04.05.2021
240
Сөзкеміргіш
Сөзкеміргіш
Жанымдағы жақсы деген адам да
Жырақ кетсе неге аяң тасиды?
Қайтсем екен,керең болып қалам ба?
Іштарлығын көріп ішім ашиды.
Сырбілдірмес мәймөңкелеп күледі,
Қамқоршымдай табан асты өзгеред.
Ал, басқаға мен туралы үнемі
Өсек өрер, тіл құрғырға сөз керек.
Сөз кеміру-адамға тән қылық па?
Естіп қалам естімейін дегенмен.
Ей, адамдар, мынаны сен ұмытпа:
Өсекшінің ой-өресі сенен кем.