жазып ем.
Үйсінге алғаш келгенде
Жиырма үш жасымда
Сол кездердің уақытында
Бар еді қайғы басымда.
Бір күндерде қарасам
Баспа бопты бұл Жібек
Қисынсыз кетіп сөздері
Баспаға жазған адамның
Әр сөзіне қарасам
Ноғай ма екен өздері.
Қазақшаға түсе алмай,
Далаға көбін жіберген
Әйтеуір бар іздері
Егер қазақ жазғанда
Жоқ па екен деп айтар ем,
Басындағы көздері.
Ал тыңдаңыз жарандар
Өзге сезді қоялық.
Қыз Жібектің сөз қозғар,
Қызығына тояйық.
Сыры түскен жерлерін.
Жаңартып қайта боялық.
Сөз дүкенін құрған соң
Тамақ керек әркімге,
Бір тоқтыны соялық.

2
Кешегі өткен заманда,
Дін мұсылман аманда,
Кіші жүздің ішінде
Жағалбайлы елі бар
Жағалбайлының мекені
Ақ теңіз деген көлі бар.
Жаз жайлауын сұрасаң
Қара теңіз жағасы
Ұлан жамбыл елі бар.
Жағалбайлы елінде
Базарбай атты байы бар.
Байлығын оның сұрасаң
Өлшеу қылып айтуға
Есе жетпес жайы бар.
Байлығында өлшеу жоқ:
Жеті жүз түйе жүк екен.
Ділдәсі мен жамбысы,
Мың түйе жүк тағы да
Қант пенен шайы бар.
Аяқты малда есеп жоқ.
Айдалып бағып жайылар.

3
Сол байда үш қатын бар тоғыз ұлы,
Есебін тәңірі берген мұнша пұлды.
Еліне оба келген бір кеселден
Бірі қалмай тоғыз ұл бәрі өлді.
Тоғыз ұл ажалы жетіп бәрі де өлді
Ашу мен алты қатын тағы да алды.
Базарбай сексен жасқа келген шақта
Тапты кіші қатын бір ұғылды.
Оны тапқан қатыны қырық торт жаста,
Бала жоқ өзгесінде мұнан басқа.
Періште сипат ұлды берді Құдай
Жүргенде көзі толып қанды жасқа.
Төлеген деп қойыпты ұлдың атын,
Құдай артық жаратқан оның затын.
Баланы сипат қылып айтып болмас,
Көрген жан ақылынан бір талатын.
Базарбай баласына көңілі тойды,
Қайғының ішіндегі бәрін жойды.
Тоғыз жыл артынан бір ұл және туды,
Жұрт жиып Сансызбай деп атын қойды.
Жүріпті екеуіне қалың бермей,
Дұшпанның әр не деген сөзіне ермей
Тірі жүрсе өздері алар бір қыз,
Өліп қалса күйігін тағы көрмей
Алса да патша қызын малы жетер.
Менікін жаратпаса сәнім кетер,
Күйікті қатты тартып жүрген басым!
Жазым болса күйермін онан бетер!
Төлеген сонда он екі жасқа келді,
Қыз іздеп аралады тамам елді,
Он алты жасқа дейін қыз жаратпай
Ат жетер жерді аралап тамам қылды.

4
Еліне бір саудагер келді дейді,
Бұлардың әбден жайын білді дейді.
«Дүниеқор Базарбайдай көрмедім» деп
Саудагер мазақ қылып күлді дейді.
«Бүл малды бекер жиып керегі не?
Бермейді малының қалың біреуіне?
Көзінің ағы менен қарасындай
Артында мирас, малға иесіне?!»
Сонда біреу айтады оның жайын:
«Бақ-дәулет берген артық бір Құдайым,
Ел-жұртынан қыз жаратпай жүр Төлеген,
Малын аяп жүрген жоқ Базарбайың».
Мұны айтып сөйлейді карт саудагер,
Ал сонда Төлегенді шақырып алар
Төлегенге айтады «Сүйінші бер.
Мен таптым жақсы қызды саған жағар!
Қыз жақпай оз еліңнен жүрсе саған,
Төлеген сүйінші бер енді маған.
Елі бар Ақ Жайықта алты шекті,
Аласың жақсы қызды барсаң соған.
Жайықта қызы сұлу артық ел бар,
Ерінбей қыз іздесең сен соған бар.
Ақ Жайықтан аларсыз бір сұлуды,
Болғасын мұнда тұрып қатерін, тар.
Төлеген мұны іздеуге көңілі кетті,
«Жолы бар неше күндік оның?» депті.
Саудагер айтты жолын жүз күндік деп,
Төлеген іздемекке талап етті.
Төлегеннің он жетіге келген шағы,
Аз емес бір тәңірінің берген багы.
«Жол бар» деді саудагер «жетпіс күндік
Төте жол қырық күншілік болса дағы,
Онымен жүре алмайсың барғаныңмен.
Өлесің жолда шөлдеп арманменен,
Жүр, — деді, — алыссынбай су жағалап»
Әрқашан бардың ісі пәрменменен;
Төлеген Ақ Жайыққа жүрмек болды,
Тәңірінің жазған ісін көрмек болды.
Басшы болып сол тапқан жанға
Жүз жамбы сүйіншіге бермек болды.
Жаранды бір қара көк тұлпар атты,
Өзі жорға жануар құс қанатты,
Тұрманның барлығын алтындатып,
Күміспен торт аяғын тағалатты:
Шәм шырақтас орнатты жүген ерге.
Басшы, қосшысыз жігіт алды бірге.
Тоғыз нарға алтын мен күміс артып,
Бес жігіт тағы алды қызметкерге.
Ерлерге жәрдем бір құдайы
Қырық түйе болды азық қант пен шайы.
Азық-түлік әммәсін даярлап ап,
Жөнелді туғаннан соң наурыз айы.

5
Базарбайдың, Төлеген,
Ерте туған көбеген,
Сексен жігіт қосшы алып,
Он бес жігіт басшы алып
Ақ Жайыққа жөнеген.
Айдың өткен нешесі?
Ай қараңғы кесесі.
Патшадан кем емес
Ер Төлеген мүшесі.
Әулиеге тай айтып,
Қорасанға қой айтып,
Шыбын жанға жан артып
Артынан қуып келеді.
Өлгенде көрген шешесі.
Шешесі келіп сөйледі
Сөйлегенде бүй деді:
«Мінгенде атың аласың,
Менен туған баласың,
Адал бала тастай ма
Атасы менен анасын.
Қал дегенде қаласың,
Айтқан тілді аласың,
Қал дегенде қалмасаң,
Айтқан тілді алмасаң,
Құрттың анаң шарасын!
Өлгенде көрген қарағым,
Ата-анаңды зарлатып,
Қай жаққа кетіп барасың?
Анаң келді зарланып,
Әкең отыр сандалып,
Көре алмаған кәп дұшпан
Сыртынан келер қамданып.
Сен кеткен соң қарағым
Өледі кемпір-шалыңыз!
Сансызбай болса, жас еді.
Жүреміз кімге алданып!»
Төлеген сонда сөйледі:
«Қой, шешеке - ау, жылама!
Жылағанмен бола ма?
Бекер босқа шешеке - ау!
Жиырмаға келгенше
Маған қалың бермеген,
Тең құрбымдай көрмеген,
Құм құйылсын көзіне,
Осы екен сізге сыбаға!»
Шешесі сонда сөйледі
Сөйлегенде бүй деді:
«Келген, балам, қайт сана,
Патша қызын алсаң да
Өз елінде жат сана.
Біреудің тілі тимей ме?
Қартайып әкең Базарбай
Сенің үшін күймей ме?
Ел ішінде тентек кен,
Жиһан кезіп жүргенде
Тентіреген демей ме?
Ата-анасын зарлатып
Бір қыз үшін кетті деп,
Дос-дұшпаның күлмей ме?»
Төлеген сонда сөйледі:
«Айтайын саған шешеке - ау,
Қай кұнан қой қаңғырып
Бұралқы болар қораға?
Бір сұлу алмай шешеке - ау,
Сірә да көңілім тола ма?
Талап қылған ісінен
Ат басын ерлер бұра ма?
Жаман-жақсы болса да
Алланың болар әмірі.
Өз айтқаның бола ма?
Тілімді алмай кеттің деп.
Қам күн болып жылама!
Мен Жайықтан келгенше
Жүзіңді аман көргенше
Тапсырдым ата-анамды
Жаратқан қадір құдайға!»
Анасы сонда сөйледі:
«Өлкенің көркі тал болар,
Өзеннің көркі жар болар
Жігіттің көркі мал болар.
Малың болса қарағым
Қара басың хан болар
Аюға ұқсап іштің бал
Жая шайнап жемедің жал.
Кетер болсаң қарағым
Жылқыдан тандап қырық жорға
Сансызбай болса жас еді
Сен кеткен соң қарағым
Сүйеніп кемге күн етер
Артыңда қалған кемпір-шал?»
Төлеген сонда сөйледі
Сөйлегенде бүй деді:
«Мінгенде атым аламын,
Сенен туған баламын,
Көңіліме түсіп бір қиял
Сапар шегіп барамын.
Алда нәсіп айдаса
Бір сұлуды аламын
Алда нәсіп қылмаса
Ендігі сөздің қысқасы
Мекеге таман барамын!»
Төлегеннің қайтпасын білген соң анасы батасын береді.
Анасы қаріп жылады.
Жылады да толғады.
Қой десе де баласы
Оған сірә болмады
Бір сұлу қыз алмай
Төлеген Дүниеге көңіл тоймады.
Шешесі сонда сөйледі:
«Аһ, дедім құдая!
Дарғаһыңа бас идім!
Сөзді сөзге ап келіп,
Күйгенімнен жапсырдым.
Кетер болсаң қарағым,
Әуелі құдай мен сені,
Кәміл пірге тапсырдым
Қол иесі Қамбар - ау,
Жол иесі Қамбар - ау
Қарағыма көз сал - ау!
Рақым қылсаң құдая
Сенен өзге кім бар-ау?
Ғашықтардың пірі едің
Ләйлі - Мәжнүн сіз бар-ау!
Ғашықтардың сәруәрі
Зылиха - Жүсіп пайғамбар!
Әйелдің пірі бибі Бәтима!
Баламды сізге тапсырдым!
Адасса жолға салып жүр,
Сүрінсе қолдан алып жүр.
Бәлекет келсе қағып жүр;
Бір ғашықтың дертінен
Қарағым менің нағып жүр,
Әзіреті ер сұлтан
Рақым қылып сіз тұрсаң
Баба түкті шашты әзіз!
Баламды сізге тапсырдым.

6
Жылап-сықтап қоштасып шешесі қайтады. «Кірекеш болмасам да әрі туысы секілді едім, шешемнің сөзі дұрыс екен» деп ойлап, сол жерге досын қондырып, Төлегеннің өзі қайтып келіп жылқыдан екі жүз елу жорғаны бөліп айдады.

Көп күн жол жүріп шекті деген елдің шетіне келеді. Шатырын тігіп жорғаларын жайып салып, Төлеген айналасындағы елге жар салады.

«Алыстан Жағалбайлы елінен Базарбайдың ұлы Төлеген мырза сұлу тандап, қыз тандап келді. Көрінген қызға жаратса да жаратпаса да бір-бір жорға сыйлық береді», — деп. Жұрт қыздарын әкеліп көрсете берді, көрінген қыздар бір-бір жорғадан әкете берді. Бірінші күнде екі жүз қыз көрінді, Төлеген жақтырмады.

Төлегеннің қасындағы сексен жолдасы бір күні кеңес қылды. «Төлеген малды босқа шашып, ысырап қылды, бүйте берсе жуырда айдаған жорғаны тауысады. Сонан соң біздің астымыздағы аттарымызды үлестіре бастар. Жаяу қалып, жүген алып елден ат іздегеніміз жараспас. Онан да қыздарды әуелі өзіміз көрейік, асқан сұлу болса ғана Төлегенге көрсетейік, әйтпесе Төлегенді білмейміз деп жасырып көрсетпейік», — деп. Айтқандай-ақ, көптің бәрін сырттан қайырып Төлегенге жалғыз-жарым болмаса қыз көрсетпеді.

Біраз уақыт өткен соң саудагер шалдың айтқаны бекер екен, бұл жақта сұлу қыз жоқ екен деп Төлеген келгеніне өкіне бастады.
Алты шектінің Сырлыбай деген ханы бар еді. Сырлыбайдың алты ұлы, бір қызы бар еді. Қызы ең кішкенесі еді, аты Жібек сұлу еді. Жібек өте сұлу еді. Әркімдер айттырса да ешкімді жаратпай жүруші еді.

Ханның Қаршыға жыршы деген уәзірі бар еді. Қаршыға тым сенімді болғандықтан, отардағы тоғыз мың жылқысын баққандардың үстінен хан бас-көз ғып қойып еді.

Төлегеннің дабылын естіген соң Қаршыға Төлегенге бармақ болды. Қаршыға ойлады: «Төлегенді көрейін, жұрттың мақтағанындай болып шықса Қыз Жібекпен таныстырайын. Төлеген маған жақса Жібекке де жағар» деп.

Отарда жатқан Қаршыға
Бір бедеуге мінеді,
Алладан пәрмен тіледі,
Ойпаң жерден ырғытып,
Жарлау жерден қарғытып,
Тегіс жерден сырғытып
Алаңдамай желеді.
Сексен жігіт елшіге
Салып жетіп келеді.
Келіп сөйлей береді:
«Асу да асу бел дейді
Аса бір соққан жел дейді
Сексен жігіт ішінде
Базарбайдың баласы
Төлеген мырза кім? дейді
Басыр, басыр, басырды,
Аққа құлпы жасыды.
Сексен жігіт ал сонда
Төлегенді жасырды:
«Мінгенде атың дөненді
Көкке тойған көбенді
Біз білмейміз Қаршыға – еке - ау
Төлеген мырза дегенді».
Жігіттердің Төлегенді жасырғанын Қаршыға сезіп «жол болсын» деп айтқаны.
«Ассалаумағалейкум, көп жігіттер!
Сайланған бәрің бірдей бек жігіттер
Сайланып шыға қапсыз тобыңыздан,
Сөйлей түр сезін, болса сен жігіттер!»
«Келеміз сұрау салып біз жолаушы,
Бет алып шыққан жерім көк бояушы,
Үйірін қысырақтың жауға алдырып
Келеміз сұрау салып біз жолаушы».
«Күн көріп жүруші едім өнерменен:
Төтелеп келдім сізге кемерменен,
Көрдім де қараларың жандай шаптым
Баласы Базарбайдың дегенменен»,
«Келесіз біздің көріп қарамызға,
Жауапқа жауап таппай қаламыз ба?
Сыртынан Базарбай деп естуші едік,
Төлеген біздің жоқты арамызда!»
«Әр жерге асып туған тегім деп ем,
Төлеген жұрттан асқан бегім деп ем,
Сұрасам жолаушыдан сіздер дейді,
Жасырдың Төлегеннің несін менен.
Осынша ол Төлеген жасырынып
Ол өзі кімнің ұрлап ақын жеген?!»

