02.05.2021
612
Сақып
Сақып деген бір жақсы кісі мал жинамай жүріп, ақырында әл кеткенде қатты кедейшілік тартып, бір күні етігі болмаған соң жалаңаяқ далада жүргенінде, аяқтарын тас жыртып ренжіңкірепті. Сөйтіп келе жатып, екі аяғы жоқ, ағаш балдақпен жүрген бір тіленшіге жолықты. Мұны көріп, Сақып аһ ұрып айтты дейді:
— Әй Құдайым, ренжігеніме тоба қылдым, шүкір саған, менің жүруге аяғымды аман сақтағаныңа, мынау балдақты бишараға жаңадан аяқ табылса, жалаңаяқ та болса жүріп жүруді дүниенің бір қызығы деп білер еді- ау, — деп.
Сақып шүкіршілік кедейшілік Ыбырай Алтынсарин Ыбырай Алтынсарин шығармашылығы Ыбырай Алтынсарин әңгімелері