03.05.2021
374
Цемент
С.Сейтжановқа
Құм мен құмды кіріктіріп жалғайтын,
"Тас пен тасты біріктіріп қолдайтын,
Топтасуға жаны ғашық,
Үгілгеннің бағын ашып,
Тек тұтастық мүддесінен самғайтын
Құрылысқа арзан әрі тиімді,
Теңге ететін, қоңды ететін тиынды
Жаңа цемент ойлап таптың, жас ғалым,
Құрмет көргей құмға жазған дастанын.
Азаматтық санамыздан ғылым озса, не етерміз?
Аман тұрсақ, әлі талай жаңалыққа жетерміз.
Бірақ мынау ұлтымызды жауырыны құрысқан,
Бірлік емес, байлық үшін жұлысқан,
Бас басына би болуға тырысқан,
Қалай, қайтіп біріктірер екенбіз,
Қалай, қайтіп кіріктірер екенбіз?
Рухсыз бен ұлтсыздың бағы жанған заманда
Басымды ием, дәл осы іске цемент тапқан адамға!