8
Шатырдың ішінде бұлардың сезін естіп жатып «Жігіттер мені неге жасырып тұр» деп Төлеген таңданады да шатырдың есігін көтеріп сығалап қарап Қаршығаны көреді. Түрінен дос адам екенін танып шатырдың етегін сертпе тастап сыртқа шығып Қаршығаға қарап Төлеген сөйледі:
Ассалаумағалейкум Қаршыға - еке!
Мен едім Базарбайдың Төлегені.
Қозынын ерте туған көбегені!
Қаршекем араз ба еді бұрын маған
Қасыма таныт тұрып келмегені?
Мен едім Базарбайдың үлкен ұлы,
Алланың шыныменен сүйген құлы,
Қаршыға - екем сәлем берсем қарамады.
Бар еді Төлегеннің неден міні?!
Осы келген Қаршыға
Табынан асқан ер еді,
Шетте тұрған Қаршыға
Төлегенге келеді.
Келіп сөйлей береді:
«Ауыл алды ен» деді
«Белден көшкен ел» деді
«Сексен жігіт ішінде
Базарбайдың баласы
Төлеген мырза сен» деді
«Нәсіліне қарасаң
Қас патшамен тең» деді!
«Мен жайымды айтайын;
Алты шекті елінде
Сырлыбай ханның уәзірі
Қаршыға жыршы мен» деді.
«Төлеген болсаң сен» деді,
«Кел соңымнан ер» деді.
«Жұртқа берген олжаңнан
Білдірмей маған бер» деді.
«Мен бір сұлу табайын,
Патшамыздың жалғызы
Аты Жібек сұрасаң
Кереметін кер» деді.
Базарбайдың Төлеген
Қаршығадай ақынның
Бұл сезін мақұл көреді,
Айдап жүрген жорғадан
Екі жорға береді.
Сексен жігіт елшіден
Бес жігітті бөледі.
Өзгесін елге қайтарып,
Қаршығаменен ілесіп
Ақ Жайыққа жөнелді.
Неше дүркін ел болып,
Оқпанды жер ғып болып,
Төлегеннің сездері
Соңғыларға жыр болып
Оқпанды бала шығады
Айдын көлдің шетіне
Адам қарап болмайды
Ер Төлеген бетіне.
Қамшы басып кес-кестеп
Көк жорға аттың көтінде
Дәл сегіз күн жол жүріп,
Аз ғана емес мол жүріп,
Сонда жеткен секілді
Ақ Жайықтың шетіне.
Құланнан атты құрықты
Көлден тартты бұрықты,
Арада неше қоныпты.
Жетемін деп зорықты.
Сәске мезгіл болғанда
Қыз іздеген Төлеген
Көшкен бір елге жолықты.

10
Сонда Қаршыға айтты: - Біздің ел жайлауға қарай бұзыла көшкен екен. Жібекті көш жөнекей көрсетейін, — деді. Асықпай артымыздан жаймен келерсіз деп сол араға қосшыларын тастап Қаршыға мен Төлеген қалың көшті аралап жөнеледі.

Базарбайдың Төлеген
Талай көштен өтеді.
Сонда бір көшке жетеді.
Көш алдына қараса
Бір қыз кетіп барады.
Шытырма көйлек етінде
Нұр сәулесі бетінде.
Қос бұрымы көтінде,
Бұралып кетіп барады.
Пірдің қызы секілді.
Әзі он торт жасында
Жарқыратып маңдайын
Айырып қойған кекілді.
Осы екен деп Қыз Жібек
Жетіп келеді қасына
Базарбайдың Төлеген.
Артынан келіп Қаршыға
«Жібек емес» деген соң
Онан бір өтіп жөнеген.
Енді онан өтеді,
Және бір көшке жетеді.
Көш алдына қараса
Бір қыз кетіп барады;
Тан мезгілі болғанда
Шолпанның туған жұлдызы,
Кигені Алтай қырмызы,
Бейіш шығып келмесе
Бұл жалғанда қор қызы.
Сондай-ақ болып туар - ды.
Адамзаттың бір қызы.
Осы екен деп Қыз Жібек
Жетіп келеді қасына
Базарбайдың Төлеген,
Артынан келіп Қаршыға
«Жібек емес» деген соң,
Онан да өтіп жөнеген.
Төлеген кәділі түзелді,
Асығып жүрді тез енді,
Бір көрмекке Жібекті
Төлеген мырза кезенді
Қаршыға мен Төлеген
Жағалай салды өзенді.
Сол уақытта артынан
Бір кеш шықты түбектен,
Кеш алдына қараса
Бір қыз кетіп барады
Отыз түйе жетелеп,
Сары мая илектен,
Мұрындығы сары жез,
Бұйдасын ескен жібектен
Толған айдай толықсып,
Ақ сазандай бұлқысып
Бұрылып кетіп барады.
Мұны көріп Төлеген
Атынын, басын бұрады,
Әңгіме-дүкен құрады.
«Осы ма деп Қыз Жібек?»
Қаршығадан сұрады
Қаршыға жетіп келеді.
Әзіл айтып күледі:
«Бүл емес» деп «Қыз Жібек».
Онан өтіп жөнеді,
Онан өтіп Төлеген
Атына қамшы басады.
Алдындағы белестен
Орғытып келіп асады,
Белестен түсіп желеді
Ойға түсіп келеді
Тағы айқасты бір кешке:
Көш алдына қараса
Бір қыз кетіп барады,
Жанасалай сұлудың
Қасына жетіп келеді.
Төлеген мырза кереді
Көш алдында сұлудың
Он қыз нөкер қасында,
Өзі он бес жасында,
Ақ маңдайы жарқылдап,
Танадай көзі жарқылдап,
Алтын шашбау шашында
Қырық нарға жүк арттырған.
Қамқа зіпірлі кілемді
Жүк үстіне жаптырған,
Қазыналы қырық нарға
Жібектен арқан тарттырған.
Әсемдіктің бәрінде
Бүл жиһаннан арттырған.
Дәрия бешбет белсініп,
Бүл дүниені кең салып.
Алтындай қамшы қолға алып,
Оқ жыландай толғанып
Бұралып кетіп барады
Жын соққандай теңселіп,
Осы екен деп Қыз Жібек
Жетіп келді қасына
Базарбайдың Төлеген
Сыртынан келіп Қаршыға
«Жібек емес» деген соң
Онан да өтіп жөнеген.
Тап басында қарағай
Төлегеннің мінезі
Болып кетті баладай.
Осындай болып аз жерден
Он бір қыз өтті сәулетпен
Бәрі де қалды жарамай
Тағы айқасты бір көшке
Кеш алдына қараса
Бір қыз кетіп барады
Орта бойлы дембелше,
Алтындай камзол жейдеше,
Сипатына қараса,
Бұрынғы қыздан өзгеше.
Алтын жеңі кеседей
Екі көздің, қарасы,
Бейістен шыққан шамшырақ
Көзінің гауһар қарасы
Туған айдай иілген
Екі қастың арасы,
Сымға тартқан күмістей
Он саусақтың саласы
Сондай-ақ болып туғанда
Адамзаттың баласы!
Осы екен деп Қыз Жібек
Жетіп келді қасына
Базарбайдың Төлеген.
Артынан келіп Қаршыға
«Жібек емес» деген соң
Онан да өтіп жөнеген.
* * *
Енді онан өтеді,
Және бір көшке жетеді
Көш артына қараса
Бір қыз кетіп барады.
Қара жорға мінгені,
Қара торқа кигені,
Екі көзі сүрмелі
Бұл сияқты перизат
Қыз іздеген Төлеген
Жоқ еді сірә кергені
Сексен түйе қомдаған,
Сексенінде болмаған,
Сексен түйе үстінде
Алтынды жағдан оранған
Аспаһани кілем бар
Жібектен гүлін торлаған
К,ыз сипатын қараса:
Ақ бетінде кіршік жоқ
Айдын көлдің қуындай,
Екі көзі жалтылдап,
Батырдың алтын туындай
Сөйлеген сөзі мазалы
Аппақ зәмзәм суындай,
Аузынан шыққан лебізі
Сары алтынның суындай,
Осы екен деп Қыз Жібек
Жетіп келді қасына
Базарбайдың Төлеген.
Артынан келіп Қаршыға
«Жібек емес»деген соң
Онан да етіп жөнеген.
Онан өтіп Төлеген
Атқа қамшы басады,
Тұлпардан туған кек жорға ат
Көзі оттай жанады,
Сымға тартқан күмістей,
Сүмбедей болып жарады.
Тағы айқасты бір көшке
Көш алдына қараса
Бір бәйбіше нұр жүзді
Көшті тартып барады.
Кеш алдына бәйбіше
Сары алтыннан жабдығы
Екі жүз түйе қазына
Қызыл алтын сандығы.
Аға жүніс перідей
Көркі раушандығы.
Жазығы қатын демесең
Қартайса да ілгері
Әлгі қыздан салдығы.
Айдың өткен нешесі?
Ай қараңғы кешесі!
Жазығы қатын демесең
Қартайса да ілгері
Әлгі қыздан мүшесі
Асылдай болып есіліп.
Нұрдай болып жайқалып
Ақ маңдайы жарқылдап,
Танадай көзі жалтылдап,
Алтынды кебіс сартылдап,
Кешті тартып барады
Жібектің тапқан шешесі.
Берсе тәңірі жігітке
Ертесі мен кеші не?!
Ертеңгі күн бесінде
Зорға жеткен секілді
Қыз Жібектің көшіне.
Көш сәулетін қараса
Аспанның жәуһәрі,
Бастампылдың кәуһәрі.
Тамаша қылған адамның
Тояды көзінің баһары
Есебі жоқ дүниені
Ееептелік несіне!
Келсе Жібек жоқ екен
Сол секілді көшінде
Мұны көріп Қаршыға
Аттың басын бұрады,
Әңгіме-дүкен құрады:
«Жібек жан қайда кеткен?» деп
Әккі болған Қаршыға
Шешесінен сол жерде
Сылтау етіп сұрады.
«Жібекжан ерте кеткен» деп.
«Болжаулы жерге жеткен» деп
Көшпенен бірге жүрсем деп
Бетіме тозаң тиер деп
Кек пәуеске күймемен
Азаннан тұрып кеткен деп
Шешесінің сол жерде
Бұларға берген жауабы.

11
Төлеген мен Қаршыға көштің алдыңғы жағына шықты. Жібектің арбасының, көшбасшылардың жосылып жатқан ізін көрді. Ізге түсіп Жібекті қуып жөнелді.
Найзасы аумай қолынан,
Желі тұрып оңынан
Ай мүйізді қошқардың
Бұра тартты қоңынан.
Төлеген сонда жөнелді
Кеткен Жібек соңынан
Базарбайдың Төлеген
Енді белін түйінді,
Асыл киім киінді,
Багымды Алла ашқын деп
Пірлеріне сыйынды,
Атқа салды малдыққа,
Текіректеп келеді.
Енді ойланып Төлеген
Келгеніне өкінді.
Тұлпардан туған көк жорға ат
Ор қояндай секірді.
Қаршығамен таласып
Атқа қылды әкімді.
Ертеңгі күн бесінде
Қыз Жібектің ізімен
Келе жатқан секілді.
Алмас қылыш сартылдап,
Алтынды жүген жарқылдап
Көк жорға тұлпар қырланды
Екі көзі жалтылдап.
Өмілдірік сом алтын
Омырауда алқымдап,
Солқылдайды қара жер
Көк жорға ат басса былқылдап
Ұршықтай саны бұлтылдап,
Қояндай шаны бұрқылдап,
Алмас қылыш белінде
Қолында найза қылтылдап,
Торт тұяқтан шыққан от
Шақпақ тастай жылтылдап.
Құлақ салсаң дыбысы
Тау суындай сыңқылдап,
Қолтығынан аққан тер
Тебінгіден шылқылдап
Шымның жанған шырағы,
Жақынның болмас жырағы,
Жеті қырдан асқанда
Дүрілдеген қонырауды
Есітті сонда құлағы
Шапса балта өтер ме
Шағырлаудың тасына?!
Нелер келіп не кетпес
Ер жігіттің басына?!
Қоңырау даусы келген соң
Көк жорға атты ағызып
Жетіп бір келеді қасына.

12
Жібектің күймелі арбасына үш ат қатарынан жегілген екен. Күйменің қақпағы жабылып, ат айдаған жемшігі де сырттан көрінеді. Төлеген күйменің алдына бір шығып артына бір шықты, Ешкімді көре алмады. Артына қараса Қаршыға көздің ұшында қалған екен. Шыдап тұра алмай қызды шақырып сонда Төлеген:

«Кім бар?» деп бұл күймеде дауыстады,
Ақылын ашуланып тауыспады.
Төлеген үш қайтара шақырса да
Қыз Жібек сөйлесуге намыстанды.
Төлеген сонда тұрып қапа болды,
Өзінің елін ойлап іші толды.
«Қыз түгіл ез елімде еркек қорыққан
Қайран басым бүл жерде бекер болды.
Өз елімде тең едім хан затымен,
Алдыма келмеуші еді қан атымен
Мынау қыз жауап бермей қапа қылды,
Жүргенсіп ө
з елінде сәулетімен»
Төлеген қапа болып қалды тұрып.
Атынын кейін қарап басын бұрып,
Сол уақытта Қаршыға да жетіп келді.
Сөйлеспей Жібек кетті құдай ұрып.
Қаршыға Төлегенге келді жетіп,
Атына қамшы басып екпіндетіп.
Төлеген Қаршығаға сөз сөйлейді:
«Кетті деп жауап бермей қапа етіп».

13
Қаршыға Төлегенге «налымаңыз» деді. «Сізден бұрын ешкім Жібекпен дауыстап сөйлескен емес. Сіздің айғайлағаныңызға намыстанып қалған болар. Енді мен сөйлесіп керейін» деп Қаршығаның Жібекке келіп айтқаны.
Ұядан ұшқан балапан
Қанаттарын тарайды,
Асыл туған анадан
Әрбір іске жарайды.
Үрметіңе сенін қарағым
Тігемін алтын сарайды.
Данышпан адам дүниенің
Парасатын қарайды.
Ақы алып қызмет қылғанды
Оны да іске санайды.
Көтергін, Жібек, басынды,
Ертіп келдім бір жігіт
Тап өзіңе лайық,
Жақтырмап едім талайды.
Басынды көтер, Жібекжан,
Құлағың салып сөзіме,
Қасымда тұр бір жігіт
Тап лайық езіңе,
Нұр жігіттей өзі бар.
Бал шекердей сөзі бар
Талай бекзат көріп ем
Мыңын жисаң осының
Жетпейді басқан ізіне
Қаршыға сынды көкеңді
Қапа қылмай қарағым
Бір қарашы жүзіне.
Сонда Жібек сөйлейді,
Сөйлегенде бүй дейді:
«Кеке болмай жерге кір,
Салмаймын құлақ сөзіңе
Бай тауып маған aл кел деп
Қашан айттым өзіңе?
Өжідеп баққан малыңды,
Бет алдыңа сандалмай,
Жолама менің ізіме.
Екі тайға ұялмай
Мені сатып сыртымнан,
Не бетіңмен сөйлейсің?
Көрінбей жәнел көзіме!
Қаршыға сонда сөйлейді:
«Рас менің, Жібекжан,
Екі жорға алғаным,
Неге айтайын сөзімнің
Расын айтпай жалғанын.
Мақұл ма екен, Жібекжан,
Сөздің жеңін байқамай
Өтірік жанжал салғаның
Екі жорға мен алдым
Төлегенге дос болып
Жолыңа сенін басымды
Бетке тігіп мен келдім.
Сегіз күндей жол жүріп
Ерте көшіп кеш қонып.
Басынды көтер, Жібекжан,
Кетпес еңбегім еш болып.

