03.05.2021
  354


Автор: Сағи Әбілхасенұлы

СӨЗІ СҮЙЕКТЕН ӨТКЕН БОЛАР

Әулиекөл ауылында тұратын Жолдыбай деген азамат Сәкең үйінен арақ дәметіп, күнде есік тоздырыпты. Ол бір сауыққанда көршісіне Сағи мына өлең шумағын ұсыныпты:
Белесі бар ма ішіңнің,
Арақтың түбін түсірдің,
Қалт - қүлт етіп құлаумен,
Бетіңді талай ісірдің.
Бірінің тілін алмадың,
Үлкен менен - кішінің,
Аулаң, аулаң жүр әрі,
Мазасын алмай кісінің.
Осы сөз сүйектең өткен болар, ол бүдан былай Сағидың үйінің маңайын баспайтын болыпты.





Пікір жазу