03.05.2021
  790


Автор: Сағи Әбілхасенұлы

ҚОЛТАҢБА

Алпыс жасқа толған балдызды Аман Молдахметқызына Сағи «Көңіл құсы» кітабын ескерткішке сыйлап, оның мұқабасының ішкі бетіне мынадай қол таңба қалдырыпты.
Айтқаныңды қолдаймын,
Қызысың сен Томайдың.
Балдызымсың сүйкімді,
Перзентісің Торгайдың.
Алдыңа апаң, ағаң бар,
Соңынан ерген қараң бар.
Бажамның әттең жоқтығы,
Көңілің соған алаңдар.
Әлі де сен, гүл дейсің
Ренжуді білмейсің.
Кемпір болдың дегенге,
Құдай біледі көнбейсің.
Теңіздей шалқы ортайма,
Жасара бер қартайма.
Кітабымды жиі оқы,
Жастық қойып жантайда.





Пікір жазу