Ораза қабыл болсын. Рамазан айы мүбәрәк болсын!
Қазақстан жұлдыздарының рамазан айы мен оразаға құттықтау тілектері
Ерке Есмахан: Сүйікті Рамазан айы мүбәрәк болсын! Ұстаған оразаларыңыз қабыл болып, тілектеріңіз орындалсын! Елде орын алған жайсыздықтар енді қайталанбасын деп тілеймін! Ақтөбем жаққа алаңдаулымын… Рамазан айы тыныш, берекелі өтсін!
Қыдырәлі Болманов: Қасиетті Оразада тілек-ниеттеріңіз қабыл болсын! Бақыт-береке бергей. Ауыз ашар дұғаларыңыз, ауыз бекітер дұға-ниеттеріңіз қабыл болсын! Біз күні-түні үлкен жанұямызбен үлкен концертке дайындалып, Алладан абырой тілеп жұмыстамыз. Қасиетті оразамызда әрбір атқан таң қайырлы, тілек қабыл болғай!
Қарақат Әбілдина: Барша мұсылман ағайындарды келіп жеткен қасиетті Рамазан айымен құттықтаймын! Оразаларыңыз ұстаған қабыл болсын!
Мәдина Сәдуақасова: Рамазан айы құтты болсын, жамағат! Ниет қылып ұстаған оразаларыңыз қабыл болсын!
Сәкен Майғазиев: Ассалаумағалейкум, ағайын! Бүгін, яғни, маусым айының 5-нен 6-на қараған түні таң алдында ауыз бекітеміз. Рамазан – пенденің Жаратушысына жақындай түсетін уақыты. Осы мүмкіндікті әрбір мұсылман жіберіп алмауы керек. Шексіз мейірім иесі Алла тағала пенделігімізді, әлсіздігімізді кешіріп, отыз күн оразамызды қабыл еткей.
Айнұр Тұрсынбаева: Осы постты жазамын деп жүргенiме 2-3 күн болды, әйтеуiр қолым босамай қойды. Кешеден берi басым сынып телефонға қарауға шамам келмей қалды. Бүгiн жазбасам кеш болатынын бiлiп қиналсам да жазайын деп отырмын. Достарым, қасиеттi Рамазан айы да келдi, бұйырса бүгiн түнде ауыз бекiтемiз. Жалпы басқаларға қарағанда менiң оқырмандарым өте иманды. 80-90% оқырманым оразаны анық ұстайды.
Бұл пост оразаны ұстауға дайын емеспiз деушiлерге, қиналып қалам деп қорқып отырғандарға арналады. Ең алдымен, ораза ұстап өлiп қалған ешкiм жоқ, керiсiнше барлық ауру астан болады, ал кешке дейiн аш жүруге шыдамыңыз жетпесе сiз өте әлсiз адамсыз! Менiң бiр танысым дәрiгерлер ешқашан балаң болмайды, ұрықтарың өлiп қалған деген едi, кейiн қызды болды. Себебiн сұрағанымда отыз күн оразада бiр күн демалмай дұға жасадым, ораза бiте салып әйелiм бала көтердi деген болатын.
Кiмнiң жүрегi тыныш емес, кiмнiң жұмысы жүрмей жатыр кiм қиналып жүр, кiмнiң отбасында береке болмай тұр?! Бүгiнгi түннен қалмай ораза ұстасын! Еш дайындықтың керегi жоқ! Мен ораза ұстауға ниет еттiм, Алла барлық қиындықтан құтқар деп дұға жасаса болды! Бұл айдың қасиетiн мен сөзбен түсiндiре алмаймын. Әрбiр минутты пайдаланып қалыңыздар. Алла айтады, бәтеңкеге бау керек болса да менен сұра, мен барлық керегiңдi тауып беремiн, барлық дұғаңды қабыл етемiн дейдi, ал Рамазан айы барлық дұға қабыл болатын ай достарым.
Кәмшат Жолдыбаева: Құрметті, мұсылман қауымы! Ұстаған Оразаларыңыз қабыл болсын! Қасиетті Рамазан құтты болсын!
Кентал: Егер ренжіткен болсам, көңіліне келер сөз айтқан болсам, сыртыңнан ғайбат айтып тіліммен зиян келтірген болсам, осы бір қасиетті Рамазан айында кешіруіңді өтінемін. Мұсылман бауырым ретінде өзіңді жақсы көремін және Жәннатта да өзіңмен дос болғым келеді. Шын жүректен кешірім сұраймын!
Серік Ибрагимов: Оразаң қабыл болсын, ұстаған жан! Алла ізгі амалдарымызды, ниеттерімізді, дұға-тілектерімізді қабыл етсін! Әумин!
Қайрат Нұртас: Ассалаумағалейкум ағайын! Ұстаған оразаларыңыз қабыл болсын! Барлық мұсылман бауырларымыздың дұға-тілектері де қабыл болсын деп тілеймін!