14
Қаршыекем маған сеніп келген екен, көрінбей қалғаным ұят болар деп ойланады да Қыз Жібек қақпағын ашып жарқ етіп көрініп амандасты да қайтадан күйменің ішіне кіріп қақпағын жауып жіберді. Жібектің қасында үш қыз бар екен. Жібектің сұлулығы Төлегенді таңдандырды. Төлегеннің көзіне Жібек хор қызындай болып көрінді.

Қыз Жібек құрметі
Жиһаннан асқан сәулеті
Ләйлі - Мәжнүн болмаса
Өзгеден артық келбеті.
Үш қызы бар қасында
Өзі он торт жасында
Кебісінің өкшесі
Бұхардың гауһар тасындай
Ақ маңдайы жалтылдап,
Танадай көзі жарқылдап,
Алтын шашбау шашында
Қыз Жібектің дидары
Қоғалы көлдің құрағы
Көз сипатын қарасаң
Нұр қызының шырағы,
Дүр гауһар сырғасын
Көтере алмай түр құлағы.
Бой нұсқасын қарасаң
Бектердің, мінген пырағы
Қыз Жібектің ақтығы
Наурыздың ақша қарындай,
Ақ бетінің қызылы
Ақ тауықтың қанындай,
Екі беттің ажары
Жазғы түскен сағымдай,
Білегінің шырай мүсіні
Ақ балтаның сабындай.
Төсінде бар қос анар
Нар бураның санындай,
Оймақ ауыз құмар көз
Іздеген ерге табылды - ай
Өткірлігін байқасаң
Ұсталар соққан кетпендей,
Нұр тұқымын еккендей.
Өзі түгіл Жібектің
Өлігіне адам қырылып,
Бетінен келіп өпкендей.
Қыз Жібекті Төлеген
Ақылыменен танып түр,
Көз мейірі қанып түр,
Бейістен шыққан шамшырақ
Көзі жайнап жанып тұр.
Белі нәзік талып тұр.
Тартқан сымнан жіңішке
Үзіліп кетпей нағып тұр?!

15
Төлеген сол жерде - ақ Жібекке ғашық болды. Айналасынан кете алмай бір-екі ауыз өлең айтып Жібекті сөйлетпекші болды. Сұлулығынан, байлығынан, нәсілінен мін таба алмай кесірлі екенсің деп Жібекке тиіп айтқаны:

Басыр - басыр, басыр тау,
Аққа құлпы жасыл тау.
Басынды көтер, ей, Жібек
Төлеген келді қасыңа - ау!
Қыз басыңмен алшақтап,
Бүйте берме, ей, Жібек.
Жұртыңа тиер кесірі - ау!
Қыз Жібек мінген күймесін,
Күймеге тағып түймесін.
Қыз басыңмен алшақтап
Бүйте берме, ей, Жібек
Кесірін, жұртқа тимесін?
Сонда Жібек сөйлейді,
Сөйлегенде бүй дейді:
«Олай болса, Төлеген,
Мен жайымды айтайын,
Ағыным судай ағады,
Халқым майдай бағады.
Жұртым қойдай қағады,
Менің қылған кесірім
Саған кесір болса да
Өзіме майдай жағады.
Жалғыз атты жолаушы
Жақындамай арман тұр,
Үстімдегі кесірлер
Таянсаң саған жұтады.
Ат байлаған шағыр тас,
Арқама тепкен қолаң шаш,
Қайдан келіп кез болдың
Қаңғырып өскен бір қу бас!
Жалғыз атты жолаушы
Кесірім ұрып кетпесін
Қасыма келмей аулақ қаш!»
Төлеген сонда сөйлейді,
Сөйлегенде бүй дейді:
«Қыз Жібек мінген күймесін,
Күймеге тағып түймесін,
Қайдан білдің, Жібек - ау,
Іздеп келген Төлеген
Мал беріп сені алмасын,
Ал қойныңа енбесін,
Ақ төсіне мінбесін?!»
Сонда Жібек сөйлейді,
«Жақсы айтасың Төлеген
Сіздей - сіздей әр жерден
Неше жігіт келмеген?
Бәрі де айтқан «Жібек - ау,
Сені алмасам» демеген!
Көбісі келмей шетіме
Бір дәрке болып жөнеген.
Келсең кел шындап қасыма
Шай мамығым басыңа
Ал жатпас па едім қасыма
Әлуе шекер беремін
Ішетұғын асыңа.
Келсең келгін Төлеген
Құрметім мұндай менікі.
Келмесең арман кете бер.
Бар, дамбалым басыңа!!

16
«Олай десең саған жеңген жерде сөйлесермін» деді де Төлеген жүріп кетті. Төлеген Жібекті айттырмақшы болды. Қаршығамен ақылдасты. Қаршыға мақұл көрді. Ортаға жүрмекші болды. Сол жерде Төлеген екі жүз елу ат сатып алды. Жылқыларды айдап Сырлыбайдың ауылын қуып келе жатқанда Төлеген мен Қаршығаның алдынан он шақты жасауыл шыға келді. Амандасқаннан соң жасауылдар айтты: «Қаңғырған жалғыз атты жолаушыға Жібекті көрсетіп, ұялмай Жібектің басын базарға салып, бәрімізді масқара қылып жүргені несі Қаршығаның» деп ханымыз ашуланып жатыр. «Қаршығаны жанындағы жолдасымен қосып ұстап алып келіңдер, екеуінің де жазасын беремін» деп бізді жіберді» деп. Қаршыға айтты: олай болса өзіміз де келе жатырмыз, жүріңдер деп.

Болғанда айдай әлем күндей күлем,
Аузымды ашсам денемнен қайнайды өлең.
Отырған маслихат қып ақсақалдар!
Сіздерге Төлеген келіп берді сәлем.
ОТЫРҒАН ТОПТЫҢ ІШНЕН БІРЕУІНІҢ
ТӨЛЕГЕНГЕ БЕРГЕН ЖАУАБЫ
Аликүмассалам жаным балам,
Жүріпсіз ат жаратып барың тамам
Келесіз ат сабылтып алыс жолдан
Сөйлей тұр сөзін болса шыраққанам
ТӨЛЕГЕН СӨЙЛЕЙДІ:
Ойлаймын келе жатып ақыл-айла,
Ойлаған ақыл-айла жанға пайда.
Ат сабылтып келеміз алыс жерден,
Жібек сұлу дегеннің аулы қайда?!
ХАН СӨЙЛЕЙДІ:
Бәріңнің бір-бір бедеу мінісіңіз,
Ойын-күлкі сауықпен жүрісіңіз!
Жібек сұлу дегеннің аулы жақын,
Бар еді балам, қандай жұмысыңыз?!
ТӨЛЕГЕН СӨЙЛЕЙДІ:
Көріп ем Қыз Жібектің бұрын түсін,
Бітпеген еш пендеге ондай мүсін.
Қыз Жібек Төлегенге тимек болған,
Қаршекем арасында жүрмек болған
Келемін ат шаршатып соның үшін.
СОНДА ХАН СӨЙЛЕЙДІ:
Тікені саудагердің қосы ма еді.
Ғайып ерен қырық шілтен досы ма еді?
Кешегі Төлегенді жамандаған
Көп дұшпан көре алмаған қасы ма еді?
Жібегім тисе тисін өз теңі екен,
Кешегі айтқан Төлеген осы ма екен?
Жібегім Төлегенді көрген екен
Жібекжан енді өлмесін білген екен
Ырзамын Қаршығаға не қылса да
Кемітпей тең құрбысының жүрген екен!
Төлеген Жібекті айттырады. Сырлыбай беретін болды. Бата оқып, той қылды. Батаяққа Төлегеннің айдап келген жылқысының бәрін алады. Ауылдан қашық жерде бір төбенің тасасында шатырын тігіп, өнерлі жігіттерді жинап, Төлеген ойын-күлкі қызықпен жата береді. Бір күні қырық қатын келіп Жібекті алып келеміз деп Төлегеннен жеңгелік сұрады. Төлеген қатын басына бір жамбы берді. Төлегеннің мырзалығына ырза болып қатындар Жібекті күйеуге апармақшы болып қанша аңдаса да қолдарына түсіре алмады.

17
Алты арыс шектінің ішінде Жібекке ғашық жігіттер көп екен. Осылардың ішінен бастығы Бекжан деген болып, алпысы жиылып бір күні «Шынымен Жібекті бір қаңғырған жолаушы алып кетіп, өзіміз күр қаламыз ба? Жібекті Төлегенге бермей өзіміздің біріміз алалық», — деп кеңес қылады. Кеңестегілерден бір қатары: «Төлеген тірі тұрғанда Жібек бізге тимейді, Төлегенге сүйіп тиіп отыр», — деген соң бұлар өлтірмекші болады. Төлегенді өлтірген соң Жібекті кеңесіп біреуі алмақшы болады. Күні-түні қасында думан тарқамағандықтан жай уақытта Төлегенді өлтіру қиын деп Төлегенге Жібекті жеңгелері алып келгенде, қыз бен жігітті оңшада өлтіретін болып тарқасады.

Бұлардың бұл маслихатын бір байғұс естіп, Төлегенге келіп айтады. Төлеген дереу Қаршығаны шақырып алады. Қаршыға келіп: «Шырағым, бір жұмысқа шақырдың ба?» деп сұраса, Төлеген үндемей мұңайып төмен қарайды.

СОНДА ҚАРШЫҒА СӨЙЛЕЙДІ:
«Көлге біткен құрағым,
Суырылып озған қарағым!
Ақорда болды кіргенің
Қызық дәурен сүргенің,
Ешбір пенде көрген жоқ
Бұл күнде сенің көргенін!
Heгe қапа боласың?
Біреудің тілі тиді ме?
Естісең. айтшы құлағым!
Ертелі-кеш әр уақыт
Жат етемін пірімді.
Қорқып қалдым Төлеген
Көрген соң сенің түріңді?
Тірі болсам табайын
Көңіліндегі кіріңді!
Неге маған мұңайдың
Айтшы маған сырыңды?!»
Төлеген сонда сөйлейді
Сөйлегенде бүй дейді:
«Әй, Қаршеке - ау, Қаршеке - ау,
Мен сырымды айтайын,
Құдай басқа салған соң
Сізге айтпай қайтейін.
Жібекке ғашық көп екен,
Едіреңдеген неме екен,
Елінде қанша жігіт бар?
Іші толған кір екен.
Төлеген сынды мырзаңды
Өлтіремін дер екен.
Жалғыз жатқан жерімде
Жазым боп кетсем қайтейін?»
Қаршыға сонда сөйлейді
Сөйлегенде бүй дейді:
«Асу да асу бел дейді,
Аса бір соққан жел дейді.
Сенген болсаң сен дейді,
Кел coңымнан ер дейді.
Өлтіретұғын кім екен?
Кереметін көр дейді».
Базарбайдың Төлеген
Қаршығадай ақынның
Бүл сөзін мақұл кереді,
Алдырып атын мінеді,
Қаршығаменен ілесіп
Шаңқай түсте аулына
Шатырдан шыға жөнеді.
Алты шекті елінде
Қаршығаға сенеді,
Иілмей тіпті бөгелмей
Ауылға жетіп келеді.
Сырлыбайдың алты ұлы
Алтауы бірдей бөрі еді.
Ең кенжесі Жиренбай,
Сол жылы түскен отауы,
Сонда келіп енеді.
Басы болған Қаршыға
Кереметін көргізді,
Төлегеннің атымен
Шаңқай түсте ауылға
Іркілместен жүргізді
Жиренбай мырза үйіне
Жаңа түскен отауға
Ертіп келіп кіргізді.

