02.05.2021
  1549


Автор: Ыбырай Алтынсарин

Асыл шөп

Злиха мен Бәтима деген біреудің қызметінде тұрған екі қыз бала төбесіне бір-бір жәшік жеміс көтеріп қалаға келе жатыпты-мыс. Злиха ахылап-ухілеп шаршадым деп, Бәтима күліп, әзілдесіп келе жатады. Сонда Злиха айтты:
- Сен неге мәз болып қуанып келесің, төбеңдегі жәшіктің ауырлығыда менің басымдағыдан кем емес, өзіңде менен күшті емессің?
- Мен жәшігімнің ішіне ауырды жеңілдететін бір шөп салдым деді Бәтима.
- Ай, ондай болса шөбіңнің атын айтшы, мен де ауырымды жеңілдетейін деді Злиха
- Ол шөп сенің қолыңа түспей ме деп қорқамын, аты: сабыр деген екен.





Пікір жазу