03.05.2021
293
ТІЛІНЕН ТАУЫПТЫ
Шеген ауылының Қарақұдық бөлімшесінің басқарушысы Баймұрат Тұрғынбеков қолы ашық, пейілі кең жан болған көрінеді. 1972 жылдың қысында Сағи жанындағы үш - төрт кісімен оның үйіне атбасын тірейді. Уақыт өте олардың алдына қазы - картасы мол ет те әкелінеді. Қонақтарға шампан құйылады.
Осыны пайдаланып Сағи нағашысы Баймұратты табанда әзілге алыпты:
Баймұрат білесің бе ар — ұятты ,
Бір ісің мені тағы қатты ұялтты.
Шампанның әйел ішер кімге таңсық.
Бар болса әкеліп құй конъякті.
Бұл сөз үй иесінің шымбайына батса керек, бөлімше дүкенін түн ішінде аштырып коньяк алдыртыпты.
Сөйтіп, Сағи ағамыз тілінен тауып, коньяк ішуге мәжбүр болыпты.