18
Бұларды жайғап болып Қаршыға шығып кетейін деп тұрғанда, Төлеген Қаршығаның етегін ұстай түрегеліп:
«Асу да асу бел дейді,
Аса бір соққан жел дейді.
Анықтап бүгін көрейін
Жібекті ертіп кел» дейді.
«Кеше бердім қос жорға,
Берейін бүгін үш жорға
Бесеу қылып мін», — дейді.
«Осы шаңқай тал түсте
Ертіп келгін Жібекті
Айналайын Қаршеке - ау,
Жігіт болсаң шын», — дейді.
Ептіліктің белгісі,
Жібекке жетіп келеді
Келіп сөйлей береді:
«Айналайын, Жібегім!
Шынында аппақ сүйегім,
Осы емес пе еді құдайдан
Қарағым сенің тілегің?!
Басыр, басыр, басырды,
Аққа құлпы жасырды,
Қаршыға көкең келгенде
Көтергін шырақ басынды.
AT байлаған ақырды,
Көк түскен жер тақыр - ды,
Шеттегі отау ішінде
Жаңа түскен жеңешең
Қарағым, сені шақырды».
Сонда Жібек сөйлейді:
«Өзің шешен батырсың
Шешендікпенен айтарсың
Кеше алдың қос жорға,
Бүгін алдың үш жорға,
Бәрі болды бес жорға!
Сыйғыза алмай құдайға
Жазып бір келген кәпірсің!
Ау, Қаршеке - ау, Қаршеке - ау,
Мінгенде атың қарагер
Барайын өзім бара бер,
Шақырғанда бармасам,
Қаршекем тілін алмасам,
Ақыр бір күн болармын
Сол жігітке қызметкер!»
Қаршыға сөзін есітіп
Жібек енді түйінді,
Асыл киім киінді.
Шақырғанда бармасам
Қаршекем тілін алмасам
Ақыр бір күн болармын
Сол жігітке сыйынды
Әбүйір алсын Қаршекем
Бармай қалсам қиын-ды,
Қаршығадан өзгеге
Жібектен жауап алмағы
Қиын-қыстау іс еді.
Кісі бойы кереует
Алтын тақтың үстінен
Қояндай қарғып түседі,
Ақ маңдайы жарқылдап,
Танадай көзі жалтылдап,
Алтынды кебіс сартылдап,
Жүйрік аттай ойқастап,
Құнан қойдай бой тастап,
Қалмайын деп ұялып
Жан-жағын қарап байқастап,
Кер маралдай керіліп,
Сары майдай еріліп,
Тәңірі берген екі аяқ
Бір басарға ерініп,
Үйден шықты Қыз Жібек.
Көрінген көзге дүниенің
Баршасынан жиреніп,
Ауыл алды бел еді,
Белден көшкен ел еді.
Атқан оқтай желісіп.
Ор қояндай ағысып,
Қылаң етіп, қылт етіп,
Сылаң етіп, сырт етіп,
Мықындары былқылдап
Тау суындай жылтылдап,
Сүмбіледей жылтылдап,
Буындары былқылдап
Айдынды туған Қыз Жібек
Отауға қарап жөнеді.
Ғ ашық жарын көрмекке,
Қызмет қылып бермекке,
Шахизада Қыз Жібек
Жалт-жұлт етіп келеді
Сол уақытта қарасаң,
Қыз Жібектің дидары
Нұр шетінен пішкендей,
Қыз Жібектің екпіні
Бейіштен самал ескендей.
Қыз Жібекті бір көрген
Шыбын жаннан кешкендей.
Сылдырап Жібек жөнелді
Неше түрлі сәулетпен.
Өңірде пері көшкендей
Құланнан атты құдықты,
Көлден тартты бұрықты,
Бір көрмекке ынтық боп
Төлеген мырза шонықты
Талтүстің шағында
Ақ отаудың ішінде
Айдынды туған Қыз Жібек
Төлегенге жолықты.
Молдалар басы қосылса
Мәселе кітап оқыр - ды,
Насихатты жақсылар
Ақылменен тоқыр - ды
Айдынды туған Қыз Жібек
Төлегеннің мойнына
Асыла барып отырды.
Төлеген сонда сөйлейді,
Сөйлегенде бүй дейді:
«Келдің Жібек қасыма
Отыра кеттің асыла!
Кешегі сылаң қай жақта?
Той болды салсаң басыма!!»
Жібек сонда сөйлейді:
«Қынама пешпет қынадым
Әзілмен сізді сынадым,
Сынамаққа бір сөзді
Әзіл қылып айтып ем,
Әлі ұмытпай жүр ме едің
Төлеген мырза шырағым»!
Екі ғашық қосылып
Әңгіме-дүкен құрады.
Екеуінің суреті
Ләйлі - Мәжнүндей болады.
Екі биік зат қосылып
Күндей балқып толады.
Екеуінің түріне
Көрген жанның әммесі
Тамаша қайран қалады.
Ойын-күлкі сәулетпен
Жездеңіздің қасында
Кеш болғанша отырды.
Күн батқан соң апаңыз
Күйеуге төсек салады
Төсекті жайлап салған соң
Жатар мезгіл болған соң
Жездеңіздің мойнына
Асыла барып құлады.
Ендігі сөздің қысқасы,
Айтушы ердің ұстасы.
Біз де соны айтамыз
Бұрынғылардың нұсқасы.
Сығалап аққан ақ қыран
Қалаған жерден аударды,
Қаршыға ілген үйректей
Жұмарлап мойнын бұрады.
Екі ғашық қосылып
Көңілдері тынады.
Төлеген үш ай жатып қалындық ойнады. Бір күндерде еліне қайтпақшы болып, аттарын байлап, ертеніңде ертемен жүрмекші болады. Сол түні ұйықтап жатып Жібек түс көріп шошып оянады. Кіші жеңгесін шақырып алып түсін айтып, Төлегенге айт, жүрмесін деп жұмсады.
Шақырып алып Қыз Жібек
Өзінің жақсы жеңгесін
Омырауда алтын теңгесін,
Сырласатұғын жерінде
Келтірмейді екен әңгесін:
«Ау, жеңеше - ау, жеңеше - ау,
Мінезің еді өзгеше - ау!
Төлегенге барып кел
Тілімді алса жүрмесін:
Ата-анасы бар ма екен?
Жал құйрығы сал ма екен?
Жә болмаса құдай-ай
Қаңғырып өскен қу ма екен?
Атасының аты кім болар?
Анасының аты кім болар?
Сұрап келгін жеңеше - ау
Қандай заман күн болар!
Мен бүгін бір түс көрдім,
Түсімде жаман іс көрдім,
Төлеген мінген көк жорға ат
Ертоқымсыз бос көрдім.
Ел жайлаған Ақжайық.
Жағалай біткен бидайық.
Алдымда жанған шырағым
Біреу үрлеп өшіріп
Көзімнен болды сол ғайып,
Қолымдағы тұйғынның
Заулап келіп аспаннан
Желкесін қиды бидайық
Пендем десең құдай-ай!
Бұл түс емес еді ғой
Көруге маған лайық!
Айналайын жеңеше - ау!
Төлегеннің мен білдім
Бір кеткен соң келмесін,
Жарық дүние опасын
Білдім көзге ілмесін.
Мұнан кетсе Төлеген
Білгізді құдай мен қуға
Бұл жерді кайтып көрмесін.
Мұндай қорлық жеңеше - ау
Тірлігінде құдайым
Еш пендеге бермесін!»
Базарбайдың Төлеген,
Ерте туған көбеген,
Жеңгесі келсе алқынып
Не ғып жүрсің демеген.
Жеңгесі сонда сөйлейді:
«Айналайын Төлеген,
Бикешжан бүгін түс көрді,
Түсінде жаман іс көрді:
Астындағы көк жорға ат
Ертоқымсыз бос көрді.
Ел жайлаған Ақжайық
Жағалай біткен бидайық.
Алдында жанған шырағын
Біреу үрлеп өшіріп
Көзінен болды сол ғайып,
Тілімді алсаң жүрмегін,
Айналайын күйеужан,
Құдайға біз де жылайық?»
Төлеген сонда сөйлейді:
«Ау, жеңеше - ау, жеңеше - ау!
Түс түлкінің боғыдыр,
Әрнеме деме жеңеше - ау!
Жаратқан мені бар құдай,
Өлім десе көңілім жай!
Атамның атын айтайын.
Халқынан асқан Базарбай,
Қой ішінде марқады,
Омырауда түйме алқадай,
Шешем атын айтайын
Алпыс жасар Қамқадай.
Өліп кетсем артымда
Сансызбай атты інім бар,
Жібегім неге қорқады?!
Жаман-жақсы болса да
Алланың болар әмірі,
Жалғыз ағаш кесілсе
Қурап қалар тамыры.
Олай-бұлай боп кетсем
Тоғыз жасар артымда
Жеткіншегім бар еді!
Қараша болып жауды қар
Дұшпандардың пейілі тар.
Сәлем де! Жібек қорықпасын
Өліп кетсем артымда Жібекті
Еш жаманға қор қылмас
Сансызбай атты інім бар.
Шын тілесе пендеге
Тәңірім тілек береді.
Көктемде мұнда келіп ем,
Енді қыс боп келеді.
Елімнің ақын көсемі Батыр
Шеге дер еді,
Ақылға дархан кен еді.
Олай-бұлай боп кетсем
Сансызбайға басшы боп
Еліңізге келеді.
Тірі тұрса жанымыз.
Көктем шағы болғанда
Қазбенен бірге келем деп,
Не қылса да құдайым
Жібекке дұғай сәлем деп,
Енді атына мінеді.
Жеңгесі мен Төлеген
Қол ұстасып достасып,
Қош айтысып жөнеді.

20
Бірнеше күн жол жүріп Төлеген аман-есен еліне келеді. Ата - анасы қуанып той қылады. Жұрт жиылып отырғанда Базарбай баласынан

«Қайда жүріп, не ғып келдің?» деп сұрады. Төлеген көрген - білгенінің бәрін қалдырмай жай - мәнісін баян етеді. Ақырында Базарбай «Қайыныңа енді қашан барасың?» деп сұрады. Төлеген «Жазғытұры барамын» деді.

Сонда отырып атасы «Бір тілегім бар, бересің бе?» деді. Төлеген абайламастан «берем» деп тастады. «Тілегімді берсең, қайныңа жазғытұры барма, жыл өткізіп ендігі жылы осы уақытта бар, осыған уәдеңді бер» деді Базарбай. «Ай, ата, бағанағы сөздердің бәрін сізден қорыққаннан айтып едім. Ел елден артық болмайды екен қыз жаратпай келдім. Ешкімнің қызын көргенім де жоқ, алғаным да жоқ, қалыңдығым да жоқ, қайным да жоқ! Барма десең ешқайда бармай-ақ қояйын» деді де үйден шығып кетті. Базарбай ашуланып жұртқа баласының қылығын шағып: «Балам тілегімді бермеді, баруына разы емеспін. Біреуің қошамет қылсаңдар, сендерді де тезіме салып, теріс батамды беремін, Төлегеннің кететінін білсеңдер ұстап беріңдер». Төлегенге ешкім ермейтін болды, кетерін білсе ұстап беретін болды.

Елінің түрі мынадай болған соң Төлеген атасынан қорқып кептен сескеніп киім-кешегін, ер-тұрманын далаға сақтап, кек жорға атты далаға бағатын болды. Күндер де бір күн Төлеген қасына Сансызбайды ертіп, қолына тұйғын алып құсқа салып жүргенде аспаннан қаңқылдап екі қаз өте шықты. «Жаз болып қалған екен, қазбен бірге келемін деген Жібекке уәдем де болған екен» деп даладағы жасырып қойған киім-кешегін жүз мың ділдә, сегіз пұт күмісін қоржынға салып артына бөктеріп алып, қасынан қалмай бірге жүрген інісі Сансызбайды елге хабар береді деп атынан жерге алып тастап, кек жорға атқа мініп алып «Жібектің ауылы қайдасың?» деп

Жайыққа қарай жеңеді.
Асып туған Төлеген
Жағалбайлы халқынан
Жабдықтап атын мінеді.
Жеуһерлеген атынан
Жалғыз езі жеңеді.
Бір ғашықтың зарынан
Қаздың даусын есітіп
Сабыр қылып тұрады,
Дүниеге мойын бұрмады.
Кетіп бара жатқанда
Сансызбай жылап жүгірді
Төлегеннің артынан.
Рақымы түсті басына
Кезден аққан жасына,
Қу бауырды қия алмай
Қайырылып келді қасына.
Сансызбайдың Төлеген
Пәруана болды басына.
Бала келді жүгіріп,
Аш күзендей бүгіліп,
Төлеген тұрды кете алмай
Кезінен жасы төгіліп,
Кезінен атып қанды жас,
Қандай қиын бауырлас!
Төлегеннің сүйегі
Бордай болып егілді,
Алдына жылап келген соң
Aт үстінен Төлеген
Көтеріп алды алдына
Қабырғасы сөгіліп.
Сонда Төлеген: «Жеңешеңді әкелуге барамын жылама» деп інісін жұбатты.
Сансызбай сонда сөйлейді,
Сөйлегенде бүй дейді:
«Жыламайын көкежан,
Өзіңіз де жыламай
Көзіңнің жасын тый» дейді.
Сапарыңды қиын деді.
Көп жолдаспен барсаңшы,
Ел-жұртыңды жи деді.
Жалғыздық ісі қиын-ды,
Жалғыз кайтып барасың?
Менің жайым мінеки
Танымаймын ешкімді
Сіз кеткен соң, көкежан
Кемпір-шалдың қасында
Өзім жалғыз, езім жас
Боламын кімге сый дейді.
Бұл барғаннан келмесең,
Қайғыменен қан жұтып,
Қобыз алып қолыма
Тартамын сонда күй деді.
Төлеген сонда сөйлейді,
Сөйлегенде бүй дейді:
«Айналайын, қарағым,
Жауға барсам жарағым!
Қабырғамда қанатым,
Артымдағы құйрығым,
Жетегімді жанатым,
Айналайын жылама,
Жібек сынды жеңгеңді
Ал келуге барамын!
Пендесін Құдай қарғаса
Қабыл болмас тобасы.
Басыма менің түсіп түр
Ғашықтықтың әуресі.
Айтып кеткен Жібектің
Жақындап қалды уәдесі.
Үйде, түзде болса да
Неден қашып құтылар,
Басы жұмыр пендесі!
Құдіретіне Алланың
Пенденің жоқтыр күнәсі!
Қай іске талап қылмайды
Жер бесікке кірсе де
Адамзаттың жамбасы!
Айналайын, Сансызбай!
Қолғанатым құйрығым,
Судан шыққан сүйрігім,
Суырылып озған жүйрігім.
Көрмей пенде қоймады
Жаратқан қадыр Алланың
Тағдырда жазған бұйрығын.
Тірі болсам қарағым
Жеті айда келемін.
Ажал келсе Алладан,
Үйде болсам да өлемін.
Амандық бер деп жолыма
Құдайдан сен де тілегін.
Кешірсін Алла пенденің
Ғасылық еткен қатесін.
Тілімді алмай кеттің деп
Бермеді әкем батасын.
Басыма Құдай салған соң
Тоқтата алмай ісіме
Ғашықтықтың қапасын
Қыз Жібектің дертінен
Көрейін деп барамын.
Бейнетті жолдын жапасын.
Мен кеткен соң қарағым
Кемпір-шалға ие бол,
Ғынаят тіле Құдайдан
Медет тіле пірлерден,
Ақылмен ойлап іс қылғын
Көзіңді кімге сатасың.
Тілімді алмай кеттің деп
Разылық әкем бермеді.
Әкемнен қорқып елімнен
Жалғыз жолдас ермеді.
Сөзімді тыңда, қарағым,
Өзіңді Құдай жеткерсе
Алып қойдым бәрін де
Ат-тұрман, сауыт - жарағың,
Олай-бұлай боп кетсем
Сенен өзге кімім бар?
Алды-артына қарағым!
Мұратыңа жеткесің
Қарағым сені бар Құдай!
Көк бурыл тұлпар бар,
Биыл құнан, былтыр тай,
Қас қылмаса құдайым
Мінетұғын бас атың.
Шырағым саған сайма-сай,
Ат болғанда мінгейсің.
Алтын балдақ, ақ семсер
Саған арнап соқтырып
Салдырып қойдым қынапқа,
Аш беліңе ілгейсің.
Талап қылып әр іске
Теңіңмен ойнап-күлгейсің,
Бұл сөзімді тыңдағын
Жеткіншегім Сансызбай!
Жақсыменен жанасып,
Жұрт қадірін білгейсің.
Бадана көзді кіреуке
Тоғыз қабат көк сауыт
Саған арнап соқтырып,
Будырып кеттім кілемге
Оны үстіне кигейсін.
Олай-бұлай боп кетсем,
Асыл туған Жібекті
Еш жаманға қор қылмай
Өзің бір алып сүйгейсің.
Жағыңа құдай жеткерсе
Үстіңе баса киіп ал
Алтыннан сауыт көбені.
Жау дегенде жайнатып
Толғамалап қолыңа ал
Қозы жауырын жебені.
Сапар шегіп жол жүрсең
Жолдасын жауға алдырмас
Басшы қылғын Шегені.
Айтқаны болмас адамның
Алланың болар дегені.
Бұл сөзді айтып Төлеген
Сансызбайдың бетінен
Үш қайтара сүйеді.
Жерге алып қойып інісін
Қол ұстасып, қоштасып,
Қош алда деп жөнеді.

