02.05.2021
  433


Автор: Шырын Мамасерікова

Жалған дүние

Жалған десе дүние жалған екен,


Адам Ата, Нұқтан да қалған екен.


Таусылғанда дәм-тұзы Мұхаммет те,


Жер бесікке жамбасын салған екен.


Көрінеміз өлместей тірі кезде


Денің сау да, мансабың ірі кезде.


Бірақ, бірақ Тәңірден жарлық жетсе,


Үзіледі тіршілік жыры лезде.


Атақты хан, қолбасшы, батырлар да,


Таңдайынан бал тамған ақындар да.


Мойынсұнып Аллаға бағынады,


Қақпасына ажалдың жақындарда.


Ұрпағыңа мәуелі бақ қалар ма,


Әлде өртеніп орманың тапталар ма.


Көзін жұмар өкініш уын жұтып,


Қайта келмес сапарға аттанарда...





Пікір жазу