02.05.2021
  1251


Автор: Ыбырай Алтынсарин

Қанағат

Әзірет Әлиден бір жұт келіп сұрады дейді:
- Толық байлық қайтсең табылады?
Әли айтты:
- Қанағат ете білсең. Қанша мал көп те болса қанағаты жоқ кісі байлыққа жеттім деп тоймайды; қанша мал аз да болса барына қанағат ете білсе, бұл адамның көңілі жайлы, тынышырақ болады; - соның үшін Әзірет Әли,- байлық - қанағатта,- дейді.





Пікір жазу