22
Бектер мінер сұр қасқа,
Шаба алмаса ұр басқа.
Батырлық, байлық кімде жоқ
Ғашықтық жөні бір басқа!
Інісіменен қоштасып,
Базарбайдың Төлеген
Белін буды тұрмасқа.
Базарбайдың Төлеген
Жайыққа қарап жол тартып,
Алладан парман тілеген.
Жайық пен теңіз арасы
Үш айшылық жол екен.
Үш айшылық жерлердің
Қырық бес күндік ортасы
Атырабы шөл екен.
Шөл жазира ішінде
«Қособа» деген көл екен.
Ұры кезіп, қарақшы
Мекен қылған жер екен.
Төлеген сынды мырзаның
Тынығып жеткен уақытында
Соғып бір кетер кезі екен.
Атаңа нәлет Бекежан
Қыз Жібектің сыртынан
Кеп ғашықтың бірі екен.
Баяғы алпыс жігіт қасында
Төлеген енді келер деп
Қособаның көлінде
Жолын тосып жүр екен.
Төлеген тап сол күні келмесе
Азықтары таусылып
Қайтып бір кетер күні екен.

23
Құланнан атты құдықты,
Көлден тартты бұрықты,
Арада неше қоныпты.
Тұлпардан туған кек жорға ат
Жүз күндік алыс жолынан
Қырық бес күндік шөлінен
Он жеті күн, түн су ішпей
Шөлдеуменен зарықты.
Шөлдеген соң Төлеген
Атынан көңілі торықты.
Жақындап суға келгенде
Бесін намаз болғанда
Базарбайдың Төлеген
Бір шұбалған шанға жолықты
Шаңға таман салады
Қасына таман барады.
Алдынан шығып алпыс жау
Төлегенді қамады.
Базарбайдың Төлеген
Алды-артына қарады.
Бесінде жаумен атысып
Намаздігер болғанша
Алдырмай кетіп барады:
Еркімен аты жеткен соң
Жау ортаға алады.
Сол уақыттар болғанда
Жамандатқыр көк жорға ат
Шөлдеуменен зорығып
Басын жерге салады.

24
Жау қамалап жеткен соң,
Атынан қайрат кеткен соң,
Базарбайдың Төлеген
Тәңіріне қылды наланы.
Құдіреті күшті Құдай-ай.
Батар күнмен батайын,
Өзімнен бұрыш атайын,
Тым болмаса құдай-ай!
Бекежанды өлтіріп
Жастығымды ала жатайын.
Мұсылман болса бұл жаулар
Жақындап жауап қатайын.
Атым шаршап бұл жерде
Қайратым менің жасыды.
От болып жанған көңілім
Су сепкендей басылды.
Жүгермек өлім қылмаққа
Он сегіз жасымда алмаққа
Жазып па ең Тәңір жасымды.
Құдіреті күшті құдай-ай!
Алыста жарға ғашық қып
Әуреге салдың басымды!

25
Бұл сөзді айтып
Төлеген Қорамсаққа қол салды,
Бір салғанда мол салды.
Садақты қолға алады,
Толғап тартып қалады.
Кірістен оғы келеді.
Топ арғынға жетеді.
Сауырлаған шетінен
Жетеуінен өтеді.
Енді оғын алғанша
Қорамға қолын салғанша
Атаңа нәлет Бекежан
Арғыннан шыққан қу екен.
Әккі болған сұм екен.
Төлегеннің артында
Алпыс адам жақындап
Бір құдайды паналап
Жеткен екен жағалап
Төлегенді атқалы
Жақындап келіп тұр екен.
Мылтыққа білте басады,
Аруағы асады,
Төлеген сынды мырзаның
Қанын судай шашады.
Қой боғындай қорғасын
Ажал болып жабысты.
Атаңа нәлет Бекежан
Жібермеді намысты.
Базарбайдың Төлеген
Толықсып атта тұрғанда
Қолтығынан сүйейтін,
Таба алмады танысты.
Бекежан атқан жалғыз оқ
Маңдайынан келіп ұрады,
Алтынды сүйек Төлеген
Алланың салған қорлығы -ай
Иттердің еткен зорлығы - ай
Толықсып аттан құлады
Жалғыздық түсіп басына
Қамығып сонда жылады.
Атаңа нәлет алпыс ит
Жанын өзі берсін деп
Қорлықпенен өлсін деп
Анталап келіп тұрады.
Бір уақытта Төлеген есін жиып көзін ашты. Қараса, шалқасынан жатыр екен. Барлық киімін алпысы тонап алды. Содан Төлегеннің Бекежанға қарап «Замандас едің ғой, ит пен құсқа жем қылмай тым болмаса көміп кетсеңші» деп зарлағаны:
«Бұл жібердім қалаға,
Бисағат күн құдай-ай
Мен шығып ем далаға.
Шығып едім жолықтым
Бұ сықылды бәлеге!
Қарға-құзғын жемесін
Жасыра кеткін жүзімді
Замандас едің, жан аға!
Бүл жібердім бақшаға,
Қызыл тіл енді қақсама
Қарға-құзғын жемесін
Жасыра кеткін жүзімді
Замандас едің, жақсы аға!»
Төлегеннің тілдері
Осы сөзге келеді,
Екінші сөзге келмеді.
Атаңа нәлет алпыс ит
Не айттың сірә демеді.
Бір баланың олжасы
Алпыс адам болады.
Мал опасыз деген сол
Төлеген мінген көк жорға ат
Су ішіп әбден қанған соң,
Бір қарақшы астында
Ойнақтай басып жөнеді.

27
Төлеген елінен шыққанда алты қаз да бірге қайтқан екен. Қособаның көліне алты қаз бен Төлеген қатар келген екен. Шөлдеп келген жануарлар суға қонайын десе алпыс қарақшы мылтық атып көлге қондырмайды.

Бір уақыт eci кіргенде, Төлеген аспанда қона алмай, кете алмай айналып ұшып жүрген қаздарды кереді.

Хайуан да болса елден бірге келген жолдасым еді» деп қаздарға қарап сөйлегені.
Әуелеп ұшқан алты қаз,
Етің шекер, сорпаң баз,
Атайын десем оғым аз
Қонар болсаң жануар
Міне майдан, міне саз!
Өлмеген құлға Құдая
Болып қапты енді жаз.
Әкемді айтып қайтейін.
Шешемді айтып қайтейін.
Мен кеткен соң дариға
Көкешім деп Сансызбай
Еркелеп қылар кімге наз?!
Әуелеп ұшқан алты қаз
Жерге түсіп көбейсін.
Сіздер тірі, мен өлі
Жатырсың не ғып демейсің?!
Қасірет - қайғы қалымды
Неге келіп білмейсің?!
Тілсіз мақұлық жануар,
Бірге келген жолдасым,
Қасыма неге келмейсің?!
Мұнан былай кеткенде,
Теңізге таман жеткенде,
Төбеге шықса, белім деп
Қарайған әкем Базарбай
Алдыңнан шығып жануар
Қарағым менің Төлеген
Көрдің бе десе не дейсің?!
Онан арман өткенде,
Жая десе, жал берген,
Шекер десе, бал берген
Майға салып нан берген,
Әр алуан дом берген
Алақанда өсірген
Еркелеп қалсам кешірген
Алпыс жасар сорлы шешем
Алдыңнан шығып жануар
Құлыным менің Төлеген
Көрдің бе десе не дейсің?!
Онан арман өткенде,
Малға таман жеткенде
Қарға жүнді қаттасым,
Үйрек жүнді оттасым
Таласып емшек еміскен,
Тай - құнандай тебіскен,
Бір төсекте жатысқан
Көп қызыққа батысқан,
Асық ойнап алыстан,
Өлгенде аға кере алмай
Қолынан сусын бере алмай.
Арыздаспай, достаспай
Ажалым жетті алыста - ай
Жалғыз інім, бауырым,
Қанатым да қияғым,
Табанымда тұяғым,
Жылжымас жерден ауырым.
Алдыңнан шығып Сансызбай
Кекешім менің Төлеген
Көрдің бе десе не дейсің?!
Сауыттың көзі сытылып
Септей кетті дегейсің!
Баратұғын жеріне
Жетпей кетті дегейсің!
Алтынды сауыт шөже көз
Түймеден кетті дегейсің!
Өлі екенін білмейміз,
Тірі екенін білмейміз.
Қособаның жолында
Құса кетті дегейсің!
Маңдайынан аққан қан
Жоса кетті дегейсің!
Алынды жабдық көк жорға ат
Бір қарақшы қолыңда
Босқа кетті дегейсің!
Қособаның жолында
Құс қонбас құла жапанда
Жылай-жылай бір жалғыз
Дүниеден өтті дегейсің!
Төлегеннің тілдері
Осы сөзге келеді.
Ендігілерге келмеді.
Батқан күнмен қарайып
Ау, дариға Құдай деп
Ләиләһа иллаласын айтып
Жұлдыз шыға Төлеген
Ақирет сапар жөнеді,
Маңдайдан тиген жалғыз оқ
Желкеден ағып өтіпті
Алланың жазған парманы
Ажал бүгін жетіпті,
Айтып-айтпай немене
Сол секілді асылдар
Кебіні жоқ кәрі жоқ.
Ит пен құсқа жем болып.
Мұратына жете алмай
Арманда болып кетіпті!

28
Алпыс қарақшы Төлегенді өлтіріп, ат-тонды олжа қылып бөліп алып, жұртқа айтуға қорқып, еліне келіп адамға сездірмей жата береді. Сонымен сегіз жыл өтеді.

Бекежанның Жібекті өзі алғысы келеді екен. Бір күні ой ойлады: Төлегенді өлтірдім деп Жібекке білдірейін, батырлығымды білген соң Жібек маған тиеді. Кімге тиер дейсің?!

Сөйтіп Жібекті өзім алайын деп:
Өлгенін естімесе маған тимес,
Күдер үзсе өзгеге сірә тимес,
Білген соң анық менің ерлігімді
Өзі де Төлегенге қатты күймес.
Бұған мен бекер жерде естірмеймін
Жай жерде айтып шошытып кештірмейін
Бұл тойда айтумен естіп қалсын
Адамға оған шейін сездірмейін.
Мұны ойлап Бекежен той қылады,
Жібекті алайын деп ой қылады,
Көк жорға атты желдіртіп жетіп келіп
Тұсына кеп Жібектің сөз сұрады,
Көк жорға ат ерттеулі тұр алтын жабдық
Коп жігіт жеңілген соң кетті қаңғып
Бекежен түн болғанда айытпаққа,
Тұсына Қыз Жібектің келді андып,
Айтамын айт дегеннен арма, Жібек!
Ботасы өлген түйедей зарла, Жібек!
Кеткелі жаман жарың көп жыл болды,
Хабары сол жездемнің бар ма, Жібек?
Арасы екі ауылдың бүрген шығар!
Етегін түнде жүрген түрген шығар!
Артымда жеткіншегім жас деуші еді,
Айналып сұм дүниеге жүрген шығар!
«Қыз Жібек тарылтармын заманыңды,
Білмей жүрсің айрылып қалғаныңды?!
Ат ізін сегіз жылдай бір салмаған
Мырза деп мақтай берме жаманыңды»!
Алаштың тісін алып, не бермейсің?
Дүниеде тірі жүрсем не көрмеймін:
Арғында алты шекті алпыс мырза,
Ізіне басып кеткен теңгермеймін!
«Айтамын айт дегеннен әуелім жар,
Қыз Жібек әлі-ақ болар пиғылың тар
Өліп қалған немеңді сонша мақтап
Көк жорға ат астымдағы қылғын бауар»!
«Жоқ екен, ай, Бекежан ақыл-айлаң!
Қанеки құрбы болын тиген пайдан?
Атаңа алты нәлет ит қарақшы!
Көк жорға ат астындағы алдын қайдан?
— «Жол тосып Қособада жатып алдым,
Біреуді мергендікпен атып алдым,
Өзім батыр болған соң кімді аяйын,
Өлтіріп Төлегеннің атын алдым!
Бекежанның бұл сөзі
Мұңды болған Жібектің
Өкпесінен ұрады.
Өксіп - өксіп жылады
Ғашық болсаң сондай бол.
Ah, дариға Құдай деп,
Керегені құшақтап
Етпетінен құлады.
Қыз Жібектің беттерін
Кереге көзі жырады.
Лажын таппай Қыз Жібек,
Ішінен судай тынады
Біреудің қуаныш тойы еді,
Адыра талқан қылады.
Бекежанға сөйлейді:
«Атана нәлет, Бекежан!
Көрсетпе маған түсінді
Бітіріпсің ісінді.
Қайтып көзің қиды екен
Сол сықылды мүскінді?!
Алдыңа құдай келтірсін
Маған қылған ісінді
Атаңа нәлет қарақшы!
Құдайым сені қарғасын!
Тәңірі мені жылатса,
Қатын-балаң зарласын!
Басыңа қиын іс түссе,
Қасыңа досың бармасын.
Қыз Жібектің айласын
Бекежанның мен көрдім
Осы жерде пайдасын
Туыспай кетер алты аға!
Бармысың тойда қайдасың?»

30
Сырлыбайдың алты ұлы,
Алтауы бірдей бөрі еді
Отырған жылап Жібектің
Тұсына жетіп келеді.
Қыз Жібектің тұсында
Бекежанды көреді.
Көк жорға атты таныды
Бір сұмдықтың болғанын
Сонда бұлар біледі.
Бекежандай батырды
Енді ортаға алады.
Мойнына арқан салады.
Сүйретіп барып алтауы
Құрбандық қылып шалады.

31
Сансызбай он жеті жасқа келді. Сегіз жылдай ағасынан хабар болмаған соң Төлегенді сағынып іздемекші болады. Қару-жарағын асынып атасына келіп, Төлегенді іздеуге рұқсат сұрады.

Он жеті жасқа келген соң
Сансызбай атқа мінеді
Батасын алып кеткелі
Атасына келеді.
Келіп сөйлей береді:
«Айналайын жан ата!
Ботаңның айтқан сөзіне
Құлағыңды сал ата!
Арызға келді балаңыз
Рұқсат, бата бер ата.
Айналайын жан ата,
Көтергін бермен басынды.
Төлегенді сағынып,
Қайғыменен қан жұтып
Іше алмадым асымды.
Төлегенді іздейін
Жеткізді құдай жасымды.
Мен Төлегенді іздейін
Жер шаршысын көздейін
Жоқтаусыз кеткен лайық па
Туған соң іні біз дейін?!
Разылық берсең, жан ата!
Ешкімге көзім сүзбейін
Батанды бергін, жан ата!
Тірі - өлсін білгенше
Күдерімді үзбейін!!

32
Базарбай сол күнде Төлегеннің қасіретінен көзі көр болып, көңілі жер болып, санамен сарғайып, қайғыменен қарайып тұрмастан жатады екен.

