04.05.2021
  226


Автор: Ақгүл Тұрсынбай

Күз бен қыз

Күз бен қыз

Қараша күз...
Былтырғыдан бөлектеу, жаңаша күз:
Самарқау күн, солғын бақ –
Бәрі орнында,
Көрінбейді тек қана аласа қыз.

Сиқырлы күз,
Нөсеріңмен төпелеп ұйқымды бұз.
Жүрегімді тілімдеп паршалаған
Қайда кеткен, япыр-ау, сүйкімді қыз?

Жылайман күз –
Табиғатқа наз айтып мұңайған күз.
Күлім көзді бикештің күрең баққа
Оралуын тілейік құдайдан біз.

Қараша күз.
Сол баяғы, ып-ыстық тамаша күз.
Келе жатыр себебі, сылаң қағып,
Көптен күткен сүйкімді, аласа қыз.
Ей, күзгі бақ!
Өр кеуде екеуміз де
Сол арудың алдында аласамыз.





Пікір жазу