02.05.2021
  1398


Автор: Ыбырай Алтынсарин

Қарға мен құрт

Қарға ұшып жүргенде жерде жорғалап бара жатқан құртты көріп, тұмсығымен тістеп алып ұшып кетті. Құрт байғұс істің жаманға айналғанын біліп:


— Әй, қарға батыр, әке-шешеңді де көріп едім, асқан жақсы құстар еді, — деді.


Қарға тәуір көріп, тұмсығымен «уһ!» деді.


—Апа-ағаларыңды да білуші едім, — деді құрт.


Қарға тағы «уһ!» деді.


— Бірақ соның бәрі де сенен жақсы емес еді, — деді.


Сонда қарға масаттанып «аһ!» дегенде, аузы ашылып кеткен соң, құрт жерге түсіп кетіп, құтылды дейді





Пікір жазу