Сансызбайдың сөзін естіп зар жылап батасын береді.
Баласына қол жайып
Батасын берді Базарбай
Түрегеліп қол жаяды
Аумин деп Сансызбай:
Бақытын ашқын баламның
Жаратқан Алла Бар Құдай!
Бата тиін құдая
Он сегіз мың ғаламның,
Қарсы менен күрсінін,
Лұқ менен қаламның!
Жаратқан Алла жар болып
Бақытын ашқын баламның
Балама менің рақым қыл
Қадыр Алла, Құдайым!
Құрметі үшін көлемнің,
Қызыр Ілияс қырық шілтен
Балама менің назар сал.
Жазатайым сүрінсе
Ғауыс, ғаяс әулие
Баһауыттен қолын ал.
Жаратқан медет қыла көр,
Сіздерсіз менде жоқтыр қал.
Бір өзіңе аманат
Тапсырдым мынау баламды
Жаратқан тәңірім зүлжелей
Разылық бермей жіберіп
Төлегеннен айырылып,
Қалыңға соққан қырандай
Қанатымнан қайырылдым!
Тасқа тиіп тұяғым,
Табанымнан тайырылдым!
Жол жүруге қимаған,
Бір сағаттай көрмесем
Дидарына тоймаған,
Төлеген сынды баламды
Ақырында Құдая,
Бір көрерге зар қылдың!
Жұлма - ғайып жарандар
Медеткер болғын балама
Үйде, түзде болса да,
Бұйрықтан адам қала ма?!
Жолың болсын бар балам:
Тапсырдым сені Аллаға
Іздеп келген ағаңды
Екінші жаңа тапсырдым
Шарапатты өткен бабама»

33
Бұлайша деп ұлына
Батасын берді Базарбай.
Атасы рұқсат берген соң
Батасын алып Сансызбай.
Рақым қыл деп бір құдай,
Төлеген айтқан көк бурыл
Ат болған екен он жасар,
Піренменен белдіктеп,
Шұғаменен желдіктеп,
Мақпалменен терліктеп,
Айылын жайлап салады,
Жел тимейтін бауырға
Орай тартып қалады.
Ер Шегені бастық қып
Екеуара үш тұлпар
Қос атқа бірін алады
Амандасып айырылып,
Қоштасып жұрты қалады.
Төлегенді іздеп Сансызбай
Сапарға басын салады
Жол көрмеген жас бала
Тәуекел Алла, Құдай деп,
Әркімге тәңірі пана деп
Жайыққа кетіп барады.

34
Шеге мен Сансызбай бірнеше күн жүріп Жайыққа келді. Сырлыбайдың ауылын шарлап келе жатып бір белге шықса, бір ауылдың үстінде топырлаған есеп-қисабы жоқ көп атты адамды көреді.

Бұл жиынның мән-жайын білейін деп анадайдан көрінген қойшыға келіп жолығады.

Қойшы айтты: «Бұл Сырлыбай деген ханның ауылы. Сырлыбайда Жібек деген асқан бір сұлу қызы бар еді. Жібектің сұлулығын естіп қалмақтың Қорыш деген ханы тоғыз мың әскерімен тектінің үстін басты, Сырлыбайға Жібекті қалыңдыққа бермесең еліңді шабамын деді. Қалмаққа әлі келмейтін болған соң, Сырлыбай Жібекті бермек болды. Сонда Жібек әкесіне арыз қылып, шынымен мені қалмаққа бермек болсаң, тым болмаса қырық күн той, отыз күн ойын қылып ұзат деді. Осы күні Жібектің тойы бітіп, ойынның басталғанына үш күн болды»деп. Жібек бұрын күйеуге берілген жоқ па еді? деп Шеге сұрады. Қойшы айтты: «Жібектің Төлеген деген күйеуі бар еді. Қособаның көлі деген жерде оны Бекежен деген қарақшы өлтірді. Оған биыл сегіз жыл болды» деді. Бұл сөзді естіген соң-ақ Сансызбай жылап жүре берді. Шеге Сансызбайдың артынан жүрді.

35
Сансызбай сонда жылады,
Көзінің жасын бұлады.
Бауырың өлді деген соң
Heшe мықты болса да
Қайтып шыдап тұрады.
Екеуіміз бірдей жыласақ,
Жұбататын кім бар деп
Шеге ақын сабыр қылады.
Бір жерлерге келгенде
Сансызбай аттан құлады.
Құбылаға қарай бас қойып,
Мінәжат етіп Аллаға
Сәждеге басын салады.
Сонда жатып жылайды.
Жылайды да толғайды.
Артық туған көкешім!
Бүл дүниеден өтіпсің.
Шын дүниеге жетіпсің.
Мен мүсәпір ініңді
Қасіретке тастап кетіпсің.
Жолбарыс қашар қалыңмен
Айқайлаған дауыстан
Басына құдай салған соң
Көкешімнің ісіне
Fашықтық оты жабысқан.
Жиһан кезіп жүргенде,
Қыз Жібекті тауыпсыз
Осынша қиын алыстан.
Тапқаныңмен не көрдің?
Кебінің жоқ, көрің жоқ
Жапанда жатып жан бердің,
Қайранда менің көкешім!
Ит пенен құсқа жем болдың,
Өлгенше жаудан өлмедің
Ту байласып жабысқан
Батырлар жауға шабады.
Қолына жасыл ту алып
Төлегенді табам деп
Мініп ем атқа қуанып,
Бүл жерлерге келгенде
Дария шалдар көліміз
Жер болып қалған суалып
Қайранда менің көкешім!
Кебінің жоқ, көрің жоқ
Ит пенен құсқа жем болып
Жапанда қапсыз қуарып,
Айналайын көкешім!
Жүреріңде қимадым
Алтында сүйек көкешім!
Атам менен анамның
Маңдайына сыймадың.
Өлгеніңді есітіп
Көзімнің жасын тыймаймын.
Қасылық қылмай сөйлейін
Раһман аттық құдая,
Төлеген сынды пенденің
Жолдас қылғын иманын.

36
Шеге артынан келіп аттан түсіп Сансызбайдың басын сүйеп тұрғызып алды. Өткенге өкініш қылмайық деп Шегенің Сансызбайды жұбатқаны.

«Айналайын Сансызбай!
Көлге біткен құрағым,
Суырылып озған пырағым
Жасын тыйғын көзіңнің
Жыламағын шырағым!
Рас болса өлгені
Төлеген сынды ағаңның
Ұжмақтан жазсын тұрағын,
Ноқталы басқа бір өлім
Өкініш қылма өлімге,
Өз тілеуің сұрағын.
Бәрі де өлген ойласаң
Жүз жиырма торт мың пайғамбар.
Бұрынғы жаннан біреу жоқ
Өлмей тірі кім қалар!
Қазаға разы болмаған
Тәңірі алдына барғаңда
Рақметтен нәубет құры қалар.
Өлімге қатты налиды
Ғапылдық пенен пенделер!
Шайтанға сірә өлім жоқ,
Жақсылық тағы көру жоқ,
Өлмесек шайтан боламыз
Рақметтен құры қаламыз
Қарғысы тиген Алланың
Одан пенде не табар?!
Қанаты бүтін сұңқар жоқ,
Тұяғы бүтін тұлпар жоқ.
Алладан үкім келген соң
Өтсе де өмір сүру жоқ,
Құдай ісі болған соң
Қанша айтсақ та жүру жоқ.
Айы біткен айында
Күні біткен күнінде
Дәм таусылса жүру жоқ.
Айналайын, Сансызбай!
Құлақ салғын сөзіме
Тәңір өзі айдады
Ата менен анасын
Көрсетпеді көзіне
Жиылған қалың дүниенің
Төрт түлік малдың бірін де.
Айдап барып құдайым
Бұйырған жері топырақ
Келтіріпті кезіне.
Құдай ісі амал жоқ
Зар болып қалдық мінеки
Кешегі жүрген Төлеген
Басып бір кеткен ізіне.
Өкініш қылма өткенге
Мүсәпір жолда жүргенде
Қуат берсін өзіңе!!»

37
Сансызбайды жұбатып атқа мінгізіп алған соң Шеге айтты: «Төлегеннің өлгенін естідік, көп елдің әлі келмеген қалмаққа біздің әліміз сірә келмес, Жібекті ала алмаспыз! Енді елге қайтайық» деп. Сонда Сансызбай айтты: «Жібекті қолымыздан келсе алып кетелік, қолымыздан келмесе жүзін көріп жолығып кетелік. Сіз барып Жібекті тауып күй-жайын біліп келіңіз» деп. Екеуі Сырлыбайдың ауылына қарай жүрді. Жиылған көпке жақын келді. Сонда Сансызбай жиылған тамашаны өзім барып көріп, барлап біліп келейін деді де атын Шегеге беріп әзі жаяу топтың ішіне кіріп кетті. Ойынды тамаша қылып аралап жүрсе, бір үлкен үйден зарлаған дауыс естіді. Үйдің қасына барса мынадай зар екен:

ЖІБЕКТІҢ ЗАРЫ
Жайықтың суы ылай - ай,
Көр болды көзім жылай – ай!
Төлеген сынды мырзадан
Айырдың өзің құдай-ай.
Көргеннен-ақ қорқып ем
Көрінбегір түсімді,
Төлегеннен айырып
Оңдамаған екенсің Қадыр
Алла құдая, Басынан - ақ ісімді!
Құдіреті күшті жан Алла!
Жаратсаң мені пенде ғып
Осы қалмақ алып-ақ
Құрта ма менің мысымды?!
Жайықтан көшкен көп шекті
Қонады барып Тарбаққа
Не қылғанымнан құдай-ай
Іліндім мұндай қармаққа?!
Жаратқан ием жаппар - ай
Шыныңмен нәсіп қылдың ба,
Нәсілі жаман қалмаққа?!
Сансызбай зарлап отырған әйелдің Жібек екенін таныды да, қайтадан жүгіріп Шегеге келіп, Жібектен бір жауап алып бер деп айтқаны:
«Айналайын, Шеге аға!
Артық туған ер аға!
Жібек сынды жеңгеме
Жұмсадым сізді мен аға.
Дереу барып кел аға,
Жалғыз-ақ арыз сөзім бар
Қыз Жібектей жеңгемнен
Бір жауап әкеп бер аға
Жау жағадан алғанда
Кіріптар қылып пәлеге
Кетпейін тастап сені аға,
Жалғыз-ақ арыз сөзім сол.
Шерменде болып Құдайға
Өтірік айтып келме аға».

38
Батыр туған Шеге ақын, О да бір асқан ер еді. Қолындағы тұлпарды Сансызбайға береді, Желе басып Шеге ақын Елге таман жеңеді. Өлең айтқан ақ үйдің Тұсына таман келеді. Ойдың ішін аралап Қалмақтың қалың әскерін Тамаша етіп көреді.
Қалың қолды аралап үлкен ақ үйге Шеге жақындап келсе, үйдің ішінен зарлаған дауыс естіпті. Құлағын салып тыңдаса мына сөзді айтып зарлаған Жібек екен:

Әуелі бас қосқаным жағалбайлы,
Жылқысын көптігінен баға алмайды.
Өлгені Төлегеннің рас болса,
Құдайым Қыз Жібекті неге алмайды?
Тағы да бас қосқаным жағалбайлы,
Жылқысын көптігінен баға алмайды.
Сол елде сірә жігіт жоқ па екен,
Жесірін іздеп келіп неге алмайды?
Тағы да бас қосқаным жағалбайлы,
Жылқысын көптігінен баға алмайды.
Сол елді өзім іздеп кетер едім,
Жіңішке әйел жолы таба алмайды.
* * *
Мұны естіп ал сонда
Жібекті Шеге біледі.
Алладан парман тіледі.
Ұмтыла басып Шеге ақын
Жібекке таман жүреді.
Қалың қолды қақ жарып
Арық қойдай тырысып,
Баз біреумен ұрысып,
Баз біреумен жұлысып
Өлдім, талдым дегенде
Қыз Жібектің тұсына
Шеге де жетіп келеді.

39
Бірден-бірге жақындап Шеге Жібектің тұсына келеді. Мұңды болып отырған Жібекті көреді. Жігіт болып өлең айтып Жібекпен таныспақшы болады.

Төлегеннің өлгенін білгеннен бері Жібек ешкімменен айтыспайды екен, Жібекке ешбір жігіт барып өлең айта алмайды екен. Шеге мұны білмейді.

Шеге мен Жібектің айтысқаны:
—Жібекжан туа бермес сіздей перзент,
Бітіпті қор қызыңдай саған келбет!
Тәуірлеп өлең жарқыл айтқын маған
Адамға о да болса бір ғанибет.
—Басы екен өлеңімнің айым-қайым,
Бітеді қия тауға тал мен қайын.
Қашан өлең адыра қалған менен
Білмейтін қандай жансыз менің жайым?
—Көрдім де шырай жүзің көндім толды,
Бейіштегі көреді сарай жолды.
Естіп ем осы тойды сіздікі деп,
Жарқыным не себептен болдың мұңды?
—Көргендей жол бейнетін жүзің сарық,
Тұсыма қалың топты келдің жарып.
Торға түскен тұйғындай пенде болып,
Айырылған ел-жұртынан мен бір ғарып.
Ай аға мен көрмеген жан екенсіз
Отырмын тұрпатыңа қайран болып!
Нәсілің алыс жердің адамысыз,
Қай жақтан келіп жүрсіз арып, талып?!
—Бетіне қор қызынан саған көрік,
Сүйегім әр сөзіңе барады еріп
Жарқыным қалайша бүл түстің торға
Мәнісін айтсаңызшы есітелік?
—Алланың үкіміне жүрмін көніп
Зар болдым жаққан шырақ отым сөніп,
Құдайым айырған соң қосағымнан
Отырмын жау қалмаққа пенде болып.
—Сары ағаш қиылған сайын құм болады,
Замана жылдан-жылға сұм болады.
Қайын ата, қайын ана қай рудан,
Есімі күйеуіңнің кім болады?
—Жақсының бал тамады тіл жағынан,
Өлімнің кім құтылар қармағынан.
Алдында жүріп қызмет қылғаным жоқ,
Қорқамын ат атауға ата-анам аруағынан.
—Жақсыға жаман адам сірә жетпес
Жамандар жақсыларды басып өтпес,
Сұрадым зәруат пенен білмек үшін.
Бір жолға атай қалсаң ештеңе етпес.
—Қыз-бозбала жиылып
Ертеңгі кеш тамаша
Әңгіме дүкен құруы
Білгенімді мен айтсам
Сөзімнің болмас бұруы.
Қайын атам аты Базарбай
Жағалбайлы руы.
Төлеген оның баласы
Ілгері еді патшадан
Ақылының данасы.
Қайранда тәңірім қайтейін
Болмады аз күн жүруі.
Төлегеннен айырылып
Құрыды құдай қылған соң.
Екі де жұрттың шарасы
Ат ізін бір де салмады.
Жоқ па екен деп ойлаймын,
Сансызбай ердің санасы.
Той ішінде марқады,
Омырауда тілде алқады,
Қайын енем атын айтайын
Алпыс жасар Қамқадай.
Қуантар ма екен құдайым
Біздей ғарып пендесін
Қабағым неге тартады?!
Тірі болса, Сансызбай
Жетер уақыт боп еді
Біздей ғарып міскінді
Неге бір іздей келмейді?
Кешегі өткен Төлеген
Ақылға диқан кен еді.
Елінің ақын көсемі Батыр
Шеге деп еді. Қайтейін - ау, қайтейін,
Қайсыбірін айтайын.
Кешегі өткен Төлеген
Айтқан бір сөзі бар еді.

