03.05.2021
335
ҚАЛМАДЫ САРҚЫТ АРТЫЛЫП...
Торғайлық азамат Сұлтанғалиев Қуаныш қызмет бабымен Южный совхозына қоныс аударады. Оның жанұясы осы ауылда кәсіподақ комитетінің төрағасы болған Шағала Саматовтан босаған үйіне орналасады. Бірде осында сапармен жүрген Сағи Әбілхасенұлы нағашысының жаңа мекен-жайына құтты болсын айтуға барады. Оларға шағын дастархан жайып, дәм әкеледі. Соңында Сағи Қуанышқа арнап мынандай әзіл-оспағын тастаған көрінеді.
-Дәл шетінде елдің,
Жағасында көлдің.
Шағаланың ұясын,
Мекендепсің көрдім.
Жүруден әкең қалыпты,
Шешең әбден арыпты.
Дәміңнің дені картоп қой,
Ұмытыпсың ет пен балықты.
Құйған болдың жартылық,
Іше алмадым тартынып.
Ыдыстарың кішкентай-ай,
Қалмады сарқыт артылып...
қазақша әзілдер қысқаша Сағи Әбілхасенұлы анекдоттары Сағи Әбілхасенұлы әзілдері қазақша анекдот қазақша әзілдер сарқыт