04.05.2021
  252


Автор: Ақгүл Тұрсынбай

Ғаламат




О, ғажайып ғаламым!
Өмірдің бар бейнетінен безініп,
Таусылғанда амалым,
Мен өзіңе кезігіп,
Нағыз бақыт бар екенін сезініп,
Мұңайып та, шаттанып та аламын.
Жүре алмаспын езгі мұңға езіліп,
Бар емес пе қорғап тұрған қамалым?!
Сенсің менің беттен өпкен самалым,
Сенсің күнім, көктен төккен жамалын.
О, ғаламат ғаламым!
Арқасүйер адамым!
Есігіңді аш, саған қарай барамын...

 









Пікір жазу