40
Сонда Шеге сөйлейді,
Сөйлегенде бүй дейді:
Асу да асу бел деді,
Аса бір соққан жел деді,
Мойныңды созып Жібекжан
Бері таман кел деді.
Мен бір жауап айтайын
Бұл сөзімді біл деді.
Сансызбайға басшы боп
Іздеп келген өзіңді
Ақын Шеге мен деді.
Әккі болған Қыз Жібек
Алдап жүрген біреу деп
Бұл түсіне сенбеді.
Шеге тағы сөйледі:
«Шын айтқан сөзге нанбасаң,
Жарқыным саған не дейін?!
Бекер деп білсең шын сөзді
Қасыңа қайтып келмейін,
Дұшпан деп білсең досыңды
Қапалықпен өлейін.
Мұсылманды қас көріп
Жау қалмақты дос көрсең,
Расыңды айтшы Жібекжан!
Ізімше қайтып жөнейін.»
Сонда Жібек сөйледі:
«Шын айтқан болсаң ай, аға,
Соңында жүріп елейін
Ақылымнан танған уақытымда
Кім екенін білейін.
Сансызбай қайда көрсетші?
Айналайын ағажан
Сөзіңе сонда сенейін!»
* * *
Ат байлаған ақырды,
Көк түскен жер тақырды.
Көп дұшпанның ішінде
Атын айтсам білер деп
«Атқосшы кел» деп шақырды.
Сансызбайдың тұрғаны
Бір шақырым жер еді,
Ер Шегенін дауысын
Естіп - танып біледі.
Асығып тұрған ер сабаз
Алла деп атқа мінеді.
Екі тұлпар жетелеп,
Ер Шегенің қасына
Іркілмей жетіп келеді.
Жалғыз қайның келді деп,
Батыр туған Шеге ақын
Жібекке хабар береді.
Жарық алып Қыз Жібек
Сансызбайды көреді.
Көріп сонда сөйледі!
«Алтыннан соққан қияғым,
Күмістен соққан тұяғым.
Құдай қалай ұқсатқан
Көкесіне сыяғын.
Жаратқан Алла жар болып
Жандыма өшкен шырағым.
Ашылсаңшы қабағым,
Өлгенім тіріліп келіп тұр
Жарылсаңшы жүрегім,
Бергенде менің тілегім»!
Сансызбайды көрген соң
Жібектің көңілі тояды.
Басындағы істерді ұмытып,
Қайғысын іштен жояды.
Коп дұшпанның ішінде
Көрісуге жер қиын
Амандасып қояды,
Бір-біріне екеуі
Көңілі әбден тояды.

41
Сол жерде бұлар тұрып амандасты,
Көңілі қарыптардың судай тасты.
Сансызбайды Шегемен құрмет етіп
Алдырып бір табақпен қойды асты.
«Ас жеген соң аттарыңа мінгін деді,
Ізіңмен кейін қайта жүргін деді.
Мені алғалы келіп жатқан жау қалмақтың
Екі тұлпар аты бар білгін деді.
Қара ағаш кезеңінен жол асады,
Сол жолда мені тосып тұрғын деді.
Құдай ондап тұлпардың мінем бірін
Ертең түсте сол жерде көргін деді.
Біздің ел ертең тұра көшер деймін,
Түннен - ақ үйдің бауын шешер деймін.
Құдай біздің тілекті берсе егер
Шырағы жау қалмақтың өшер дейімін»

42
Екеуін жөнелтеді уәде қылып,
Көшеді ханның елі түннен тұрып.
«Бүгін көшсе мінейін бір тұлпарын
Жүрейін деп қыздармен ойнап-күліп»
Жұмсады жеңешесін алып кел деп,
«Қорынға бізден тұлпар алып кел» деп
Көңілімді көтерейін тұлпарменен»,
Жеңгесін жібереді барып кел деп.
Жеңгесі келіп Қорынға: «Бикеш сәлем деді. Екі тұлпарым бірін берсін көшке мінем деді» дейді. Қалмақ «Жібек маған тимеймін деп айтады екен, атымды бермеймін» деді. Сонда жеңгесі қалмақты алдап айтқан сөзі:
«Ау, күйеужан, күйеужан!
Еркелікпен қылады.
Бикештің сырын білесің,
Біле тұрып дұшпанның
Дініне неге кіресің?!
Бір күн кешке мінеді
Сандал көкті бересің,
Бүгін күннің батысы
Ақ отауға кіресің.
Ойын-күлкі, тамаша
Көп қызықты көресін
Нұр сипатты бикештің
Кеудесіне мінесің,
Шытырасы алтын көйлегін
Басына таман түресің».
Сонда Қорын сөйлейді:
«Ау, жеңеше – ау, жеңеше - ау!
Мінгенде атың құла ма
Алтыннан жүзің бұра ма,
Біреу жарлы, біреу бай
Бәрін де құдай қыла ма?!
Тимесе Жібек тимесін,
Сандал көкті сұрама,
Тимесе Жібек тимесін
Сандалды сұрап күймесін!
Ерлер мінер тұлпарды
Әйелдер мінер болар ма?»

43
Қалмақ атын бермеген соң жеңгесі ыза болып Жібекке жылап келеді.

«Өзім барайын, өзім барсам тұлпарды мінермін», — деді де қасына он бес қызды ертіп, қалмақ Қорымға кетті. Жолшыбай көңілім көтеріңкі, құдай тілегімді берер, қалмақтың кеудесін басар деп ырым қылды, жаңа да қасындағы қыздарға жездеңізбен жақсылап ойлаңдар деп айтып қойды. Салтанатпен келген Жібекті көрген соң Қорынның есі кетті. Балдызы мас болды. Қыздар айнала отырып жездесімен ойнай бастады.

Қорынның онан жаман есі кетті.

Сонда Жібек «Сұратқанда атынды неге бермедің?», — деді. Қорын айтты: «Мен келгелі екі ай жарым болды. Сонан бері маған бір көрінбегеніңе өкпелеп бермеп едім. Енді қайсысын аласың?», — деп. Жібек сандал көкті мінемін деді. «Екі тұлпарымның екі бөлек ер тоқымы бар, өз ері болмаса өзге ер тұрмайды. Тұлпарды өзім ерттеп берейін деп қалмақ сыртқа шықты. Қалмақ тұлпарды ерттеп жатқанда Қорынның төсегінің астында тығулы жатқан он бес құлаш ақсемсерін Жібек алып ішінен беліне байлап алды.

44
Атқа мініп анадай жерге шыққан соң Жібектің көңілі тасып кетіп қалмаққа қарап айтқаны:
Атаңа нәлет хан Қорын,
Хандығың сенің қайда бар?!
Алдаумен бердің атты әрең!
Тәңірі берсе қолыма
Жерге бір таптар едім!
Сандал сондай тұлпарын.
Қанаты алтын қара қазың
Иә, сенікі, иә менікі!
Тұзымды құдай көтерсе,
Мұнда жоқ сенің тең парың!
Атаңа нәлет, қу Қорын
Ұғып тұрғыл сөзімді,
Ұлық біліп сен тұрсың
Осы күнде өзіңді.
Ертең бағым тәңірі ашса
Қарға, құзғын сыбаға
Шоқдырамын көзіңді.
Атаңа нәлет, қу қалмақ,
Тұрмайын сенің қасында,
Аламын деп келіп ең
Адырайып басында.
Тоба еттім Құдая!
Кінекершілік асыға.
Әуелде амалсыз
Үкіміне көнгенмін,
Тілеуді құдай бергені
Сандал көкті мінгенім.
Ит қалмақ көзің ағарды
Ақымақтық деп білмейсің
Ажалыңның келгенін!!
Тоба қылдым Құдая!
Қаталық сөзім кешіргіл,
Жүзіне нәлет кәпірдің
Шырақ отын өшіргіл.
Тоба қылдым жан Алла,
Тәуекел қылдым өзіңе,
Не қылсаң да өзің біл.

45
Мұнан соң, тұлпардың етін қыздырып алайын деп олай-бұлай орғытып шапты. Еті қызған соң тұлпар алып қашып шығып кетпесе игі деп қауіптеніп Жібекке шаппа деп айтайын деп жаңа семсерін алайын деп Қорын қаз мойынды қара тұлпарды ерттеп мінді де Жібекке қарай жүрді. Келе жатып Қорынның айтқан сөзі.

Иә, пірім - ау, иә пірім!
Байқадың ба боз бала
Қыз Жібектің ғапылын
Көк сандалды жүгіртер
Қыз Жібек менің қатыным,
Басы қатты сандал көк
Тастап кетіп жүрмесін
Айналайын, Жібек - ау
Ақырын шапшы ақырын...

46
Қорынның бір іспен келе жатқанын білді де ойлағанын ұмыттырып жіберейін деп алдына қарсы келді де Жібек айтты. «Ай, тақсыр, неше атаңнан бері хансың? Хан болған өзің бе, иә арғы атаңнан бері хансың ба?» деп.

Қорын «Жеті атамнан бері ханмын» деді. Жібек айтты: «Сен хан болмай жерге кір. Бойында биттей бектік жоқ! Сен шын дегдар хан болатын болсаң, мен сенін қатының болатын болсам, күл - қойшыға ұқсап қош жөнегені менің қасыма неге келесің? Бұл жерде тұрмаңыз, ілгері барып шатырыңызды тігіп жатыңыз, біз көшпен бірге барамыз», — мен сенің қасында жүрмеймін.
Мына тұлпардың еті қызса басын алып қашатын еді, әшейін соны айтайын деп келіп едім, және де семсерімді өзіме бер, — деп, Қорын жауап қайырды. Жібек айтты: — Міне, сенің ақымақтығың, бізді кешіктірмей жөнелтсін деп, мен елдің көңілін сескендірейін деп жүрмін. Түнегіден бері өз ақылыңмен біттің ғой.

Енді менің ақылымды істе, жүре бер. Қалмақ нанды да: — Жарар, мен ілгері барайын, екінтіден қалтырмай атымды өзіме тапсыр, — деді де жүріп кетті.

47
Кетейін деп тұрып Жібек артына қараса, кіші жеңгесі Жібектің сәукелесін киіп бара жатыр екен. Қыздың кезі қызылда деген ғой, дүние шіркін қандай, Жібек салып отырып жеңгесіне келеді.

Асу да асу бел деді.
Аса бір соққан жел деді.
Айналайын, жеңеше - ау,
Бері таман кел деді.
Мен бір жауап айтайын,
Бұл сөзімді біл деді.
Басындағы сәукеле
Алып маған бер дейді.
Ақыры ертең киемін,
Бүгін кешке киейін.
Жарасар ма екен жеңеше - ау,
Өз көзіңмен көр деді.
Қыз Жібектің бүл сөзін
Жеңгесі мақұл көреді.
Басындағы сәукеле
Жібекке алып береді.
Қолына Жібек алады,
Асыл кәукер тастарын
Бытырлатып үзіп ап
Жан қалтаға салады.
Атының басын бұрады
Қашығырақ тұрады.
Айтуға бармай ауызы
Сонда бір Жібек жылады.
Жылап тұрып сөйледі:
«Айналайын жеңеше - ау,
Мінезің еді өзгеше - ау
Сапар тарттым алысқа
Барасың қайда демеші - ау?!
Жаратқан бәрімізді Алла тағалам
Қолында молдалардың дауыт қалам.
Пәруәрдігар жар болса,
Алыс жол барамын
Айтыңыз ата-анама дұғай сәлем
Тұзымды құдай көтерсе,
Ниет қылдым алыс жол.
Мұндай істі қылмас ем,
Қорын қалмақ алғалы
Қамап жатыр қалың қол.
Көп кешікпей кетейін
Ел-жұртқа дұғай сәлем де,
Жеңеше - ау, өзің аман бол».
Жеңешесі сонда сөйледі:
Айналайын, бикеш жан,
Мінгенде атың пырағың,
Қалай талап қылсаң да
Ашылсын сенің мұратың.
Бағынды құдай ашқан деп
Кәпірдің көңілін басқай деп.
Мұсылманға қосқай деп,
Ертенді-кеш құдайдан
Зар қылып мен да сұрадым.
Маған жайынды айта кет
Барасың қайда шырағым?
Жібек сонда сөйледі:
Тұлпар мініп астыма
Асындым алмас беліме.
Тұлпардың қалған тұяғы
Сансызбай іздеп келіпті.
Тілекті берсе құдайым
Қосылайын деп тұрмын.
Басында қосқан теңіме
Барайын деп мен тұрмын.
Жеңеше - ау, қайтіп көнемін
Қу кәпірдің кіміне?
Жеткізсе құдай мұратқа
Қалмақтың көзі ағарсын
Нан пісіп тұрған деміне
Талап қылдым жеңеше - ау,
Осылай қиял қылмаққа.
Тұлпар мініп жол тарттым
Басымды жолға салмаққа.
Тәуекел қылдым Аллаға!
Қайтіп қатын болайын
Құдайымның дұшпаны
Нәсілі жаман қалмаққа.
Дінсіз жауды кез қылып
Басында Жібек атанып
Кәпірге қатын болғаным
Есіткен жұртқа әлемет.
Ақ сүтін кешсін анамыз,
Разы болсын атамыз
Ел-жұртқа дұғай сәлем де
Жеңеше болғыр сәлемет!
Мұнан кейін Қыз Жібек
Басқа сөздер демеді:
Атының басын бұрады
Уәде қылған қара ағаш
Бетін соған жөнеді.
Кетерін анық. білген соң
Аттың басын бұрған соң
«Сансызбайға сәлем» деп,
«Қош - аман бол, бикеш» деп
Жеңгесі тұрып жылады.

48
Жөнеді, Жібек, жөнеді.
Шеге менен Сансызбай
Ағашқа шығып екеуі
Қарауылдап тұрады.
Келетін Жібек қарасын
Сансызбай Шеге көреді.
Табан жолмен тартысып,
Ауыздықпен алысып,
Ұшқан құспен жарысып
Майдай мойнын созады.
Тарта - тарта Жібектің
Алақаны тозады.
Томаша жерден сырғытып,
Ойпаң жерден орғытып,
Әне-міне дегенше,
Ашып көзді жұмғанша
Сансызбай мен Шегеге
Ұйытқытып саулап келеді.
Жомарттықпен бас дескен
Бір Алланың досы деп,
Бұрынғы жолы осы деп,
Атынан түсіп Қыз Жібек
Шегеге сәлем қылады.
«Ашылсын багын, балам» деп.
«Тәңірі болсын панаң» деп
Ер Шеге бата береді.
Жетелеп атын жаяулап,
Маймаңдап қаздай баяулап
Сансызбай сынды баланың
Қасына Жібек келеді.
Бірін-бірі көрген соң
Шүкір қылып Аллаға
Енді атына мінеді.
Екеу еді үшеу боп
Алла деп елге жөнеді.
Елге қарап шу деді.
Өңкей тұлпар мінгені
Соққан желдей гуледі.
Шапқанда Жібек озады,
Сансызбайға жүр деді.
«Жете алмаса өз атын
Сандал көкті мін» деді.
Ар көріп бала бойына
Жібектің атын мінбеді.
«Жүре бер Жібек, жүре бер.
Мінетін жерге құдайым
Жеткізсе біздей тарыпты,
Мінермін сонда шын» деді.

