03.05.2021
  237


Автор: Сағи Әбілхасенұлы

ҰМЫТЫП КЕТІПТІ

Қысқы соғымға үлкенді - кішіні шақырып дәм ауыз тигізіп, аруақтарға құран бағыштау халқымыздың қанына сіңген қасиет ғой. Сол дағды бойынша ауыл адамдары азамат Шәрменов Бабақайдың үйіне қарай бет алады.
Осы сәтте көшенің қарсы бетінен қосылған Жамалиев Нысанғали замандасын көріп Сағи:
Түгелбайдың бірі еді,
Күнде шеке жегені.
Шақырған үйге тағы да,
Ентелей басып келеді.
Қомағай сонша болудың,
Жоқ қой енді керегі.
Дәм аңдыған адамның,
Болмас елге беделі.
Қайырмасаң қарымта.
Ешкімнің жоқ берері.
Нысаным, еске ал осыны,
Сағидың болар дегені.
Осы алдын - ала жазылған әзілінен оның қолына ұстата беріпті.
Бірақ шекеге баратыңдардың қатарынан өзінің де қалмайтынын ұмытып кетіпті.





Пікір жазу