49
Ақшам намаз болғанда Қорын атымды беріп жіберсін деп Сырлыбайдың ауылға кісі жібереді. Бұлар «атты білмейміз» деді: Жібекті іздеп таба алмады. Жібек те ат та жоқ болып шықты. Сырлыбайдың ауылы Қорын Жібекті атымен еліне жіберген екен деп ойлады. Шынын айтса да болады ғой «Біз оған не қыламыз? Атын сұрап бізді әуре қылмаса да болады ғой», — деді. Бұл сөзге Қорын ашуланды. Әскерін жиып, Сырлыбайдың ауылына келді.

Кеш болған соң хан Қорын,
«Қайда деп?» атын сұрады.
Бұлар солай деген соң
«Атымды шапшаң тапқын» деп,
«Тауып берсең атымды
Тыныш ұйықтап жатқын» деп,
«Атым менен Жібекті
Қазір тауып бермесең
Қайратыма баққын» деп
Жиып алып әскерін
Қаһарланып қу қалмақ
Айғай салып ақырып,
Қораға келіп тұрады.
Зәһерінен қорқып қалмақтың
Қатын менен баласы
Ел-жұрты шулап жылады.

50
Сырлыбайдың өзі қалмақ пен сөйлесуге намыстанып, Қаршығаны жұмсады: «Сен барып Қорынмен сөйлес, жай - мәнісін түсіндіріп қалмақты бас» деді.

Осы жүрген Қаршыға
Жауапқа шешен ер еді.
Әрлігінің белгісі
Қаһарланған қалмаққа
Іркілмей жетіп келеді.
Жан батпаған кәпірге
Сөзбен жауап береді.
Мен айтайын бір жауап
Сөзімді тақсыр тыңдаңыз!
Әйтеуір әлім келер деп
Қисынсыз қаһар қылмаңыз.
Жасырған болсақ Жібекті
Сонан соң тақсыр шындаңыз,
Ашуыңды басыңыз,
Қосыңа барып түсіңіз.
Алып қашып кеткенді.
Тұлпар ізі жоғалмас,
Далаға ізін кесіңіз.
Жасыра тұғын Жібекті
Бар ма еді елде қасыңыз?
Мың кісіге барабар!
Бір өзіңнің, басыңыз!
Хандығыңда мінін жоқ
Өзіңіз тақсыр ойлашы
Дұрыс па қылған осыңыз?
Хан болсаң да тақсыр айтайын
Әйелге тұлпар мінгізген
Өзіңнің иттік насыңыз.
Жібектің аты ұрғашы!
Тұлпардың сырын білесің.
Біле тұрып әйелге
Тұлпарды неге бересің?
Өзін беріп атынды
Елден неге кәресін?
Катты айтуға батпаймыз
Ел билеген төресің!
Өз мініңді ойламай
Тентектік қылып күйеужан
Алмағын елдің зәресін!!»
Сонда Қорын «әуелден неге осылай деп айтпайсыз Жібекті өзі еліне жөнелтіп жіберіп бізден сұрайды» дегеніне ашуланып едім. Шапқан уақытта сандал көктің ізі ошақтай болып қазылып қалады. Атымның ізін өзім танимын» деді де қосына қайтып кетті.

51
Тан, сарғая қалмақтар атына мініп із қарады. Жұртқа барғанда тұлпардың ізін тапты. Мойын асуға барғанда аттың ізі төртеу болды. Жібектің біреумен қашқанын қалмақтар білді. Қорын әскерін екіге бөлді. Мың жеті жүз кісіні қууға шығарды. Қалған әскерді қуғыншы қайтып келгенше жата беріңіз деп тастап кетті. Бастығы Қаршыға болып қазақтан жиырма кісі басшы алды. Алты күн қуып жете алмаған соң Қорын жалғыз қуды. «Мен барып жауды түсіріп өлтіре тұрайын. Жолда түсірсем сендердің алдарыңнан шығармын. Еліне барғанша жеткізбесе елдің шетіне барып түсіп іздерді күтіп жатармын. Борқым бақыш болғанда шауып қайтармыз» деп

Қорын Жібекті қуып жөнелді.
Жөнеді қалмақ жөнеді.
Шеңбер ұрып келеді.
Көк қабандай арсылдап,
Тебінгісі тарсылдап,
Құйысқаны сартылдап,
Сауырынан аққан ақ көбік
Омырауда былшылдап,
Қаз мойын қара тұлпарды
Сауырға сипай қамшылап
Сауырынан аққан тер
Көктен құйған тамшыдай
Борбайынан тамшылап
«Шу десе қалмақ дауысы
Түлек құстай саңқылдап
Кәпір қалмақ жөнеді
Қаһарланып келеді.
Дәл он бір күн болғанда
Сансызбайдың қарасын
Қорын қалмақ көреді.
Келетін кәпір қалмақты
Күндік жерден қарасын
Жібек бір болжап біледі.
«Кәпір қалмақ жетті» деп,
«Басыңнан дәурен өтті» деп,
Сансызбай менен Шегеге
Жібек бір хабар береді.
Толғана мойын бұрады.
Алладан дәрмән сұрады.
Жібек пенен Шегені
Ілгері қарай жөнелтіп
Келетін қалмақ кәпірдің
Жолын тосып Сансызбай
Көлденен тартып тұрады.
Өзі ілгері барған соң
Жау бетіне жас бала
Жалғыз тұрып қалған соң,
Мұңды болған Қыз Жібек
Бір төбеге барады.
Құбыла жаққа қарады.
Көк сандалдың шылбырын
Мойнына орап салады.
Бір құдайға зар етіп
Мінәжат қылып сол жерге
Қыз Жібек қылды наланы.
«Құдіреті күшті Құдая
Басымнан кетті сәулетім,
Жүзімнен кетті әуретім.
Сақтаған құдай коп екен
Маған деген дәулетің
Ажалым жақын таянып
Жетті ме енді нәубетім?
Бір сайқалдың жолында
Құртамысың құдая?
Бір бейшара жанның әулетін.
Әуелі қолда Құдая
Не пейілімнен тұтылдым?!
Қайтадан қолға түс болсам
Не болар менің сиқылым?!
Бір сайқалдың, жолында
Құртамысың құдая?
Бір бейшара жанның тұқымын
Бұлайша деп Қыз Жібек
Зарланып қатты жылады.
Көзінің жасын бұлады.
Мұңды болған Жібектің
Тобасын қабыл қылады.
Қылғаны қабыл емес пе
Аз кідірсең, қызығы
Арт жағында болады.

53
Сол уақыттар болғанда
Әне-міне дегенше
Айтып ауыз жиғанша
Сансызбайдың қасына
Қорын жетіп келеді.
Келіп сөйлей береді:
«Қарсы алдыңнан қарасам
Жасың кіші баласың,
Оттай қаулап жанасын!
Менің атым хан Қорын,
Неден үміт қыласың?!
Мен жайымды сөйлесем
Ақылыңнан танасың,
Жібек менің қатыным
Қай жаққа алып барасың?
Жібекті ілгері жіберіп
Мойыныңды маған бұрасың
Соғысатұғын кісідей
Көлденең тартып тұрасың.
Меніменен соғыссаң
Құдайыңа барасың.
Соғысар болсаң жөніңді айт
Не қылып жүрген баласың?!»
Сансызбай сонда сөйлейді:
«Қорын қалмақ сен болсаң,
Сансызбай бала мен едім.
Мен де өзіндей кен едім!
Жібек сынды жеңгемді
Елімнен іздеп келіп ем.
Жеңгемді танып алған соң
Медет тілеп Алладан
Еліме алып жөнедім
Артымнан келе жатқан соң,
Не қылып жүрген адам деп
Білейінші деп едім.
Мұсылман болсаң саған мен
Болайын жолдас деп едім
Нәсілің кәпір жау болсаң
Алла тізгінді оңдаса Жіберейін деп едім!!»
Сонда қалмақ сөйлейді:
«Асу да асу бел дейді,
Аса бір соққан жел деді,
«Әуелгі кезек менікі,
Соңғы кезек сенікі,
Бұл сөзімді біл» дейді.
«Қарсы алдыңнан қарасам
Жасың кіші жас ұлсың
Кезегімді бер»дейді.
Сансызбай атты жас қыран
Толғанда мойнын бұрады
Алладан пәрмен сұрады.
Қашатұғын қатын ба?
Кезегін беріп қалмақтың
Қасқайып қарап тұрады.
Атаңа нәлет қу қалмақ
Қорамсаққа қол салды,
Бір салғанда мол салды.
Садақты қолға алады,
Толықсып тұрған баланы
Толғап тартып атады.
Кіріден оғы кетеді.
Сансызбайға жетеді.
Тоғыз қабат сауыттың
Сегізінен өтеді.
Жыртыла жаздап сауыттың
Қатарланған жағасы.
Сансызбайдың жасынан
Қабыл еді тобасы.
Өтер еді мұнан да
Жібермеді бұл оқты
Қауыс, қажас, қырықшілтен
Болған екен панасы.
Бұрын жауды көрмеген
Сансызбай сонда жылады:
«Қор қылма деп кәпірге
Алладан пәрмен сұрады.
Рақым қылса бар құдай
Пенденің несі құрайды.
Құдіреті күшті құдайым
Бір өзіңе жылайын.құдайым,
Көргенім жауды осы еді.
Қайратымды сынайын
Құдіреті күшті Құдая,
Батар күнмен батайын,
Қалмақты мен де атайын.
Рақым етсең, я Алла
Қу қалмақты өлтіріп,
Қызығына батайын.
Мен құлыңның кешіргіл
Пазлын бірлен я Аллай
Ғасылық өткен қатайым»!
Бұлай ата толғап Сансызбай
Қорамсаққа қол салды,
Бір салғанда мол салды.
Садақты қолға алады,
Толықсып тұрған кәпірді
Толғап тартып қалады.
Зыпқырай оғы кетеді,
Қалмаққа таман жетеді
Көкірек қысқан көбеден,
Қарамаулы қауыл жебеден
Зырлауменен өтеді,
Мұнан да өтіп кетеді.
Бір төбеге жетеді,
Ой орныңдай бір жерді,
Төнкере тастап кетеді.
Оқ тоқтаған кезінде,
Қорын аттан құлады.
Туы қолдан ұшады.
«Лайла малок» деп
Бәлем қалмақ сұлады.
Жығылған соң. қалмақтың
Қасына жетіп барады.
AT үстінен қылышпен
Денесінен жұда ғып
Басын кесіп алады.
Қаз мойын қара тұлпарды
Жетегіне алады. «Тоқтағын,
Жібек, тоқта» деп,
«Менде көңілің жоқ па?» деп,
Айғай салып Сансызбай
Жібекке атой береді.
Атой беріп жүргенде
Шеге мен Жібек көреді.
Қуаныш қылып тұрғанда
Сансызбай жетіп келеді.
Шүкір қылып Аллаға
Кәпір жаудан құтылып,
Бір неше күн жол жүріп
Еліне аман келеді.
Ата-анасын қуантып
Қырық күн ұдай той қылып
Сансызбай Жібекті алады.
Сипатын көріп Жібектің
Ел-жұрты қайран қалады.

54
Бар Құдай әр пендеңді өзің онда,
Айналды жұлдыздары енді оңға.
Түс көрді Жібек түнде ұйықтап жатып
Айтады Сансызбайға тұрып сонда.
«Түсімде бір топ қарға көрдім» деді.
«Соңынан бір тұйғынның ердім» деді.
«Тұйғын қырып салды көп қарғаны,
Қызығын тамаша қып тұрдым» деді.
«Қалмақтың көп әскері келеді екен,
Құдай біздің тілекті береді екен
Қарға қырған тұйғының мен екенмін,
Келген қалмақ бәрі де өледі екен».
Мұны айтып Сансызбай жұртын жиды
Әзетке құдай үшін жанын қиды.
Сансызбай жұртын жиып алған шақта
«Көп әскер келді» деген хабар келді.
Сансызбай көп қалмақтың бәрін қырып
Өлігін жота-жота қылып үйді.
Қаршыға екен басшысы мұсылманның,
Панасы патша құдай қысылғанның.
Мұсылманнан бар екен жиырма адам,
Оларға ымғам ақсаң қылды сыйды.
Қаршыға екен басшысы мұсылманның
Панасы патша құдай қысылғанның
Қыдыр дарып, бақ қонды Сансызбайға
Ешбірін жібермеді ұсынғанның
Әскерден Қаршыға озып жүрген екен
Қорынның сонда өлгенін білген екен.
Өзімізді өлтіріп кете ме деп,
Көрсетпей қалмақтарды бұрған екен.
«Ханымыз қуып кетіп барады» деп
Қаршыға қалмақты алдап ұрған екен.
Еліне Базарбайдың алып барып
Ақыл мен осылай қып қырған екен.

56
Сансызбай Қаршығаны бір неше күн қонақ қылып сыйлады, елінен екі мың әскер жиып алып, Қаршығаны басшы қылып Сансызбай Жайыққа аттанды. Сырлыбайдың ауылында хабарсыз жатқан көп қалмаққа түнде келіп тиді. Көбін атына мінгізбей қырды. Таң атқан соң амал қылатын бастығы жоқ кеп қалмақ еліне қашты, қазақ қуды.

Сансызбай артынан қуып берді,
Қолға түскен қалмақты қырып берді
Қалмақтың бес мың қолын бәрін қырып
Қызыл қанға бояды қара жерді.
Мұсылманды дұшпаннан айырып алған
Жігіттер тамаша қыл мұндай ерді.
Бақ берді жас балаға патша
Құдай, Мұсылманның болып тұр көңілі жай.
Қалмақты әбден қырып бітірген соң
Қайныңа келді қайтып ер Сансызбай:
Басшысы Сырлыбайдың өзі болып,
Алдынан шықты елдің бәрі шулай
Оңаша бір отауды салып беріп,
Қызмет қып сыйлай тұрды екі айдай.
Еліне екі ай жатып жүрді деді.
Қызметін қайын жұрттың көрді деді.
Сексен малды толтырып жасау артып
Бес жетім алтын отау берді деді.
Тоғыз жорға ат жабдықтап Жібек үшін
Қайын енесі қасына ерді деді.
Жібекті жаңа ұзатып берген болып
Еліне үш ай жүріп келді деді.
Еліне аман-есен келгеннен соң
Қайтадан қырық күндей той қылды дейді.
МҰНЫМЕН ҚЫЗ ЖТБЕК ТАМАМ БОЛДЫ
Көп қисса баспа қылдым мұнан бұрын
Пенденің Алла білер іште сырын.
Сауап, күнә екенін айта алмаймын
Кешіргін күнә болса жаппар кәрім.
Коп қисса баспа болып шықты бізден
Назым қылып шығардым насыр сөзден.
Молдалар оқысаңыз әр кітабын
Әрқашан құр қамаса дұғаңыздан.

Жүсіпбек Қожа





Пікір жазу